Cl
Мұндай структуралы комплекстер хелаттар деп аталады, ал полидентатты лиганд – хелат түзушi деп аталады.
Комплекс қосылыстардың номенклатурасы.
Координациялық қосылыстар халықаралық ИЮПАК ережелерiне сай аталады. Ол бойынша:
Қосылыстың катионы, содан соң анионы аталады;
Комплекс ионы (iшкi сфера) бiр сөзбен жазылады;
Электорнейтралды комплекс бiр сөзбен аталады;
Комплекс ионды атағанда ең алдымен координациялық саны көрсетiлiп, лигандалар аталады, ал содан кейiн орталық атом аталып, дөңгелек жақша iшiне рим сандарымен тотығу дәрежесi көрсетiледi.
Комплекс ион-анион болса, орталық атом атына “ат” жұрнағы қосылады.
Нейтрал лигандалар молекула атымен аталады.
Тек еске жүретiн мынандай жағдайлар бар:
а) нейтарлы лигандалар: аммиак NH3 –аммин (екi “м” жазылады, басқа аммиандар ерекше), су Н2О – аква, CH3- NH2- метиламин, H2N – CH2 – CH2 – NH2 – этилендиаммин (қысқартқыш En ) делiнедi;
ә) металл атомымен тiкелей байланысқан NO, CO топтары нитрозил, корбонил деп аталынады. Тотығу дәрежелерiн есептегенде бұл лигандалар нейтрал молекулалар деп қарастырылады;
б) N2 және О2 лигандалары азот және оттегi деп аталады;
Анион – лигандалар (бейорганикалық, органикалық) о-жұрнағы қосылып аталады.
Мысалы: Cl-хлоро, CN-циано, NO2--нитро, NO3—нитрато, OH--гидроксо ,F-фторо, Br—бромо, CO2-3-карбонато, OOC–COO—оксалато, SO42—сульфато, SO42—сульфито т.б.
Ең алдымен анион лигандалар содан соң нейтрал лигандалар аталады.
Координациялық сан, грек сандарымен лигандалар атының алдына қойылды (бiр-моно оны жазбаса да болады), екi-ди, үш-три, төрт-тетра, бес-пента, алты-гекса, жетi-гепта, сегiз-окта т.б.).
Мысалы: [Co(NH3) 6]Cl – гексааминкобальт (III) хлоридi;
[Co(NH3)5 Н2О]Cl – аквапентаамминкобальт (III) хлоридi
Na2[PtCl2 (CN)4] – натрийдiң дихлоротетрацианоплатинат (IV)
[Co(H2O)(NH3)3Cl2]Cl – акватриамминдихлорокобаль (III) хлоридi.
10) аталғанда ди-, три-, тетра- деген сөздер кiретiн күрделi лигандалар жақшаға алынып, саны бис-, трис-, тетракис- сөздерiмен көрсетiлiп алдына жасылады.
Мысалы: [Co(H2N-C2H4-NH2)Cl2]NO3 – дихлор-бис-(этилен-диамин кобальт (III) нитраты).
лиганда екi орталық ионды байланыстырса, оның атының алдына гректiң μ - әрiпi қойылып аталады.
H2 - октаамин – μ – амидо
Достарыңызбен бөлісу: |