Конференция материалдары


ACTIVOTE  құралын қолдану  Локальді желіні Сайтты Ақпараттық



Pdf көрінісі
бет99/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   127
ACTIVOTE 
құралын қолдану 
Локальді
желіні
Сайтты
Ақпараттық
 
 
технология
 
AdobeConnect 
бағдарламасын 
қолдану 
Ғаламтор
желісі
арқылы
олимпиадаға
PASCO 
құралы
мен
GLX 
 
Xplorer 
мәлімет


202 
техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі мен бағдарламаларды, 
электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық 
электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын 
көтеру. 
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне 
ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру 
қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Ақпараттық 
үдерістерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы есептеу техникалары біртұтас 
күрделі жүйе болып табылады. Сол себепті, педагогтардың кәсіби біліктілігін 
арттыруда ақпараттық технологияны оқып - үйрену және оны қолдану күрделі 
процесс болып табылады [2]. 
Ақпараттық технология – 
қазіргі компьютерлік техника негізінде 
ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін 
бағдарламалар мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. 
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес 
қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім 
стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің 
ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу
мүмкіндіктері жатады [3]. 
1.
 
ACTIVOTE құралын қолдану 
Физика пәнін мультимедиалық кабинеттерде сабақ берген кезінде ActiVote 
құралын қолданып кезкелген тақырыптарда тест сұрақтарын алған өте тиімді, 
себебі оқушылар физика пәнінің тест сұрақтарына жылдам жауап беруге және 
есептерді тез шешуге дағдыланады. Сонымен қатар өздерінің нәтижелерін сол 
мезете көруге мүмкіншілік туады. ActivBoard (Promethean, Ұлыбритания) 
инерактивті тақтасына арналған ActivInspire (версия 1.4.) бағдарламасында 
ActiVote құрылғыларын тіркеу және интерактивті сауалнамалар алу үшін, 
алдымен пульттарды интерактивтік тақтаға тіркеу керек. ActiVote құрылғысын 
тіркеп, сол құралмен қашықтықтан оқушылар тест сұрақтарына жауап бере 
алады. 2 – суретте ActiVote құрылғыларының сыртқы түрі мен ActivInspire 
бағдарламасының тест тапсыру кезіндегі интерфейсі көрсетілген. 
2 – сурет. ActiVote құрылғыларының сыртқы түрі және 
ActivInspire бағдарламасының интерфейсі. 
А, B, C, D, E, F батырмалары интерактивті жауап берулерге арналған. Бұл 
батырмалар арқылы дұрыс жауапты таңдап, керекті батырманы басқаннан 


кейін ActivInspire бағдарламасы таңдалынған нұсқаны қабылдайды. Бұл тест 
алынып болғанан соң оқушылардың берген жауаптары Microsoft Excel 
бағдарламасына экспортталады да, қай оқушы қандай уақытта қанша пайызға 
дұрыс орындағанын тізім бойынша анық көрнекі ретінде көре аламыз. Бұл 
біріншіден мұғалімнің уақытын үнемдесе, ал екінші жағдайда оқушылар 
өдерінің білім дәрежесінің әділ бағаланғанын лезде көре алады. Сонымен қатар 
нәтижелерді оқушының аты-жөні бойынша немесе сұрақтар бойынша 
сұрыптауға болады 
(3 – сурет). 
3 – сурет. Тест нәтижелерінің Excel бағдарламасындағы қортындысының бейнесі. 
Суреттегідей бейнеленеді қызыл түске боялса қате дегенді, ал жасыл түске 
боялса дұрыс жауап дегенді білдіреді. 
Интерактивтік тесттер алу мұғалімге төмендегідей мүмкіншіліктер береді: 

өтілген тақырып бойынша алынған тест арқылы оқушылар сапалы түрде 
меңгергендігін бағалауға

сұрақтарға оқушылардың жауап қайтару әрекеттерін көруге; 

сабақта пікірталастарды ұйымдастыруға; 

тест сұрақтарына жауап беру кезінде уақыт бойынша шектеулер қоюға; 

тестің нәтижесін дереу алуға; 

оқушылармен біріге отырып тест нәтижелеріне сараптамалауға және 
қатемен жұмыс істеуге [4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет