Комплекс қосылыстар құрылысы.
Комплекс қосылыстары: iшкi және сыртқы сферадан тұрады. Квадрат жақша iшiндегi атомдар тобы [Co(NH3)6]3+ - iшкi сфера немесе комплекс ион Cl- - иондары – сыртқы сфера.
Iшкi сферадағы орталық атом немесе (ион) – комплекс түзушi (Co3+) ал маңына координацияланған молекулалар, иондар – лигандалар. Лигандалар саны – (16) – комплекс түзушiнiң координациялық саны болады. Комплекс түзушiлер – кейбiр металеместермен атомдары (N,Cl т.б) және негiзiнен Д.И. Менделеевтiң периодтық системасындағы қосымша топша элементтерiмен кейбiр негiзгi топша элементерi (Be, Al, Sn, Pb, As, Sb, т.б.).
Лигандалар типтерi. Қышқылдар аниондары, гидроксид иондар, молекулалар, күрделi органикалық молеулалар лигандалар бола алады.
Комплекс түзушiлердiң координациялық саны (қысқаша К.С.) элементтерiнiң валенттiлiгiне байланысты:
Оны төменгi таблица түрiнде көрсетсек:
Элементтiң валенттiлiгi к.с. кейбiр мысалдар
|
I 2 [Ag(NH3)2]Cl; [Cu(NH3)2]Cl;
II 4 [Zn(NH3)4]Cl; K2[HgJ4];
сирек 3 және 6 K[MgF3]; K4[Fe(CN)6]
III 6 Fe[Fe(CN)6];
IV 6 Hg[PbCl6]; Na2[Sn(OH)6]
V 7 K2[NbF7]; K2[TaF6].
|
Жағдайға байланысты кейбiр элементтердiң К.С. өзгередi.
Мысалы: Na4[Fe(OH)7]· 2H2O; Na5[Fe(OH)8]· 5H2O;
Олардың көпшiлiгi жұптасқан электрондары болғандықтан, полярлы немесе оңай полярланатын молекулалар. Мұндай қосылыстар электрондарын бере алатындықтан (донор) орталық атоммен байланыс түзуге мүмкiндiгі бар. Сондықтан орталық атомға беретiн электрон жұптарының санына байланысты лигандаларды: монодентатты, бидентатты, тридентатты, тетрадентатты және полидентатты деп бөледi.
Монодентатты лигандалар металдың атомына бiр ғана электрон жұбын бередi. Бұл типке жататындар:
иондар – NO2-, F-, Cl-, Br- және молекулалар - H2O, NH3, Co, No т.б.
Бидентатты лигандалар – екi электрон жұбын бередi яғни екi электронды донорлық байланыс түзде алады.
Бұл типке: -ООС – СОО-, Н2N – CH2 – CH2 – NH2 және т.б. жатады.
Полидентатты лигандалар орталық ионға екі немесе үш донорлық байланыспен координацияланады. Ол кезде циклдiк құрылыс пайда болады.
+
Cl
H2C-NH2 NH2 – CH2
Co ∙ Cl-
H2C-NH2 NH2 – CH2
Достарыңызбен бөлісу: |