Коммуникация



Pdf көрінісі
бет222/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

20 О. 
Akhmanova,
R.F.  Idzelis.
  What is the 
English We  Use?  Moscow, 
1978.
21 
И.М.  Магидова.
 Теория 
и  практика  прагмалин- 
гвистического регистра 
английской  речи. Докт. 
дисс.  М.,  1989.
very  economically  disadvantaged  [экономи- 
калың турғыдан  қысым  көрген]  сөзі  қолда- 
нылған.
Үш  лақ  туралы  ертегіде  ең  кішкентай 
лақ  (the  smallest)  төмендегідей  сипат- 
талған: this goat was the least chronologically 
accomplished  of  the  siblings  and  thus  had 
achieved the  least superiority in size  [бул лак, 
өзге  ағайындарымен  салыстырғанда  хро- 
нологиялык, турғыдан  дамуы тежелді,  сөй- 
тіп  қажетті көлемге жете алмады]».
Күлбикенің  ұсқынсыз  әпкелері  diffe­
rently  visaged  [сымбаты  стандартқа  сай 
емес],  ал  әдемі  Ақшақар  «бағаламау» 
заңымен  -   understatement:  not  at  all 
unpleasant to look at [көрер көзге сүйкімсіз] 
деп  аударылды.  Эрине,  Қызыл  телпектің 
себетінде саяси тұрғыдан  қате самсалар мен  майлар болған жоқ.
Онда  Қызыл  телпек  әжесіне  түсіндіре  кететін  a  basket  of  fresh 
fruit and  mineral water, себетте жеміс-жидектер мен минерал сулар- 
дың болуының өзі түсінікті:  Red  Riding Hood  entered the  cottage  and 
said:  «Grandma,  I  have  brought you  some fat-free, sodium-free snacks» 
[Қызыл телпек үйге  кіріп:  «Әже,  мен  сізге  майсыз,  натрийсіз самса­
лар әкелдім» деп дауыстайды].
Тілді дамытудың бағыты  ретінде саяси  қателікке бой ұрмау көп- 
теген  сауалдар  мен  күмәнді,  сынды  тудырды.  Әрине, тілде  стилис- 
тикалық  бейтарап  «қорықтарды»  жасау  сөздердің  жаңа  коннота- 
цияға  ие  болу мүмкіндігін  арттырады,  бул  үнемі  жағымсыз  сипатта 
белең алып  жатады.
Халықаралық  дәрежедегі  советтік  лингвист  профессор  О.С.  Ах- 
манованың лингвистикалык,  мектебінде  осындай  эксперимент  жа- 
салған еді.  О.С.  Ахманова  мен оның шәкірттері (осы жолдардың ав­
торы  мен  де  шәкірттерінің  бірі  болғанымды  мақтанышпен  атап 
өткім  келеді)  лингводидактикалык,  және  лингвопрагматикалық 
мақсатта  ағылшын тілінің «The  English  We  Use»  оқулығының  нусқа- 
сын  жасап  шықты.  Бул  нусқаулықтағы  кейбір  ерекше  нәтижелер 
О.С.  Ахманова  мен  Р.  Идзелисаның  «What  is  the  English  We  Use?»20 
атты  кітабында,  И.М.  Магидованың21  докторлық  диссертациясын- 
да,  өзге де  көптеген  диссертациялар  мен  Ахманованың лингвисти­
калык мектебінің ғылыми  мақалаларында  пайдаланылды.
Зерттеу  пәні  ағылшын  тілі  -   шет  тілі  ретінде  екі  түрде  усыны- 
лады:  1)  The  English  We  Speak  About,  яғни  ағылшын  тілін  үйрену 
машығына  (recognition  skills)  -   оқу  және  оқығаныңды  қабылдай
270


білу машығына  бағыттау;  2)  The  English  We  Use-сөйлеу  (production 
skills) машығын дамытуға бағытталған ағылшын тілі -  жазу және сөй- 
леу. Ағылшын тілі  оқулығының бул  нұсқасының (И.М.  Магидованың 
терминологиясы  бойынша,  прагмалингвистикалық  стиль)  негізінде 
модельденген мәтіндер жатыр.  Модельденген мәтін дегеніміз-ше- 
телдік тіл  үйренуші  көшіруге,  жаттауға  және  пайдалануға  келмейтін 
ғылыми принциптер бойынша жасалған  мәтін; ондағы әрбір сөз, әр- 
бір  сөз  тіркесі,  әрбір  грамматикалық  форма  (ауызша  түрде  -   әрбір 
дыбыс)  -  үлгі  ретінде  берілуі  керек,  яғни  қазіргі  заман  нормалары- 
ның формасы тұрғысынан таза әрі дұрыс ұсынылған тіл.
Тілдің  жоғарыдағы  негізгі  екі  «түрі»  -  біздің сөйлейтін  тіл  тура- 
лы  және  сөйлейтін  тіліміздің  екі  түрлі  қызметтік  стилін  (көркемдік 
және ғылыми),  сондай-ак, тілдің ең маңызды  функциясы -  эсер ету 
мен  ақпараттандыруды  көрсетеді.
The English We Use, «біз пайдаланатын ағылшын тілі»-ағылшын 
тілін шеттілі ретінде үйретуге арналған оқулықнұсқасы, стилистика- 
лык тұрғыдан  бейтарап,  ғылыми түрде  сүзгіден  өткен,  шетелдіктер 
үшін  «қауіпсіз» оқулықтардың тілі, лингафон  курстары т.т. тілді  бел- 
сенді  игеруге,  тілдің  ауызша  және  жазбаша  дағдыларын  дамытуға 
бағытталған.  70-80-жылдары  ММУ-дің  филология  факультетінің 
ағылшын  тілі  кафедрасы  тілдің  осындай  әртүрлілігіне  арналған 
жалпы  филология  мен  лингвистика  бойынша  көптеген  ок,у  құрал- 
дарын  басып  шығарды.  Саяси  әдеп тұрғысынан  бул  идея  өте дурыс 
әрі  игілікті,  ғылыми  негізделген  іс  болған  еді  (біз  мықтымыз,  сой- 
лей аламыз дей тура, білгенімізді сөйлеуде қолдана алмай қалатын 
ыңғайсыз  жағдайларға  тап  болмас  үшін  ағылшын  тілін  арнайы  үл- 
гімен  үйрену  керегін  түсінуіміз  қажет болды).  Бірак,  қорың-қоршау- 
да  қалған  қолданыстағы  тіл  шекаралардың  быт-шытын  шығарды. 
Стилистикалык,  тұрғыдан  таңдалған  бейтарап  фразалар  кафедра- 
ның  қупия  кілт  сөзіне  айналып,  коннотациясын  әр  саққа  жүгіртті, 
оларды  пайдалану  белгілі  бір  мақсатты  көздеді,  сөйтіп  жиі  күлкіге 
ушырап отырды.
Мәселен,  «the problem  has not received all the attention it deserves» 
[мәселе  қажетті  деңгейде  зерттелмеді]  секілді  бірдей  жаттанды 
ырғақпен айтылатын негізгі фразалар күлкілі естіліп, құпия, жалпы, кілт 
сөзге айналып, көңіл  көтеру объектісі болды. Алайда  біз таңдап  алған 
идея дұрыс еді. Сол себепті де, ол идеядан бас тарта алмадық, бас тар- 
туды усынып та отырған  жоқпыз.  Бул оны  модификациялауды,  бірша- 
ма  икемді  түрде  пайдалануды,  лексиканы  «қорықтың»  ңатал  қорша- 
уына тықпаламай, жаңа формаларды енгізуді тым жылдамдатпай,  кез 
келген мәселенің шет-шегін ойлай отырып енгізу қажеттігін сезіндірді.
Тілдің  саяси  әдебі  жеке  тұлғаның  құқығы  мен  қадір-қасиетін 
қорғауға  бағытталған. Сондықтан да  адамзаттың әртүрлі шектен тыс


санасыз  әрекеттерін  тілмен  әдіптеп  немесе тілдің лас,  ащы,  шіріген 
өнімнің әдемі орауышы болуына жол бермеу керек. Саяси әдептілік- 
ті  кінәлаған  мұндай  мәселелер  қоғамдык, және ғылыми  баспасөзде 
қалыптасып  үлгерді.  С.С.  Аверинцевтің сөзінше,  Умберто  Эко  саяси 
әдептілікті бүгінгі толеранттықтың қас жауы деп есептейді.
Саясаттың,  экономика  мен  мәдениеттің  барлык,  күш-жігері 
бағытталған  батыс  идеологиясының  негізі  -  адамның тұлғалық  қа- 
сиетіне  деген  түрақты  ынта-ықыластың  нәтижесінде  ағылшын  тілі 
орыс  тіліне  қарағанда  (мынаны  қараңыз!)  мейрімдірек,  сыпайы- 
рак, және адами  қасиеттерге толы.  Ресейдегі  индивидуализмді  (бұл 
сөздің өзі орыс тілінде жағымсыз коннотацияға ие) жоққа шығарып, 
коллективизмді  әспеттейтін  идеологиядан  өзге  нені  күтуге  бола- 
ды?! Орыстілі адамгершілік негіздері және жекелеген адамға деген 
сезімге толы  ңарым-қатынасты білдіретін  сөздермен  әуреленбейді.
Менің  құрдасым,  әріптесім,  АҚШ-та  тарих  пәнінің  профессо- 
ры  Питер  Запп  белгілі  бір  жасқа  жеткенде  қол  жеткізген  жетістігі  -  
«көп жылдык, еңбегі үшін»  көптеген  моральдык, және материалдык, 
жеңілдіктер беретін golden  passport -  «алтын  паспортқа»  ие болды. 
Ал  мен  55  жасымда  соған  ұқсас  қүжат,  яғни  зейнеткер  куәлігін  ал- 
дым. Оның бірінші  бетінде бұл  құжатты  алуға  ниеттілерді  ынтықты- 
рады  деген  шығар  «зейнетақы  кәрілікке  жеткені  үшін  берілді» деп 
жазылған.  Бұл  қужат  маған  біраз  жеңілдіктер  берсе  де  (мәселен, 
Мәскеуде  қоғамдық  көлікте  ақысыз  жүре  аламын),  ондағы  саяси 
сыпайылыңтың болмауы,  мәселені төтесінен дүңк еткізіп  қойып  қа- 
луы  менің көңіл  күйімді  көпке дейін жабырқатып жүрді.
Тағы  бір  мысал.  ММУ-де  қызметкерлердің жалақысы  мен лауа- 
зымдары  цайта  қаралып жатты. Осы  науқанның нәтижесінде, ММУ- 
дің  тарих  факультетінде  аға  редактор  қызметін  атқаратын  менің 
әріптесім  «үшінші  дәрежелі  тарихшы»  санатына  өтіп,  жалақысы 
өсті.  Бірақ  жалақысының  артуы  оны  тыныштандырмады:  жаңа  са- 
наттың  дұрыс  аталмауы  («үшінші  дәреже»  «үшінші  сорт»  секілді 
естілді) оны жылауға дейін жеткізді.
Ағылшын тілі  адамды  ренжітпеу жағын  көбірек  ескереді.  Анто­
ним  сөздердің  «жағымсыз»  сыңарларынан  бойын  аулақ  ұстайды: 
good -  bad  [жақсы -  жаман],  present -  absent  [бар -  жок,].  Ағылшын 
тілінің  өте  ертеден  келе  жатқан  белгілі  мектебі  International  House 
тіл  үйренушілердің жазбаша  жұмыстарын тексергенде good  сөзінің 
антонимі ретінде күткендегідей bad сөзі кездеспеген, керісінше, bad 
сөзінің орнына to think about [ол туралы ойлау] сөз тіркесі жазылып, 
одан  кейін  барып  жұмыстың  кемшіліктері  тізілген.  Ағылшын  тілін 
үйрету  секілді  психологиялық  нәзік  дүниеде  үйренушілер  үйрену 
пәнінен  жүректері  шайлытып  қалмас  үшін,  өзін-өзі  нашар  сезіну 
комплексін, бөтентілдің, бөтен мәдениетпен  бөтен әлемніңтерри-


ториясына енген  кездегі қорқынышы мен сенімсіздігін тереңдетпеу 
ушін  оларға  өте  сезімталдықпен,  ерекше  назармен  көңіл  бөлінуі 
керек.  Ол  туралы  ойласақ,  to  think  about  әрі  қарай  тар  жол,  тайғақ 
нешумен  жүруге жол ашады.
Ағылшынтілді  ресми  құжаттарда:  комитеттер,  қауымдастықтар, 
конференциялар жиылысының әртүрлі хаттамаларында -  қатысушы- 
лардың бар-жоғын түгендеп,  қолын  қойдыру барысында  орыс тілін- 
дегі  «присутствовали»  (қатысты,  бар)  сөзіне  сәйкес  келетін  present 
сөзімен бірге оның антонимі күткендегідей absent сөзі емес, apologies 
сөзі,  яғни  «жиналысқа  қатыса  алмағаны  үшін  кешірім сурайды»  қол- 
данылады.  Сіз  бұл  жиналысқа  қатыса  алмағаныңыз  үшін  кешірім 
сұрамасаңыз да, бұл жиылысты елемесеңіз де, ағылшын тілі Сізді ба- 
рынша сыпайы әрі  мәдениетті етіп  көрсетуге тырысады.
Орыс тілі ондай  көркемдікке әрі сыпайылыққа жете қойған жоқ, 
дегенмен «батыс ықпалы» өзінің дегеніне жетіп, кейбір өзгерістерді 
әкелуде.  Мәселен,  Шеттілдері  факультетінің доценті  Е.В.Маринина 
диссертация  қорғау  барысында  оппонентінің  пікірі туралы:  «Оппо- 
нентімнің пікірінде менің жұмысымның позитивті әрі таласты туста- 
ры  көрініс  тапқан  екен»,  -   дейді  қолданыстағы  негативті  антоним 
сөзінен  бойын аулақустап.
Совет  заманының  орыс  тілі  жеке  адамның  ужым  мүддесі- 
не  бағынуы  тиіс  идеологиясын  дәріптеді.  Адамдардың  өзара  қа- 
рым-қатынасы  жылы  әрі  қурмет  көрсету  деңгейіне  дейін  көтеріле 
алмады.  Муғалім  -   оқушы,  дәрігер  -   сырқат,  офицер  -   солдат  қа- 
рым-қатынасы  буйрыққа,  командаға  негізделіп,  оның  орындалуы 
шарт  еді.  Тек  бір  ғана  мысал  келтірейін.  60-жылдары  ММУ-дің фи­
лология  факультетінің  сахнасында  қойылған  қойылымда  студент­
ок  педагогикалык,  тәжірибе  жетекші-әдіскері  мектептегі  сабақты 
талқылайды:
Практикант қыз:  Қалай болды?
Әдіскер: Жақсы!
Практикант қыз:  Мен қатты қорықтым!
Әдіскер: Тек мектеп оқушыларына рақмет айту -  педагогтің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет