Коммуникация



Pdf көрінісі
бет190/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   246
60
В.  Knobel.
  «Red Star 
Rising»: The Coverage of 
Mikhail Gorbachev by U.S. 
network television,  1984- 
86.  PhD thesis.  Harvard 
University. Cambridge, 
Mass.,  1991,  p .. crp. 91.
Керісінше,  орыстар  ағылшынтілді  әлемге  түскенде  жан-жағын- 
дағы  жымиғандарды  көріп,  таң-тамаша  болады.  Лондон  универ- 
ситетінің  тағылымдамасынан  Британ  кеңесі  бағыты  бойынша  өтіп
келгенімде,  әріптестерім таңғаларлық  не  нәрсе  көргенімді  сұрады. 
Менің  кідірместен:  «Олар  жымиып  жүреді.  Барлык, жерде:  көшеде 
де,  емханада  да,  лифті  де  да  жымиып  жүреді,  мүлде  танымайтын 
адамдарына  да  жымия  береді»  дегенім  есімде.  1973  жылы  кеңес 
әлемі  мен  капиталист  ел  әлемі  арасындағы  айырмашылык,  жер 
мен  көктей  болған  уақытта  мұндай  эсер  алуым  қалыпты  жағдай 
болатын.  Бірнеше  ай  бойы  мәдени  шок  алған  азық-түлік,  тауар,
231


кітаптың  молшылығы  да,  техника  мен  сервистің  ғажайыптары  да 
дәл осы  жымию сияцты таңғалдырмапты.
25 жыл өткен  соң,  1998 жылы  Ресейдің мүлде  басқа ұрпағының 
өкілі  -   ММУ  студенті  Америка  мәдениеті  туралы  өз  шығармасын- 
да:  «Another  example  is  how  often  people  smile  for  no  reason;  that 
seemed  pretty weird  to  me  [Тағы  бір  мысал  -  адамдар  себепсіз  көп 
жымияды;  маған  бұл  өте  қызык,  көрінді]»  -   деп  жазды  (Дмитрий 
Акопов,  ММУ-дің шет тілдер факультетінің студенті).
Психологтердің  статистикалық  есептерінен  бала  күніне  орта 
есеппен  400  рет,  ересектер  тек  15  рет  жымияды  дегенді  оқыға- 
ным  бар  еді.  Бәлкім,  онда  америкалықтар -  балалар,  біз  ересектер 
шығармыз.
Сонымен, олар біздің жымимайтынымызға ренжиді, наразылык, 
білдіреді,  таңғалады,  ал  біз  олардың  әрдайым,  кез  келген  жерде 
бәріне  жымия  беретініне  таңырқаймыз.  Бұл  жумбақтың  «шешімі» 
тым оңай: мәдениеттер қақтығысының қарапайым мысалы.
Батыс  әлемінде  жалпы  ағылшынтілді  әлемде  жымию  -   мәде- 
ниеттің  (этнографиялык,  мағынадағы)  белгісі,  бұл  -  дәстүр,  салт:  езу 
тартып,  бөтен  ойыңыздың  жок,  екенін,  тонамайтыныңызды,  өлтір- 
мейтініңізді  білдіру.  Бұл  -  тұлғаның  айналасындағыларға  өзінің осы 
мәдениет, қоғам өкілі екенін формалды түрде көрсету тәсілі. Жымию 
шынайы көңілдің, ниеттің, қатынастың белгісі болып саналатын орыс 
мәдениетінің өкілдері үшін де бұл тәсіл аса жағымды.
Бар  болғаны  осы.  Әр  мәдениеттің  жымиюы  да  әрбасңа.  Батыс 
әлемінде  жымию,  бір  жағынан,  кімге  ңаратылса  да  оған  деген  ни- 
еттің түзу екенін білдіруі шарт емес, мәдениеттің формалды белгісі, 
екінші жағынан жағымды эмоцияға деген биологиялык, реакция; ал 
орыстарда  бұл  тек соңғысы  ғана.  Сондықтан  жымиюға  қатысты  қо- 
балжудың,  иықты  қиқаңдатудың,  күдіктенудің қажеті жок,- бәрі де 
қалыпты, табиғи  нәрсе.  Әр  мәдениеттегі қызметі  әрбасқа.
Айтқандай,  әлемде  жымимайтын  мәдениеттер  көп.  2003  жылы 
мамырда Мәскеу экономика және құқықакадемиясында өткен «Әлем 
тілдері  және  тілдер  әлемі»  атты  халықаралық  конференцияға  Чад, 
Бенин,  Кот Д'Ивуар,  Бурунди  республикаларының  елшілері  қатысты. 
Олардың ешқайсысы (қасындағылары да) бірде-бір рет, тіпті таныстыр- 
ған кезде де жымимады. Олардың өзін тым салмацты ұстаған түнерген 
кейпі  Ресейдің көрнекті саяси қайраткерлерін еске тусірді.
Орыс  студенттердің  пайымдауындағы  Америка  әлемінің  көрі- 
нісінен  smile  [жымию]  сөзі  ең жиі  қолданылатын  сөздер цатарынан 
орын  алады.  Әлемге  әйгілі  америкалық  жымиюға  орыстардың  қа- 
тынасы  әртүрлі,  мәселен:  бірі  олардың  ашық-жарқындығына  дән 
риза,  екіншісі  оны  қалай  түсінерін  білмейді,  ал  үшіншісі  қолдамай- 
ды  әрі  күдікпен  қарайды.
232


Оған  орыс  тілінің  дәлелі:  дежурная  улыбка,  вежливая  улыбка 
деген тіркестердің жағымсыз коннотациясының болуы: дежурная -  
яғни міндеттелген, вежливая -  шынайы емес деген сөз. (Кекесінмен 
айтылған сөздер -  ауд.) Сатирик Михаил Задорнов америкалық жы- 
миюды  созылмалы ауру сияқты дейді.
Британ  кеңесінен  келген  ағылшын  оқытушыларымыздың  бірі 
америкалық жымию  жайында  былай деп  еді:  «Америкада тіс дәрі- 
герінің  қызметі  өте  қымбат,  сондықтан  америкалықтар  тісін  күтуге 
ақшасы  жеткілікті  екенін  көрсету  үшін  жымия  береді.  Бұл  -   өзінің 
ауқатты адам екенін  көрсетудіңтәсілі».
Бәлкім, «Сен ұйцыда жатқанда» («While you were sleeping») атты 
америкалық фильм тұрғысынан алған да дурыс шығар.  Кейіпкердің 
(фильм  бойы  ұйқыдан  турмаған  жігіттің)  ата-анасы  қыздан:  «Оны 
не үшін сүйесің?» -  деп сұрайды. «Жымиғаны үнайды», -  дейді  қыз 
сезімге беріліп. Жігіттің әкесі: «Әрине!  Бір тісі алты жүз доллар тұра- 
ды!» -  деп өз ойында жүрген  күдігінен  хабар береді.
Мәскеуде  бір  жыл  турған  америкалық  танысымыздың  былай 
деп  ағынан  жарылғаны  бар:  «Маған  сіздердің  сатушыларыңыз 
ұнайды. Сондай  шынайы.  Кешке қарай  ауыр жұмыстан  шаршап, са- 
тып  алушылардың  бәрін  шетінен  жек  көріп  тұрғаны  бетінде  анық 
жазылып  тұрады.  Ал  біздікілер  бетіңе  өтірік  күле  ңарап,  ішінен  сіз- 
дердікі сияңты  сыбап тұрады».
Батыс  мәдениетінде  жымию  -   қызмет  көрсетудің  ажырамас 
бөлігі.
Чейз  Манхэттен  банкінде  мынадай  хабарлама  ілініп  тұр:  Егер 
біздің  оператор  сізге  жымимаса,  бұл  жайында  швейцарға  хабар- 
лаңыз.  Ол  сізге  бір доллар береді  (проф.  И.А.  Стернин  материалда- 
рынан,  Воронеж университеті).
Баспасөз  беттеріндегі  суреттерде  Америка  қайраткерлері  ақ 
тістерін  көрсетіп,  барынша  америкалық үлгімен  күлімсірейді.  Аме­
рика  мәдениетінде  жымию  -   табысты  адам  екенін  де  білдіретін 
әлеуметтік  белгі.  Егер  сіз  белгілі  бір  лауазымға  кандидатураңызды 
ұсынсаңыз,  фотосуреттердің  барлығында  күлімсіреп  тұруыңыз  ке- 
рек. Сайлаушыларыңыз сіздің жағдайы жақсы, ақшасы бар, табысқа 
жеткен  адам  екеніңізді  көруі  қажет,  ары  таза,  өміріне  көңілі  тола- 
тын, сенімді адам ретінде танулары керек. Жымиюдың америкалык, 
үлгісінің  жаттанды  болып  кеткені  соншалық,  президенттің  жубайы 
Хиллари  Клинтон Диана ханшайымның қазасына  қатысты салтанат- 
ты  жиында  фотографтарға әдеттегідей  жымиған.
Keep  smiling -  Америка  өмір  салтының ұраны:  «Қандай  жағдай 
болса да  күлімсіре».  Бұл  «ешқашан тағдырдың соққыларына беріл- 
ме, жеңілме. Ауыр жағдайда жүрсең де, ешкімге сыр берме, білдір- 
ме.  Күлімсіре»  дегенді  білдіреді.  Keep  smiling!  Кез  келген  жағдай-


дағы  жасанды  оптимизм  (don't  worry,  be 
happy!  keep  smiling!  [қобалжыма,  шаттан! 
күлімсіре!])  -   міне,  ресми  түрде  мақұлда- 
нып,  барлык,  цұралдар,  соның  ішінде  тіл 
арқылы  сіңісті  болған  америкалык,  ұлттық 
мінездің бір  қыры.
Бір  қызығы,  кеңес  адамдары  мен  олар- 
дың  өмірі  бейнеленген  плакаттарда  да  бар­
лык, адамдар  күлімсіреп тұратын.  Бұл әсіресе 
XX ғасырдың елуінші жылдары мен алпысын- 
шы жылдардың басындағы  плакаттарға тән.
Америкалық жымию АҚШ  тұрғындарын 
(әсіресе жаңа көшіп келген иммигранттарды) 
осы елдің азаматы болу бақыт, артықшылық 
екеніне  күштеп  сендіруді  көздеген  идеоло- 
гиялық  үгіт-насихат  жұмыстарында  маңыз- 
ды  рөл  ойнаған  (қараңыз:  II  б.,  2-т.,  §  2). 
Бұған дәлел -  америкалык, әріптестеріміздің 
бақытты болудың құпиясы туралы жазылған 
маңаланы  сынға  алуы:  «From  this  article you 
can  see  how  we  Americans  are  «brainwashed»  into the  smile  and  being 
happy  [Бұл  мақаладан  бізге  -   америкалықтарға  күлімсіреңдер,  шат- 
таныңдар деп  қалай миымызды ашытцалы отырғанын білесіздер]».
Орыстардың  ділі  басқа,  дәстүрі  басқа,  өмірі,  мәдениеті  де 
басқа  -   бұл  жағынан  алғанда,  бәрі  бір-біріне  қайшы  келеді.  Адам- 
ның  қоғамда  алатын  орны  өскен  сайын  бет-бейнесі  де  салмақты 
болуы  тиіс.  Егер  сіз  жоғары  лауазымға  үміткер  болсаңыз,  болашак, 
сайлаушыларыңызға  өзіңіздің  салмақты,  тиянақты,  ақылды  адам 
екеніңізді, өзіңізге  қандай  іс  жүктелгелі  отырғанын,  қандай  маңыз- 
ды  мәселелерді  шешуге  тура  келетінін  пайымдап  отырғаныңызды 
көрсетуіңіз  қажет.  Бұл  жағдайда  жымию  орынсыз  болады,  ол  сізді 
тек  жеңілтек,  істің  мән-жайын  түсінбейтін  адам  етіп  көрсетіп,  сізге 
деген сенімді жоғалтады.
Профессор  И.А.  Стернин  материалдарынан  мысалдар  келтіре  ке- 
тейік: «Петерборда америкалық цызға кемпір: «Несіне ыржиясың?»- 
депті. Карнегидің «Жымиыңыз» деген үндеуі еріксіз мынадай реплика 
тудырады: «Несіне жымиясың? Ацша жоқ. Жағдай қиын. Жыми дейді 
ғой».  «Несіне»  деген  есімдіктің  қолданылуына  назар  аударыңызшы. 
Орыс түсінігі  «кімге жымию?» дегенді  қабылдай алмайды, себебі бұл 
сөздің  коммун и кати вті к  мағынасы  санадан  тыс  қалып,  бейнелеуші, 
көңіл  күйді жеткізуші белгі ретінде ғана  қабылданған.
Ғаламтордағы  орыс  әзілінде:  «Жымиыңыз -  бұл  бәрінің жыны- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет