Көне түркі шешендігі. Орта ғасырлық түркі шешендігі «Түркі шешендік өнері»



бет2/3
Дата26.09.2022
өлшемі48,18 Kb.
#40258
1   2   3
Қазақ шешендігінің көне тарихы оның көркем әдебиетінің ертедегі бастауларымен, әсіресе, жазба ескерткіштерімен тығыз байланысты. «Жазба ескерткіштері» деп отырғанымыздың себебі өте ерте замандардағы шешендіктің үлігілерінің біздің заманымызға ауызша жетуі қиын. Тіпті, жеткен күннің өзінде замана тезінен өтіп, соңғы дәуірлердегі сөз зергерлерінің өңдеуіне ұшырап, өзгеріп жетер еді. Бақытымызға орай, қадым заманның тілін, сөз сөйлеу мәнерін, шешендік үлгілерін бастапқы дәлме-дәл күйінде сипаттап беретін көнеден қалған ескерткіштеріміз көп. Бұл ең алдымен тасқа жазылған көне түркі жазулары, әсіресе, «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» сияқты ежелгі түрік шежірелері.
Әдебиетіміздің қадым замандардағы бастаулары туралы айтар болсақ, Немат Келімбетов «... түрколог-ғалымдар бүкіл түркі тілдес халықтардың сан ғасырлық әдебиет тарихын негізінен екі кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезең – тәңірлік дәуір әдебиеті, ал екіншісі ислам дәуірі әдебиеті болып табылады» деп жазады. Бұдан әрі қарай ғалым тәңірлік дәуір әдебиетінің өз кезегінде үш дәуірге бөлінетінін атап өтеді. Олардың біріншісі – ежелгі түркілердің арғы ата-тегі болып саналатын сақтардың (б.д.д. IX – III ғғ.) «Алып Ер тоңға» дастаны және «Шу» дастаны. Екінші топқа Н. Келімбетов ғұндар дәуірінің «Оғыз қаған», Атилла», «Көк бөрі» және «Ергенекон» дастандарын жатқызады. Үшінші дәуірге ол Түрік қағанаты тұсында тасқа жазылған «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» сияқты ерлік жырларын жатқызады.
«Қыпшақ даласына ислам діні тарағаннан кейінгі дәуірі әдебиетінен бізге жеткен рухани мұраларды да үш топқа бөліп қарастыру қажет деп білеміз» дейді Н. Келімбетов. Бірінші топқа (Х – ХІІІ ғғ.) ғалым негізінен этикалық-дидактикалық сарындағы поэзиялық туындылар болған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы», Қожа Ахмет Йассауидің «Ақыл кітабы» т.б. шығармаларды жатқызады. Екінші топқа Алтын Орда дәуірі әдебиетіне (XII –XV ғғ.) енетін, көне түркі әдеби тілінің оғыз-қыпшақ вариантында өмірге келген туындылары кіреді (Хорезмидің «Мұхаббат-намесі», Құтбтың «Хұсрау-Шырын», Сайф Сарайдың «Түркі тіліндегі Гүлістан», Дүрбектің «Жүсіп пен Зылиха» т.б. дастандар).Үшінші топқа тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер енетінін атап көрсетеді (Әбілғазы Баһадүрханның «Түрік шежіресі», Қадырғали Жалаиридың «Шежірелер жинағы», Бабырдың «Бабыр-намесі», Хайдар Дулатидің «Тарих и Рашиди» атты еңбектері) [33,8]. Алдағы кезде басқа да қадым заманның шығармалары табылып жатса, мұндай жіктемеге түзетулер енгізіліп, толықтырылуы мүмкін. Оның үстіне, еліміздің территориясында тәңіршілдік дінінен бұрын қандай наным-сенімдердің болғаны әзірше бәймәлім болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет