Rich as Croesus and as wicked as the black man below (J. Meredith)
/ Крёз секілді бай, ібілістей ашулы (Дж. Мередит)/.
Жалпы (сол тілде сөйлейтін ұжымның мәдениеті мен қоғамдық
санасын бейнелейтін) ағылшын тіліне қара түсті жамандықпен, ал
ақты жақсы нәрселермен байланыстыру тән. Тіпті ағылшын тілінің
америкалык, вариантының ықпалымен
бул құбылыс британдық ва-
риантында бурынғыдан да үдей түсті.
Сондықтын
black сөзімен тіркесетін номинативтіктоптар жағым-
сыз коннотацияға ие болса,
white сөзі жағымды мағына беретін тір-
кестерде қолданылады.
Black sheep (сөзбе-сөз: қара қой, «шіріген жұмыртқа» мағына-
сында)
black market (қара базар)
blackmail (сөзбе-сөз: қара пошта,
бопсалау мағынасында)
Black Gehenna (қараңғы тамұқ),
black soul
(ңара ниет) деген тіркестердің бәрінде
black сөзі жағымсыз мағына-
да қолданылған,
black dress (қара киім)
black armband (қолына қара
байлау) тіркесінде
black сөзі қазаға, өлімге қатысты пайдаланылып
тұр. Керісінше
w hite- бейбітшіліктіңтүсі, қалыңдык, көйлегініңтүсі,
бір сөзбен айтқанда, барлық жақсы, таза нәрсенің түсі. Мысалы,
У. Блейктің
«The little black boy» /Қара бала/ өлеңін алайық:
And I
am black but Oh, my soul is white /Я черный, но душа моя бела (Ауд.
С. Степанова) /Өңім қара болса да, жүрегім а к/.
Тіпті
white сөзі жағымсыз мағынадағы зат есіммен тіркескеннің
өзінде, ол сол сөздің жағымсыз мәнін бәсеңдетеді, мысалы:
white
lie тіркесі моральдік тұрғыдан ақталған, зияны тимейтін өтірік де-
генді білдіреді (орыс тіліндегі
черная зависть - белая зависть
деген тіркестерде де «ақ» сөзі қызғаныш сөзінің жағымсыз мәнін
жұмсартып тұр).
Жалпы орыстіліндегі ақпен қара сөздерініңметафоралықмағы-
насы ағылшын тіліндегі баламасымен мәндес: черная душа (қара
ниет), черная весть (қаралы хабар), черный день (қаралы кун), чер
ный глаз (сук, коз), черный враг (қас душпан). Осы туста мэдениет-
тер айырмашылығына тағы бір мысал келтіре кетейік. Орыстар бір
нәрсені кейінге қалдырса, оны «на черный день» /сөзбе-сөз қара
күнге/ дейді, ал
ағылшындар «against a rainy day», яғни жаңбырлы
күн ге дейді.
Қазіргі кезде
white man - black man тіркестерінің қолданылу
ерекшелігі көпшілік назарын өзіне күрт бұрды. Ағылшын тілінің
халықаралық тіл ретінде рөлінің артуына орай, сондай-ак, Африка
халықтарының отаршылдықтан шығып, өзіндік санасының өсуімен
байланысты олар ақ-қара ұғымдарына тән метафорикаға жіті көңіл
бөлетін болды.
«Политическая социология английского языка» атты еңбектің
авторы Али Мазруидің көрсетуінше, Африка халқын «ағылшын
тіліндегі нәсілшілдіктің сарқыншағы» алаңдатады. Сөйлеуші
black
сөзін жағымсыз,
white сөзін жағымды коннотацияда қолдана тұрып,
«қараны жаманмен, ақты жаңсымен
байланыстыратын нәсілшілдік
дәстүрдің келмеске кеткенін саналы түрде әлі де түсінбейді».27
Али Мазруи бұл дәстүрді Ібілісті қара, Періштені ақетіп суретте-
ген христиан дінінің таралуымен байланыстырады. Ол Библия мен
классикалык, ағылшын әдебиетінен қара нәсілділердің ар-ұжданы-
на тиетін көптеген мысалдар келтіреді. Ағылшын тіліндегі әдебиет-
терді Африка халықтарыныңтіліне аударуда бүл едәуір қиындықтар
туғызатынын айтады. «Венеция көпесіндегі» Порция өзіне көңілін
білдіруге келген ағылшын, неміс, француз ақсүйектерінен тұратын
күйеу жігіттерді талқылай келіп, солардың қатарындағы Морокко
ханзадасы туралы үзілді-кесілді былай дейді:
«If he have condition
of a saint and the complexion od a devil, I had rather he should shrive
me than wife me» / Жүрегі
әулиедей таза, жүзі Ібілістей қара болса,
жарындай емес, қызындай қабылдасын/.
Зерттеу авторының пікірінше, қазіргі ағылшын тіліндегі түстерді
білдіретін метафорикаға қатысты тез арада бір шара қолдану ке-
рек. Таяу уақытта ағылшын тілінде сөйлейтін қара нәсілділер саны
жағынан ақ нәсілділерді басып озады. Әлбетте, бул
blackmail (қара
сөз) сөзін
whitemail (ақ пошта) деп,
black market (қара базар тіркесін
white (ақ) не
brown market (қоңыр базар) деп өзгерту керек деген
сөз емес. Алайда ағылшын тіліндегі нәсілшілдіктің сарқыншағына
саналы көзбен қарап, тым болмаса ағылшын тілінің африкалык,
вариантына жаңа альтернативті метафораларды енгізу - оның
позициясы мен танымалдылығын нығайта түсер еді. Али Мазруи
африкалыцтарға ағылшын тілін қабылдауда сыни көзбен қарап, бел-
сенді болу керектігін айтып, тілден нәсілшілдікті («Deracialization of
English») аластатуға шақырады.
Әлеуметтік
жағдайдың өзгеруіне байланысты, тілдік құбылыс-
тың әлеуметтік-мәдени шарттылығы өткір саяси мәселеге айналып
отыр. Бұл
«Political correctness» атты мықты мәдени, идеологиялық
қозғалыстың бас көтеруіне негіз болды.
Сөз тіркестерінің әлеуметтік-мәдени шарттылығына тағы бірне-
ше мысал келтіре кетейік:
He really loved to have white men staying
on the place... And she was fascinated by the
young gentlemen, mining engineers, who
were his guests at times.
He, too, was fascinated by a real gent
leman. But he was an old-time miner with a wife, and if a gentleman
looked at his wife, he felt as if his mine were being looted, the secrets of
it pryed out (D.H. Lawrence).
Достарыңызбен бөлісу: