Коммуникация



Pdf көрінісі
бет67/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

Majesty  Queen  Elisabeth  II  Her  Majesty's 
Ambassador  and  Lady  Wood  request  the 
pleasure  of  the  company  of  Mr.  and  Mrs.
Svetlana  Ter-Minasova.
Мені  күйеуімнің  аты-жөнімен  атағанда,  мен  оны  жай  ғана 
түсініспеушілік  ретінде  қабылдадым  (мәдениеттер  өзгешелігі),  ал 
күйеуімді  менің  аты-жөніммен  атағанда,  бул  оның  шамына  тиіп, 
кәдімгідей  ашуын  келтірді  (мәдениеттер  қақтығысы).  Мұндай 
шақыртулардың  ешқайсысына  күйеуім  бармайтын  десем,  артык, 
айтқаным  емес.  Тек  бір  рет  қана  Патшайым  II  Елизавета  Мәскеуге 
келіп,  патшайымның  құрметіне  елшіліктен  шақырту  алғанымыз- 
да  күйеуім  амалсыз  күрсінді  де:  «Жарайды,  кейін  немерелеріме 
ағылшын  патшайымының  қабылдауында  болғанмын  деп  айтып 
беру үшін  барайын», -  деп  келіскен-ді.  Сөйтіп,  сол  жолы  мәдениет 
қақтығысынан  (отбасылык, қақтығыстан да) аман  қалғанымыз бар.
Ағылшын тілінде  қарапайым сауалнама,  бланкі толтыруға қайта 
оралайық. Солардың кейбірінде (ұшаққа отырғызу картасында,  ше- 
карадан  өткенде толтырылатын  иммиграциялық картада,  жұмысқа 
тұру кезінде толтыратын сауалнамада және т.б.) адамның «бірінші» 
және  «соңғы»  атынан  кейін,  орыс  тіліндегі  национальность 
сөзімен түбірлес болғандықтан, бірден тусінікті көрінетін nationality 
сөзі  келеді.  Бұл  сөз  маған  түсінікті  деп  қуануға  әлі  ертерек.  Себебі 
мұндағы  nationality  сөзі  этникалык,  ұлтты  емес,  азаматтықты,  яғни 
ресми түрде  қай  елдің азаматы  екеніңізді  білдіреді.  Сондықтан  Ре- 
сейде  тұратын  украин,  татар,  еврей,  шешендер  ресейлік  паспорт- 
тарына  (төлқұжаттарына)  сәйкес  мұнда 
Russian деп жазулары  керек. Ағылшынтілді 
әлем  сіздің  шыққан  тегіңізді,  ултыңызды 
білуге  мүдделі  емес,  оларға  сіздің  азамат- 
тығыңызды  білу жеткілікті.
Кеңес  Одағы  кезінде  nationality сөзінің 
мәдени  коннотациялары  түрлі  дау-дамай- 
ларға,  қақтығыстарға  себеп  болатын.  1973 
жылы  кеңестік тағылымдамадан  өтушілер- 
ден  цұралған  делегациямен  Ұлыбритания 
шекарасында  иммиграциялық  карта  тол- 
тыру  кезінде  британ  шекарашылары  біз 
күткен  британдықтарға  тән  салқынқан- 
дылық  таныта  алмады.  Керісінше,  ашула-
73


ры  келгенін  еш  жасырмастан  Lithuanian,  Georgian,  Armenian  деген 
сөздерді  сызып  тастап,  орнына  Russian  дел  жазып  еді,  бұл  Литва, 
Грузия,  Армениядан  келген  делегация  мушелерінің  қатты  наразы- 
лықтарын туғызды.  Британ  шекарашылары «Картада Литва,  Грузия, 
Армения деген  ел  жоқ» дел  қарсы  шыққандардың аузына  құм  құй- 
ған,  алайда  ол  кезде  картада  Russia деген  ел  де  жоқ болатын.  Егер 
шекарашылар  сауалнамаға  soviet дел  ел  атауын  көрсеткенде,  аза- 
маттык, мәселесі  көтеріліп,  қақтығыс  шиеленісе түсетін  еді.  Алайда 
олар бір этникалық ұлтты  екіншісіне ауыстыра салды.
Қазір әлем картасында  Ресей деген ел болғандықтан, nationality 
деген  жолды  толтыру  бұрынғыдай  дау-дамай  тудырмайды,  десек 
те  мәдени  турғыдан  жайсыздық,  келіспеушілік  туғызатыны  жасы- 
рын  емес.
Адрес сөзі де үлкен мәдени мәселелердіңтуындауына себеп бо- 
луда. Бұл сөз -  орыс тіліне француз тілінен енген  кірме сөз (adresse), 
еуропа  тілдерінің  барлығында  дерлік  кездеседі.  Бұл  сөздің  әр  тіл- 
дегі  мағынасы, стильдік  коннотациясы, тіпті  коллокациялык, байла- 
нысы  да  бірдей.  Алайда  жақында  шетелдік  фирмаға  жұмысқа  тұ- 
руға  келген  бір  қурбым  қарапайым сауалнаманы  толтыра  алмады. 
Сауалнаманың  аты,  тегі,  мекенжайы  деген  жолдарын  толтырып 
келе жатқан ол кенеттен қаласы, елі дегентармақтарын көріп: «Қай- 
дағы  қала?  Қайдағы  ел?  Мен  жаңа  ғана  мекенжайымды  көрсеттім 
ғой», -  деп  сасып  қалады.  Ағылшын тіліндегі  address  сөзінің  мағы- 
насы  орыс  тіліне  қарағанда  тар  болғандықтан,  «мәдениеттер  қақ- 
тығысы»  туындап,  коммуникация  жүзеге  аспай  қалды.  Ағылшын 
тілінде  бул  сөз баспананың орналасқан жерін:  көшесін, үй  нөмірін, 
пәтер  нөмірін  білдірсе,  орыс тілінде мекенжай еуропалық дәстүрге 
кері тәртіппен жалпыдан жекеге қарай  көрсетіледі: елі,  қаласы,  кө- 
шесі,  үй  нөмірі,  пәтер  нөмірі.  Мекенжайын  орысша  ойлап  толтыр- 
ған  қурбым елі  мен туратын  қаласын  көрсетіп  қойғандықтан,  абды- 
рап  қалған еді.
Енді  әр  айдың  күндерін  (дата)  көрсетуге  келейік.  Бір  қараған- 
да  күрделі  ештеңе  жок,  сияқты.  Сөздің де  қажеті  жоқ,  санмен  көр- 
сетсең  де  жеткілікті,  кей  жағдайда  ғана  айды  көрсету  үшін  сөзді 
қолдануға  болады.  Бірак,  осы  бір  аса  «қарапайым»  жағдайда  да 
мәдениеттердің  өзгешелігіне  орай,  мәдениетаралық  коммуника­
ция  қиындай түседі.  Америкалық мәдениетте  ай  саны  күн  санынан 
бұрын жазылады.  Сол  себепті,  мәселен  шетелдік фотоаппаратыңыз 
фотосуретіңізде  күнді  03.18.97  немесе  10.30.98  деп  көрсетсе,  бұл 
қалай  деп  абдырамаңыз,  фотоаппаратыңыздың  жұмысы  қалыпты 
жағдайда.  Тек  бірінші  ретте  ол  18  наурыз  1997  жылды,  екіншісінде 
30 к,азан  1998 жылды  көрсетіп тур.  Буны уғу-оңай.  Қиындық қатар 
келетін  екі  санда  12-ге  дейінгі  сан  болғанда  туындайды:  05.06.99.


Біздің  жағдайда  немесе  еуропалық  мәдениет  бойынша  бұл  5  мау- 
сым,  ал  америкалыц мәдениетке сәйкес 6 мамыр да  болуы  мүмкін. 
Әрине,  өзге  мәдениетті  қабылдай  салу  оңай  емес.  Қай-цайсымыз- 
дың да  «дурыстап  көрсетсе  қайтеді  екен»,  яғни  біздің  мәдениетке 
сай,  біздегі талап  бойынша деп ойлайтынымыз анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет