Байланысты: «Компьютерлік желілер және желілік әкімшілеу» пәнінен оқу тәжіри-emirsaba.org
Протокол– екі немесе бірнеше құрылғылар арасындағы ақпарат алмасуының форматы мен процедурасын орнататын ережелер жиынтығы.
Желі жүктелуінің параметрі трафик деп сипатталынады. Трафик (traffic) – ақпарат алмасуының хабарлар ағыны.
Желі сипаттамасына қатынау үрдісі қатты әсер етеді. Қатынау үрдісі дегеніміз - байланыс арнасына келесі болып кім қатынай алатынын және байланыс арнасына кіруді қалай басқаратынын анықтайды.
Windows ОЖ-нің құрамына компьютерлік желіде хабарламалармен алмасуға қабілетті бірнеше стандартты қосымшалар кіреді – Net Send, Hyper Terminal.
Net Send консолды қосымша болып табылады, ол локальді желідегі басқа қолданушыға немесе компьютерге хабарламаларды жіберуге тағайындалған.
HyperTerminal басқа комьютерлерге, Telnet узелдарына, хабарламалардың электронды тақталарына (BBS), интерактивті қызмет көрсетулерге, нуль-модемді кабелдарға қосылу үшін қызмет етеді.
LANcetChat – локальді желі бойынша сөйлесу қарым-қатынастарын ұйымдастыру үшін тағайындалған қосымша.
iChat (Intranet Chat) — Microsoft Windows ортасында локальді желіде біріккен компьютерлер арасында хабарламалардың алмасуы үшін тағайындалған. iChat құрамына келесі компоненттер кіреді:
IntranetChat – сөйлесу қарым-қатынасы үшін ұйымдастырылған клиенттік қосымша.
IntranetChat Server –IntranetChat жұмысының ұйымдасуы үшін ерекшеленген сервер.
IntranetChat Bot – локальді желіде викториналардың ұйымдасуы үшін тағайындалған робот.
Барлық жұмыс станциялар физикалық байланыс арналары арқылы байланысқан белгілі структурасы – топология деп аталады. Топология – қандай жұмыс станциялары бір бірімен байланыса алатынын көрсететін физикалық желілік байланысты сипаттайды.
Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар: жұлдызша, сақина, шина.