Кондиционерлеу отопление, вентиляция и кондиционирование воздуха



Pdf көрінісі
бет5/82
Дата06.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
103 СН РК 4.02-01-2011 (2)

ҚР ҚН 4.02-01-2011* 

ҚР ҚН 2.04-03-2011 Ғимараттардың жылу қорғанысы. 
ҚР ҚН 4.03-01-2011 Газ тарату жүйелері.
ҚР ҚН 4.02-02-2011 Жабдықтар мен құбыр жолдарын жылумен оқшаулау. 
ҚР ҚН 2.04-02-2011 Шудан қорғау. 
ҚР ҚН 3.02-06-2011 Қонақ үйлерді жобалау. 
ҚР ҚН 3.02-09-2011 Көп қызметтік ғимараттар мен кешендер. 
ҚР ҚН 3.02-20-2011 Мәдени ойын-сауық мекемелері. 
ҚР ҚНжЕ 2.01.07-85* Жүктемелер мен әсер етулер. 
ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001* Құрылыс климатологиясы 
ҚР ҚНжЕ 3.02-21-2004* Бөлшек сауда кәсіпорындары. 
ҚР ҚНжЕ 3.02-27-2004 Тұрғын бір пәтерлі үйлер. 
ҚР ЕЖ 1.01-101-2014 Құрылыстық терминология. 
МҚН 3.02-03-2002 Мекемелер мен ұйымдарға арналған ғимараттар мен үй-жайлар. 
ЕСКЕРТПЕ Осы құрылыс нормаларын пайдаланған кезде ағымдағы жылдағы жағдайы бойынша жыл 
сайын шығарылатын ақпараттық сілтемелері «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі 
нормативтік құжаттарының сілтемесі», «Стандарттау бойынша мемлекетаралық нормативтік құжаттардың 
сілтемесі», «Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілердің тізімі» бойынша сілтеме 
стандарттардың және нормативтік құжаттардың қолданысын тексерген орынды. 
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 
Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамалары бар терминдер қолданылады: 
3.1 Апаттық желдеткіш: Қорғалатын үй-жайға жанар газы, бу және шаң кенеттен 
түскен кезде олардың шоғырлануының қауіпті мәніне дейін артуын болдырмауды 
қамтамасыз ететін үй-жайлардағы реттелетін (басқаратын) ауа алмасу. 
3.2 Механикалық қауіпсіздік: Адамның өміріне немесе денсаулығына, мүлігіне, 
қоршаған ортаға, ғимараттың, құрылыстың немесе олардың бөлігінің тұрақтылығының 
бұзылуы немесе жойылуы салдарынан жануарлардың және өсімдіктердің өмір сүруіне 
және денсаулығына зиян келтіруге байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы 
кезіндегі ғимараттардың немесе құрылыстардың жағдайы.
3.3 Өрт қауіпсіздігі: Өрттің шығуына және өрістеуіне, сондай-ақ өрттің қауіпті 
факторларының адамдарға, мүлікке және қоршаған ортаға шамадан тыс әсер етуіне жол 
берілмейтін қатердің болмауы кезіндегі ғимараттар немесе құрылыстардың жағдайы. 
3.4 Қауіпсіз жағдайлар (адамның тіршілік етуі үшін): Адамға оның факторлары 
шамадан тыс зиянын тигізетін жол берілмейтін қатердің болмауы кезіндегі тіршілік ету 
ортасының жағдайы. 
3.5 Желдеткіш: Санитарлық-гигиеналық және технологиялық талаптарға сәйкес 
ауа кеңістігін құруды қамтамасыз ететін үй-жайлардағы табиғи немесе жасанды 
реттелетін ауа алмасу. 
3.6 Үй-жайдың жоғарғы аймағы: Қызмет көрсетілетін немесе жұмыс аймағының 
жоғары жағында орналасқан үй-жай аймағы. 
3.7 Жарылуға қауіпті қоспа: Тұтану кезінде жану жанбаған қоспаның барлық 
көлеміне таралатын және 5 кПа артатын жарылу қысымын өршітетін қалыпты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет