Көне түркі тіліндегі сөз тіркесінің қолданысы



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата02.11.2022
өлшемі0,69 Mb.
#47018
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Zhuyntaeva Kone 2013

Білге қағанның халқы. Бенің будунум — Менің халқым. Мұнда бірінші сыңары ілік септікте, екінші 
сыңары тəуелдік жалғауларының І, ІІ-жақтарында берілген. 
Екінші топтағы сөз тіркестерінің бірінші сыңары жалғаусыз, екінші сыңары жалғаулы болып 
келеді. Сү басы — Əскер басы. Бен өзүм — мен өзім. 
Үшінші топта тəуелді жалғаулы сөз ілік жалғаулы сөзсіз байланысып тұрады. Қағаным — 
қағаным. Йағымыз — жауымыз. Йағычысы — бастаушысы. 
Матаса байланысқан сөз тіркестері анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Олар меншіктілік 
қатынасты (қағанның будуны — қағанның халқы), табғач сүсі (табғаш əскері), туған-туыстық 
қатынасты (түрк будун — түркі халқы), бөлшектеу мағынасын (бу үчегү — бұл үшеуі) білдіреді. 
Қабысу — түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік 
байланыс формасының бірі. Қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек орын 
тəртібі арқылы байланысады. Ескерткіштер тілінде қазіргі қазақ тіліндегідей қабыса байланысқан сөз 
тіркестерінің сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімше, есімдік сияқты сөз таптарынан жасалады. 
Анықтауыштық қатынастағы тіркестерді құрайтын зат есімдер бір-бірімен атау тұлғада қабыса 
байланысады. Түрк будун (түркі халқы), Алтун йыс (алтын қойнау), Қапаған қаған (Қапаған қаған). 
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері əр түрлі мағыналық қатынаста жұмсалады. 
Ескерткіштер тілінде меншіктілік қатынастың арнаулы аффикссіз берілуі көне түркі тілінің 
өзіндік бір ерекшелігі болып табылады. Жазбалар тілінде ұшырасатын сондай сөз тіркестеріне назар 
аударайық: табғач будун (табғаш халқы), түрк будун (түрк халқы), қон йыл (қой жылы) [7]. 
Сын есімді сөз тіркестері анықтауыштық қатынаста қолданылады. Анықтауыштық қатынаста 
жұмсалатын сын есімдер заттың түсін, көлемдік сапасын, бір затқа қатысын т.б. білдіреді. Семіз буқа 
(семіз бұқа), йірчі йір (жершіл ер), өрүң күмүс (ақ күміс), қызыл қан (қызыл қан), йарақлығ йағ 
(қарулы жау). 
Сын есімдер өздерінің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай басқа бір сөздің, көбінесе 
заттың атын білдіретін сөздер жетегінде айтылады. V–VІІІ ғасыр ескерткіштері тілінде де олар зат 
есімдердің, арагідік етістіктердің жетегінде айтылып, жалғаусыз, орын тəртібі жəне дауыс ырғағы 
арқылы байланыста тіркес құрайтын сөз тобы ретінде көріне бастады. Орхон-енисей жазбалары 
тілінде сын есімдермен келген мына сияқты сөз тіркестері жиі ұшырайды: сарығ алтун, өрүң күмүш 
…көлүрті (сары алтын, ақ күміс əкелді). Түрк білге қағантма бітідім бен білге Тонықұқ (Түріктегі 
Білге ханының еліне арнап жаздырдым мен білгір Тонықұқ). Осы сөйлемдердегі сарығ алтун, орүң 
күмүш, білге Тонықұқ тəрізді сын есімдермен келген сөз тіркестері қазіргі қазақ тіліндегі ақ орамал, 
сары шаш, білгір кісі тəрізді тіркестерден грамматикалық жағынан болсын, семантикалық жағынан 
болсын айырмашылығы жоқ [7; 4]. 
Сапалық сын есімдер мен зат есімдер тіркескенде, мына фактіні еске алу қажет: ескі түркі 
тілінде сапалық сын есімдер сан жағынан аз болумен қатар, олардың қолданылу сферасы да, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


З.Н.Жуынтаева, М.А.Тұрсынова 
28 
Вестник Карагандинского университета 
мағыналық мəнерлері де шағын болды. Қатыстық сын есімді анықтауыштық сөз тіркестерін жасауда 
сын есім тудыратын қосымшалардың қызметі ерекше. Мысалы: йарақлық елігін (қарулы 
қолбасыларын), күнлік бітімін (күндік жазуымды), ічіре ассыз, ташра тонсыз (іші ассыз, тысы 
киімсіз), чөлгі аз ері бұлтым (шөлдегі аз халқының бір ерін таптым) т.б. 
Сан есімді сөз тіркестерінде сан есімдер де өзі бағынатын сөздерін сан мөлшері жағынан 
айқындап, анықтауыштық есім сөз тіркестері құрамына енеді. Мұндай тіркестерде сан есімді 
анықтауыштар өзі бағынышты сөздердің алдында тұрып, онымен қабыса байланысады, ал басыңқы 
компонент заттың атын білдіретін сөз, не заттық ұғымын жоймаған қатыстық сын есімдер болуы 
мүмкін. Мысалы: екі үлүгі (екі бөлегі), йеті йүз кісі (жеті жүз кісі), тоқуз оғуз (тоғыз оғыз), екі-үч 
бың сү (екі-үш мың қол), үч отуз балық (жиырма үш қала), икінті сүңүс (екінші соғыс) т.б. 
Тарихи жазбалардан есімдікті сөз тіркестерінің мынадай түрлерін кездестіруге болады: бу йол 
(бұл жол), ол суб (ол сөз), ол йер (ол жер), не буңы (не мұңы). Есімдіктердің ішінде сілтеу, сұрау 
есімдіктері қабыса байланысқан сөз тіркестерін жасауға қатысады. 
Есімшелі сөз тіркестері — түркі тілдерде көне дəуірден бері келе жатқан синтаксистік құбылыс. 
Көне түркі тілінде есімшелер -дуқ, -дүк, -дұқ, -тұқ, -мыш, -міш, -ығма, -ігме қосымшалары арқылы 
жасалған. Бардуқ йірде (барған жерде), келігме беглер (келген бектер), йатығма тағ (жатаған тау), 
будун болмыш үчүн (халық болғаны үшін). Бұлар — есімшенің көне тұлғалары. Қазіргі тіліміздегі 
есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -йтін тұлғалары кейін қалыптасқан. Көне түркі тілінде 
қазіргі тіліміздегі есімшенің -ар, -ер, -р тұлғалары бізге сол күйінде жеткен. Мысалы: көрур көзім 
(көрер көзім), білір білігім (білер білімім). 
Көне түркі тілінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерімен қатар етістікті сөз тіркестері де 
жиі ұшырасады. Мысалы: түн қатдымыз (түн қаттық), бод қалматы (ештеңе қалмады), қаған 
олурты (қаған көтерді), оғуз клті (оғыз келді). 
Ғ.Айдаров «Күлтегін» ескерткішіндегі қабыса байланысқан сөз тіркестерін былай топтастырады: 
Меншілікті көрсететін сөздер: беңгү таш — мəңгі тас, табғач будун — табғаш халқы, түрк 
беглер — түрк бектер. 
Географиялық атаулар: Өтүкен йыш — Өтукен қойнауы, Шантун йазы — Шантұн жазығы, 
Темір қапығ — Темір қақпа. 
Жыл, ай атаулары: қой йылқа — қой жылғы, бічін йыл — мешін жыл, йетінч ай — жетінші ай. 
Өлшемдік қатынастар: ең ілкі — ең ілкі, біш йолы — бес рет [8]. 
Жанасуда кейбір пысықтауыштар етістіктен болған баяндауыштармен ешбір орын талғамай 
байланысады. Мысалы: ебірү түсейін (айнала түсейін), күнтүз олурматы (күндіз отырмады), түн 
удыматы (түн ұйықтамады). Қабысуда өзара тіркескен сөздер орындарын өзгертпей, жұбын 
жазбайды. Ал жанасуда олай емес, кей кездері тіркескен сөздер бір-бірінен қашық тұра береді [9]. 
Жанасу — пысықтауыш пен баяндауыш арасында болатын байланыс. Жанаса байланысқан сөздердің 
сөйлемдегі орны ерікті, олар сөйлемнің басында, ортасында келе береді. 
Қорыта келгенде, тіліміздің тарихының қайнар көзі болған «Орхон-Енисей» ескерткіштерінде 
қолданылған сөз тіркестерінің қолданысы қазіргі қазақ тілінен көп алшақтай қоймайды. Біздің 
тілімізге жетпеген кейбір септік жалғауларының көне тұлғалары арқылы қалыптасқан сөз тіркестері 
болмаса, қазіргі тілімізде қолданылып жүрген сөз тіркестерінің байланысу тəсілдері мен 
формаларында айтарлықтай ерекшелік жоқ. Біз бұдан көне түркі тілі мен қазіргі қазақ тілінің 
арасында сабақтастық бар екендігін байқаймыз. 
Əдебиеттер тізімі 
1 Аманжолов А. Түркі филологиясы жəне жазу тарихы. — Алматы: Санат, 1996. — 44-б. 
2 Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. — Алматы: Мектеп, 1986. — 173 б. 
3 Қазақ грамматикасы. — Астана, 2002. — 57-б. 
4 Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. — Алматы: Рауан, 1976. — 96-б. 
5 Аблақов А. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері. — Алматы: Мектеп, 1986. — 3-б. 
6 Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. — Алматы: Мектеп, 1981. — 207 б. 
7 Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. — Алматы: Мектеп, 1986. — 62-б. 
8 Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. — Алматы: Ана тілі, 1995. — 141,142-б. 
9 Айдаров Ғ. Тоникуқ ескерткішінің (VІІІ ғасыр) тілі. — Алматы: Қазақстан, 2000. — 85-б. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Көне түркі тіліндегі сөз тіркесінің қолданысы 
Серия «Филология». № 1(69)/2013 
29 
З.Н.Жуынтаева, М.А.Турсунова 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет