Дублиндескрипторлары А) В) С) D) E)
Пәннің атауы Клиникалық психологиядағы зерттеудің әдіснамасы (Қ.Жұбанов ат.АӨУ) Бағдарлама авторы Измагамбетов А.К. Курсты оқытудың мақсаты(оқу бағдарламасына сәйкес) – Пәнді оқытудың мақсаты - білім алушыларға қазіргі клиникалық психологияның негізгі әдіснамалық мәселелері мен клиникалық психологиядағы зерттеулерге кешенді пәнаралық көзқарас дағдысын қалыптастыру; зерттеу міндеттерін құзыретті қою, өз зерттеу қызметін жоспарлау және алынған деректерді адекватты түсіндіру қабілетін дамыту үшін жағдай жасау болып табылады. Студенттер пәнді оқу нәтижесінде әдістемелік мәселелерді шешудің негізгі ғылыми тәсілдері туралы білімдерді меңгереді. Пәннің қысқаша мазмұны(негізгі бөлімдері немесе тақырыптар атаулары) Балалық шақ мәселелері. Жасөспірім кезіндегі проблемалар. Көңіл-күйдің бұзылуы.Тұлғаның бұзылуы. Мазасыздықтың бұзылуы. Ұйқының бұзылуы. Тамақтанудың бұзылуы. Заттарды қолданумен байланысты бұзылулар. Танымдық бұзылулар. Адаптивті бұзылулар және басқалар.
Пререквизиттеріжалпы психология, даму психологиясы.
Постреквизиттері психология ғылымының әдіснамалық негіздері.
Оқытудан күтілетін нәтижелер А. нақты практикалық міндеттерді шешуде теориялық білімдерді қолдану; В.зерттеу нысанын анықтау, мақсат қою, зерттеуді орындау жоспарын құру С. ақпараттарды зерттеу және өңдеуді жүзеге асыру; D. алған білімдерін іс-тәжірибе жүзінде пайдалану, зерттеу нәтижелерін талдау және өңдеу; Е.түрлі әлеуметтік жүйелерде эксперименталды зерттеулер жүргізу дағдысын қалыптастыру
Дублин дескрипторларыА) В) С) D) E)
Пәннің атауы Стресс психологиясы (Қ.Жұбанов ат.АӨУ) (ДОЭ) Бағдарлама авторы Исатаева Б.Б Курсты оқытудың мақсаты: (оқу бағдарламасына сәйкес)Бұл пән стрессті биологиялық және психологиялық категория ретінде зерттейді. Пән студенттерге стресстің классикалық тұжырымдамаларының негіздерін, стресстің көрінісі мен оны бағалау критерийлерін, стресс кезіндегі мінез-құлық реакцияларының өзгеруін, оның эмоционалды көріністері мен стресстік жағдайлардың динамикасын зерттеуге арналған. Курсты игеру нәтижесінде студент стресстің деңгейі мен жағдайын объективті бағалайды, бейтараптандырудың жалпы тәсілдерін және кәсіби қызметте стрессті оңтайландыру әдістерін тиімді қолданады.