Бағдарлама авторы Измагамбетов А.К. Курсты оқытудың мақсаты (оқу бағдарламасына сәйкес) - пән жүйке жүйесін зерттейді және анатомия физиологиясы мен жүйке қызметініңфизиологиясын түсіндіреді. «Рефлекс» терминінің мағынасы - организмнің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге реакциясы. Рефлекстер жануарлар мен адамға тән қасиеттер. Жалпы пән - жүйке жүйесін зерттеу және анатомия физиологиясы мен жүйке қызметінің физиологиясын түсіндіру. Пәннің қысқаша мазмұны(негізгі бөлімдері немесе тақырыптар атаулары) Жүйке жүйесі адамның психологиялық құбылысын басқарады. Ес – ой, ақыл, талап және т.б. әр түрлі әдеттердің қалыптасуы, өмір – тұрмыс өзгерісіне бейімделу деген секілді жағдайлардың барлығы да жүйке жүйесіне тиетін іс - әрекет. ЖЖҚ анатомиясы мен физиологиясы-жоғары дәрежелі жүйке әрекетін қарастыруға мүмкіндік береді. Курсты зерттеуде орталық орын мидың құрылысына және оның функцияларына жатқызылады.
ПререквизиттеріБиология.
Постреквизиттері Жасерекшелік және әлеуметтік психология, тұлғаның дифференциалды психологиясы, патапсихология, арнайы психология пәндерімен тығыз байланыса отырып, студенттердің өзіндік тәжірибесінде теориялық білім негіздерін қолдануға ұмтылдыра отырып, білімдерімен біліктіліктерінің негізін қалайды.
Оқытудан күтілетін нәтижелер A.Аталған пәнді оқу үшін концептуальдық ұстанымды қалыптастыру; B. Жүйке жүйесі структурасының бірте бірте эволюциялық күрделінуі, бір клеткалы организмдерден бастап және адаммен аяқтау, күрделі структурасы мен функцияларының дамуымен, адамның жүйке жүйесі структурасы туралы анық түсініктемелері болады. C. болашақ мамандар жүйке жүйесінің организмдегі ерекшеліктерін біледі D. алған білімдерін іс-тәжірибе жүзінде пайдалану. Практикада адам организмі күрделі де өзара тығыз байланысқан жүйелерден, мүшелерден және ұлпалардан тұратын студенттердің іздену қызметін белсенді ету; Е. ЖЖҚ анатомиясы мен физиологиясы алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдану; пән бойынша алынған білімдерін практикада пайдалану