Пәннің қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдері немесе тақырыптар атаулары) Ғылыми зерттеу. Эксперименталды психологияға кіріспе. Эксперименталды психологияның пәні, мақсаты мен міндеті. Эксперименталды психологияның даму тарихы. Эксперименталды психологияның әдістемелік негізі. Ғылым әдістемесі. Ғылым парадигмасы. Психологиялық теория және оныңы құрылымы. Психологиялық зерттреулердің әдістерінің классификациясы. Эксперименталды психологиялық зерттеу. Эксперимент психологиясы. Эксперименталды қарым қатынас мәні мен сызба рөлі. Эксперименттің валидтісі. Валидтілік түрлері. Ауыстырмалы эксперимент. Эксперименталды таңдау. Психологиялық өлшем. Өлшем шкаласының түрлері. Психологиялық экспериментті жоспарлау. Түзету зерттеулері. Ғылыми қорытынды экспериментті аяқтау кезеңі ретінде.Экспериментті анықтамаларды бейнелеудің тәсңлдері мен формалары. Психологиялық зерттеулердің нәтижелерін көрсету формалары.
ПререквизиттеріЖалпы психология, ЖЖҚ анатомиясы.
Постреквизиттері Психология ғылымының әдіснамалық негіздері. Педагогикалық-психологиялық коррекция әдістері.
Оқытудан күтілетін нәтижелер А. Психологияның дамуындағы эксперименталды кезеңге дейінгілерге қатысты, практикада бақылау мен басқа эмпирикалық әдістер туралы білімдерін қалыптастыру және бекіту; психологиялық экспериментті жоспарлап және оны ұйымдастыру бойынша теориялық білімдерді меңгерту; эксперименталды зерттеудің өтілу барысында практикалық дағдыларды қалыптастырып, оның алған нәтижелерінің ұсынылуы мен өңделуін білуі; ғылыми зерттеудің өтілуінің белгілі бір мәдени деңгейін және эксперименталды жұмысқа бағытталуын қадағалау, білім алушылардың оқыту процесі кезінде алған білімін, білігі және дағдысын кәсіби қызметте қолдана алуы.
В.Эксперименталды психологияның қалыптасуы мен тарихын білуі керек; эксперименталды психологияның өзекті мәселелерін білуі керек; психологиядағы теориялық және эмпирикалық білім туралы ұғымдарды білуі керек; теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуі керек; психологиялық эксперимент ерекшелігін, іс-әрекеттің эксперименталды психологиясы жайлы, әрекеттің табиғи және жасанды түрлері жайлы білімдері болуы керек. С. Практикалық жұмыстарды жоспарлау және жүргізу дағдысын меңгеруі керек; психологиядағы ғылыми-ұғымды аппараттарды игеру шеберлігін меңгеруі керек; зерттеу іс-әрекет дағдыларын меңгеруі керек. D. алған білімдерін іс-тәжірибе жүзінде пайдалану. Е. түрлі әлеуметтік жүйелерде эксперименталды зерттеулер жүргізу дағдысын қалыптастыру