кейбір жаратылыс ғылымдарының да (ме
дицина, жекелей - биология) қатысы бар.
Адам туралы ғылым өте көп. Бұл түсінікті
де. Себебі, адам - өте күрделі, әртарапты
және көпқырлы жаратылыс. Сол үшін де
жүрттың барлығының назары адамда.
Тікелей адамға бағытталмаған басқа
ғылымдар әлемді, табиғатты, адамзаттан
тыс объективті шындықты зерттеу пәні
ретінде қабылдайды. Бірақ бүл
қоршаған
ортаны зерттейтін адам, ол - адам көзқа-
расы тұрғысынан қарастырылады. Басқа-
ша айтқанда, адами фактор тіпті гумани-
тарлық емес
ғылымдардың өзінде көрініс
табады.
Яғни адам туралы көптеген ғылымдар
адамның физикалық (биология, медици
на), рухани (психология, философия, филология) ерекшеліктерін,
іс-әрекетін (экономика, социология), қалыптасуы мен дамуы (тарих)
турғысынан эр қырынан зерттейді. Бұл пәндер өзара тығыз байла-
нысты. Қалай дегенмен де,
нысаны адамтану болатындықтан, бүл
ғылымдардың бірінен екіншісі туындап отырады. Онда әртүрлі пән-
дерге жүктелген аспектілер біртұтас организм ретінде, бөлінбес бір
бүтін ретінде өмір сүрмек.
Антропология немен айналысады? Бұл ғылым өзге ғылым сала-
лары секілді бөлінбес бүтінді бөлшектеп алғанда нені таңдап отыр?
Достарыңызбен бөлісу: