Конец формы алланың КӨркем есімдері اللهАлла



бет3/8
Дата29.03.2023
өлшемі38,92 Kb.
#77235
1   2   3   4   5   6   7   8
20. العَلِيمُ Әл-Алим – Бәрін білуші, Терең білім иесі. Ол әр нәрсені толық біледі және де Ол білмейтін ешнәрсе жоқ. Алла Тағала – білушілердің білушісі. Алла Тағала ғайыпты да, көмескіні де біледі. Кім бұл есімді атап, зікір етіп жүрсе Алла Тағала оған білім мен даналықтың есіктерін ашады.
21. القَابِضُ Әл-Қабид – Қысып алушы. Кімге қаласа, ризығын береді, қаласа бермейді. Кім бұл есімді қайталап айтып жүрсе, аш-зарыққан болмас.
22. البَاسِطُ Әл-Басит – Жаюшы. Өз ризық нығметтерін қалаған құлдарына береді.
23. الخَافِضُ Әл-Хафид – Түсіруші. Алла Тағала кәпірлерді тозақтың түбіне түсіреді және кәпірлерге қайғы, мұң-зар мен азап береді. Кім Алла Тағаланың бұл ғажайып есімін 500 мәрте зікір етсе, Хақ Тағала оның дұғасына жауап береді.
24. الرَّافِعُ Әр-Рафиғ – Көтеруші, Биіктетуші. Өзіне жақын құлдардың беделін бұл дүниеде де, ақыретте де көтереді.
25. المُعِزُّ Әл-Муиз – Қуат беруші. Өзінің мүмин құлдарына мықты қуат береді. Олардың мойынсұнғандары үшін күнәларын кешіріп, жәннатта құрметті орын береді.
26. المُذِلُّ Әл-Музил – Кемсітуші. Кәпірлерді мойынсұнбағандықтары үшін кемсітеді, оларға «азап үйін» – тозақты дайындайды.
27. السَّمِيعُ Әс-Сәмиғ – Әр нәрсені Есітуші. Әр естілетін дыбыс ғайып айтылса да Оның есітуінен тыс қалмайды. Ол құпияның бәрін біледі. Оның ести алмайтын нәрсесі жоқ. Ол T барлық сыбыс, дыбысты естиді.
28. البَصِيرُ Әл-Басир – Көруші. Ол бәрін Көреген. Адам және басқа мақлұқтар көрмейтінін бәрін көреді. Оған көрінбейтін зат жоқ. Ол ғайыпты да көреді.
29. الحَكَمُ Әл-Хакәм – Хәкім. Қазы, Төреші. Соттың үкімі Оның құзырында. Оның үкімі кесімді. Оны ешкім сынай алмайды және Алланың үкімдерін кемсітіп, жамандауға ешкімнің хақысы жоқ. Кім дәрет алып, осы есімді күніне 99 рет зікір етсе Алла Тағала оның жүрегін нұрландырады.
30. العَدْلُ Әл-Ғадилу – Әділ, Адал. Ол кімге болмасын, ешбір әділетсіздік жасамайды. Ол өз шешімдерінде әділ.
31. اللَّطِيفُ Әл-Ләтиф – Жұмсақ, зор кеңшілік Иесі. Өзінің құлдарына өте ілтипатты. Өз құлдарының істерін толық біледі және адамдардың мінездеріне жұмсақтық салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет