Конец формы алланың КӨркем есімдері اللهАлла



бет4/8
Дата29.03.2023
өлшемі38,92 Kb.
#77235
1   2   3   4   5   6   7   8
32. الخَبِيرُ Әл-Хабир Толық хабар алушы. Барлық істер оның қалауымен жасалады. Ол ешқашан хабарсыз қалмайды. Жаратушының бұл көркем есімін қайталаған адамды Алла Тағала қанағатты етеді.
33. الحَلِيمُ Әл-Халим – Ерекше Мейірімді, Өте Жұмсақ. Азабын тездетпейді, бірақ малғұн шайтанға еріп, күнәлі іс жасағандарға азабы жақын.
34. العَظِيمُ Әл-Ғазим – Аса зор, кеңшілік Иесі, Мәртебелі, Ең Ұлы. Оның мәртебесінің басы да, соңы да жоқ.
35. الغَفُورُ Әл-Ғафур – Кешіруші, күнәларды кешуші. Кешірім сұраушыларды күнәлары үшін қолға алмайды, жаман істерін жақсы амалдарға ауыстырады.
36. الشَّكُورُ Әш-Шәкур – Шүкірді қадірлеуші. Адамдарға шүкірлік айтқаны үшін мәрхамет етеді. Құлдарына көркем істері үшін ізгілік етеді.
37. العَلِىُّ Әл-Ғалиу – Өте биік, Жоғары, Мәртебелі. Адамдардың сезім, сана және басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол әр уақытта биіктікте.
38. الكَبِيرُ Әл-Кәбир – Ұлық, Ең Ұлы, Абырой және мәрхамет иесі. Адамдардың ойлау, көру және сезу мүшелерінен тыс.
39. الحَفِيظُ Әл-Хафиз – Қорғаушы. Сүйікті құлдарын жамандық пен кесірден сақтайды. Өз құлдарының сауап істерін қиямет күні мәрхамет ету үшін жазып, сақтайды. Алла Тағала – әлсіздердің жәрдемшісі.
40. المُقِيتُ Әл-Муқит – Азық беруші. Азықты жаратып мақұлықтарына таратып береді. Даналықты және білімді жүректерге жеткізеді.
41. الحَسِيبُ Әл-Хасиб – Есеп беруші, Жеткізуші. Өз құлдарының қажеттерін өтейді.
42. الجَلِيلُ Әл-Жәлил – Биік, Үлкен, Өз ұлығында өте биік. Қадір-қасиетінде аса Ұлы.
43. الكَرِيمُ Әл-Кәрим – Құрметті, Мәрхамет иесі, ізгілік істеуші. Оның рахымында шек жоқ. Ізгілігі ешқашан таусылмас. Уәде берсе, толығымен орындайды.
44. الرَّقِيبُ Әр-Рақиб – Қараушы, Бақылаушы. Ол әр нәрсені көріп, біліп тұрады. Ешнәрсе оның алдынан өтпей кетпейді.
45. المُجِيبُ Әл-Мужиб – Жауап беруші. Оған дұға етіп жалбарынған құлдарына жауап береді. Ол адам баласы үшін не нәрсе пайда беретінін біледі. «Иә Мужибу дағуати тәммәти» деп дұға етілсе, Жауап беруші Хақ тағаланың жауап беруі сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет