вполне типично думать, что благодаря их бомбардировке и у мест
ного населения будет «приятный день»]. Аудармасы: Югославиядағы
жағдай үрейлі. Сербтердің ұстамсыздығы мен бүзақы қылықтарына
қарамастан, америкалықтар жергілікті тұрғындарды бомбалау арқы-
лы оларды алда «жақсы күн күтіп тұр» деп ойлайды. Ұлыбританиялық
әріптесім америкалықтар туралы былай дейді: «To sit still for Americans
impossible, they are busy having a nice day» [Американцы не могут спо
койно сидеть, они постоянно заняты тем, чтобы их день был прият
ным]. Аудармасы: Америкалықтар тыныш отыра алмайды, өздерінің
күнін жақсы өткізу үшін үнемі қолы бір босамай ойланып жүреді.
Берілген мысалдардың барлығы бұйрык, формасында жақсы
мазмұн иеленсе де адамдардың наразылығын тудырады. Мәселен,
о баста америкалык, сатушылар сатып алушыларының дүкеннен кет-
кенін қалайтынын жеткізу үшін сыпайы әрі жақсы мәнге ие «күніңсәтті
өтсін!» (have a nice day) деген бүйрык, райындағы тіркесті қолданған.7
Америкалық мейрамханада даяшылар үстелге тамақты қоя са-
лып, сыпайы және игі тілекпен өз тапсырыс берушілеріне: «Enjoy!»
[Наслаждайтесь!] деп бұйрык, береді. Өзімізге жақсы таныс: «Сто
ять!», «Лежать!», «По газонам не ходить!» («Тур!», «Жат!», «Көгал-
мен жүрме!»). Әсіресе идеология мен менталитеттің ерекшелігі мен
қақтығысы жарнаманы, урандарды, үндеулерді
өзге тілдерге аудару-
да айқын байқалады. Мысалы, Америкада биліктіңтегеурініне және
кулак, тұндырар насихаттарына қарсы тұрарлыңтай жаңашыл көзқа-
растағы америкалык, қоғамның менталитетін танытатын «guestion
authority» деген үндеу кеңінен таралған. Бұл үндеу негізінде жоғары
басшылыққа, беделді, атақты тұлғаларға күдікпен қарап жатыр. Осы
үндеуді Бейжіңдегі шетелдік туристерге арналған қонақүйдің ал-
дынан көрген болатынмын. 1997 жылы Қытай еліндегі бул идеоло-
гиялык, батылдык, мені таң қалдырды. Бұл мысал еліміздің басынан
өткен кеңестік жүйені еске түсірді. Маған администратор (әкімшілік)
«guestion authority» дегеннің не мағына беретінін түсіндірді.
Бул сурақтың жауабы барлығын өз орнына қойды. «It means if
you have questions, ask the authorities of the hotel» [Бұл дегеніңіз -
егер Сізде қандай бір мәселе туындаса, онда қонақүй администра-
торынан сүраңыз]. Демек, идеология тілді жеңіп шықты, осылайша
мен тынышталдым.
Менталитет қақтығысы шет тіліне аударма жасағанда айқын
көзге түседі. Бұл түсінікті жайт. Өйткені әрбір тілдің түп негізінде сол
халықтың мәдениеті мен менталитеті жатыр. Ана тілінде астарында
мәдени ақпараты бар ұғымдарды шет тілдеріне аударғанда мүлде
басқа реңктерді иеленеді.
Кеңестік жүйе незінде жазылған көп кітаптарымыз біз үшін бейта-
рап болғанымен, ағылшын тіліне аударылғанда орыстар мен америка-
7«Have a nice day! - typical
American English greeting
often seemingly used to
encourage customers to
return to an outlet [«Жақ-
сы кундертілеймін!»
(сөзбе-сөз, сенің күндерің
жайлы болсы н!)- нағыз
америкалық-ағылшынша
амандасу, келушілер бул
жерге тағы келуі үшін
қолданылатын сияңты
көрінеді]» (А.М.Russell.
Handouts of the lecture:
Recent American Borrowings
from American English in
British English. 5 May 1993,
Faculty of Foreign Languages,
Moscow State University).
251
жарнамалау үшін еуропалық үлгідегі қонак, бөлмеде тақтай төсек-
тің үстінде аяғында қыстык, етігі бар, денесі жартылай жалаңаш-
танған әйелдің картинасы ілінген болатын. Ал жазбалар екі тілде
берілген: «Italians do It better» және «Италянцы делают их лучше»
(Италиялыңтар мұндайды жақсы жасайды). Жыныстық қатынас мә-
селесінде орыс аудармашысы өз менталитетіне сәйкес тазалығын,
айыпсыздығын сақтап қалған. Дегенмен соңғы жылдары батыстык,
үлгідегі жыныстық қатынас мәселесінің еркін түрде жиі көрсетілуі
екітілді аудармаларда күлкілі және әсерлі көрінеді.
Сөйлеу процесі кезіндегі тонның өзі қоғамдык, өмірдің барлық са-
лаларында үлкен рөл атқарады. Ресей мен Батыс елдерінің идеология-
сы мен менталитетін салыстыра отырып, Ресеймен «бас қарсыласы»
Америка Құрама Штаттары арасында оның кейбір ортак, тустары бар
екенін айтуға болады. Екеуі де айдың-күннің аманында жар салып
жүреді. Осы ұқсастығын тілдегі нұсқалар арқылы дәйектеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: