Адрес екі логикалық бөліктен тұрады – желінің номері және желідегі түйнектің номері. Адрестің қай бөлігі желінің номеріне, ал қай бөлігі түйнектің номерне жататынын адрестің бірінші биттернің мәнімен анықталады:
Егер адрес 0 басталса, онда желі А класына жатады, және желінің номері бір байтты қамтиды, қалған үш байт желідегі түйнектің номері ретінде интерпретацияланады. А класының желілері 1-ден 126 дейін номерлері болады.( 0 номері қолданылмайды, ал 127 арнайы мақсаттар үшін қалдырылған, бұл туралы төменіректе айтылған.) А класының желілерінде түйнектер саны 216көп болуы тиіс, бірақ 224аспауы тиіс.
Егер адрестің екі биті 10 тең болса, онда В класына жатады және 28 - 216 санды түйнекті орташа өлшемді желі болып келеді. В класының желілеріне және түйнектің адресіне 16 биттен, яғни 2 байттан бөлінеді.
Егер адрес 110 тізбектемесінен басталса, онда бұл түйнегінің саны 28 аспайтын С класының желісі. Желінің адресіне 24 бит, ал түйнектің адресіне 8 бит бөлінеді.
Егер адрес 1110 тізбектемесінен басталса, онда ол D класының адресі болып келіп,ерекше multicast топтық адресін білдіреді. Егер плакатта тағайындау адрес ретінде D класы көрсетілсе, онда бұндай пакетті осындай адрес берілген түйнектер алуы тиіс.