206
мүмкіндіктерінің кең спектрлігі оқушылардың компьютерлік сыныпта алатын
білім үдерісін бірталай жақсартады және жеңілдетеді.
Net Control 2 Classroom бағдарламалық комплекстің көмегімен мұғалім:
Оқу материалын түсіндіре алады, суретті өзінің
компьютерінен оқушылардың
компьютерлеріне жіберіп көрсете алады. Өткізіліп жатқан тақырып мұғалімнің
жұмыс үстелінен жүктелген кезде оқушылардың мониторларында көрінуі тиісті.
Кең коммуникациялық мүмкіншіліктерді қолдану: виртуальді тақтаны, лезде
қолданатын чат, SyncPlayer, видеоны синхроды түрде барлық компьютерлерге
қосуға, мұғалімнің сөйлеген дауысын лезде барлық немесе тек жеке оқушыларға
жібере алуға және мәтіндік хабарлама жібере алады.
Бағдарламаның шектеу қоятын құралдарының
көмегімен мұғалім өз
компьютерінде отырып, оқушы компьютерлерін уақытша шектейді (доступ),
ойындарды ашуға, веб сайттарға кіруге және керек емес қолданбалар мен
бағдарламаларды қосуға шектеу қоя алады. Сонымен қатар USB құрылғыларды
қосуға және баспаға жіберетін (принтер) құрылғыларды қосуға тиым сала алады
( 6-сурет).
7-
сурет. Net Control 2 Classroom
бағдарламасының
желіні басқарудың түрі
Локальді желіні физика сабағында
қолдану кезінде үш немесе төрт топқа
бөліп өткізуге мүмкіндік туады.
Мысалы: бірінші топ - тақырыпқа
байланысты өз
компьютерлерінде
тест тапсыра алады.
Екінші топ -
физикалық құбылыстарды бақылай
отырып олардың заңдылықтарын
айтуға
өз беттерімен дайындалып
отырады. Үшінші топ - берілген
құбылыстарды
практикада
қолданылуын кестеде объектілерді
сәйкестендіру арқылы толтырады, барлық толтырып болған соң түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: