991 жылы желтоқсанда тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев сайланды



Дата19.11.2022
өлшемі0,73 Mb.
#51250

Отан үшін отқа түс - күймейсің
Родная земля – золотая колыбель
Отан отбасынан басталады
Ел іші – алтын бесік
Человек без Родины – как соловей без леса
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Для Родины своей ни сил, ни жизни не жалей
Родина – мать, умей за нее постоять.
1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев
сайланды.
1 декабря 1991 года был избран первый президент Н.А.Назарбаев.
2019 жылдан бастап Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан республикасының президент болып сайланды.

1992 жылы Қазақстан Республикасының әнұраны, елтаңбасы, туы қабылданды


Қазақстан Республикасының туы
Авторы: Суретшi Шәкен Ниязбеков
Мемлекеттік Ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.

Елтаңба


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

Теңге — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Ұлттық валюта мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендінің айғағы, нышаны болып табылады. Теңге — әлемдегі ең жақсы жасақталған, сақтық шарасы мықты валюталардың бірі. Банкноттардың жалған банкнот жасауға қарсы 18 түрлі сақтық белгілері бар. 2007 жылы Халықаралық Валюта Ассоциациясы 10 000 теңгені әлемдегі ең үздік банкнот деп таныды.
1993 ж 15 қарашасында ұлттық валюта - теңге айналымға енгізілді

1998 ж 10 маусымда Астана қаласының тұсауы кесілді



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет