Конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет114/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   127
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1.
Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы: Жалын, 1991. - 464 б 
2.
Әуезов М. Ақаңның елу жылдық тойы // Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы: 
Жалын, 1991. - 17-б. 
3.
Дулатов М. Шығармалар. - Т. 1. - Алматы: Жазушы, 1991. - 384 б. 
4.
Қай әдіс жақсы. А.Байтұрсынұлы. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, 
публ.мақалалар және әдеби зерттеу /Құрастырған. Р.Нұрғали. –Алматы:Жалын, 
1991.–464 бет. 
5.
Оралбаева Н. А.Байтұрсынұлы – тұңғыш әдістемеші ғалым. Ұлттық рухтың 
–ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы.-Алматы: Ғылым, 199. -568 бет 


229 
6.
Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты 
еңбектері). –Алматы:Ана тілі, 1992. – 448 б. 
ӘОЖ 378.1.147 
Шагирбаева Бақтыгүл Қошқарбайқызы 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан 
B_Shagirbaeva73@mail.ru
 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ 
Аннотация. Мақалада оқу мен тәрбие үдерісінде білім алушы бойында ұлттық 
құндылықтар жүйесін қалыптастырудың мәселелері айқындалады. Жаңартылған 
мазмұндағы 
үлгілік 
оқу 
бағдарламасының 
ұлттық 
және 
рухани-адамгершілік 
құндылықтарды басшылыққа алып жасалғаны жайлы баяндалады. Ұлттық құндылықтарды 
меңгертуді қарастыра отырып білім алушылардың бойында ұлттық сана-сезім мен 
отаншылдық қасиеттерді сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілігі жоғары тұлғаны 
тәрбиелеу мәселелері қарастырылады. 
Тірек сөздер: оқыту әдістемесі, тәрбие, ұлттық құндылықтар, оқу бағдарламасы, 
жаңғыру, үрдіс. 
 
Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық-ағартушылық еңбектерін зерделеп 
оқу мен тәрбие үрдісінде пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешенін жасау, оны 
теориялық және практикалық тұрғыда негіздеп, жан-жақты дамыған 
шығармашыл тұлға қалыптастырудың мәні мен маңызы зор екендігі белгілі. Осы 
орайда, аксиологиялық тұрғыда толыққанды дамыған, көп мәдениетті ортаға 
бейімделген, шығармашылық қабілеті жоғары, нарықтық бәсекелестік 
жағдайында өмір сүруге дайындалған, өзіндік ұлттық бет-бейнесі анықталған, 
ұлттық құндылықты жоғары ұстанатын тұлғаны қалыптастыру үрдісі сол 
кезеңдерден бері күн тәртібінде тұрған мәселе. 
Құндылық ұғымы – бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, 
қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. 
Адам құндылығының өзегін құрайтын және оны зерттейтін саланы 
аксиология дейді (грек тілінде axis-бағалы, «құндылық», logos-ілім, ғылым). 
Аксиология – құндылықтар жаратылысы туралы, оның объективті орны мен 
құндылық әлемдегі құрылымы туралы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар 
мен тұлға құрылымы арасындағы әр түрлі құндылықтар байланысы туралы ілім. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «құндылық-нарқы жоғарылық, 
қымбаттылық, бағалылық. Құндылық арқылы сол заттың маңызын, мәнділігін, 
пайдалылығын, қажеттігін білуге болады» - деп сипаттаған [1, 122-б.]. 
Қазақ энциклопедиясында «құндылық» объектінің жағымды немесе 
жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым деген анықтама 
берілген. Ежелгі философиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі 
көріністеріне жататын табиғи, қоғамдық құбылыстар, адамның іс-әрекетін 
бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді 


230 
этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылады. Құндылық объектінің адам 
үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Құндылықтар өмірге, 
еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне т.б. баға беру қатынасынан 
тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар 
мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады, реттейді [2, 45-б.]. 
Философиялық сөздікте: «құндылық»-бұл танымның, белгілі бір объектінің 
адам үшін, топ үшін, қоғам үшін қасиетті деп танылуы. Құндылыққа ешқандай 
күмән келтіруге болмайды, ол барлық адамдар үшін идеал, эталон қызметін 
атқарады» - деген анықтама беріледі [3, 156-б]. 
Шетелдік философия және әлеуметтану ғылымдары құндылық мәселелерін 
әр жақты қарастырып келеді. Т.Парсонс, Р.Б.Перри т.б. да ғалымдар 
құндылықты тұлға қызығушылығының ұмтылысы мен бағытталуының объектісі 
ретінде қарастырады және ол ұсынылып отырған бірнеше объектіден біреуіне 
таңдау жасауға негіз болады деп атап көрсетеді. 
Р.Б.Перри XX ғасырда өзінің «Құндылықтардың жалпы теориясы» атты 
еңбегінде «құндылық» ұғымына жан-жақты түсініктеме бере келе рухани 
құндылықтарға мейілінше мән береді және материалдық құндылықтар емес, 
неғұрлым әлеуметтенген және эмоциялық тұрақтылығымен ерекшеленетін 
идеялар ғана мәдениет пен өркениеттің негізін құрайды деген тұжырым 
жасайды. Перри өз еңбектерінде құндылықтарды қарапайым, күрделі, жағымды, 
жағымсыз деп топтастырады [4, 27-б.]. 
Ал Отандық философ Т.Қ.Ғабитов [5,291-б.] «құндылықтар – қасиеттер» 
дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі 
арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен 
салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Ол 
құндылық қатынас әрқашан да субъектінің бойында белгілі бір эмоцияларды – 
қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. туғызатындығын айта келе, мынадай 
құндылықтарды анықтайды: адам өмірі, еркіндік, адамгершілік, отбасы, қарым- 
қатынас, жеке бақыт, ұрпақ көбейту, күнкөріс көзі және әрекет мәні ретіндегі 
жұмыс, игілік, беделділік, заңдылық, мейірімділік, тәуелсіздік. Құндылықтар 
өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар бір-бірімен салыстырыла отырып, 
өзіндік құндылықтық қатарды, құндылықтық сатыны құрайтындығын айтады. 
Әлеуметтанушылар құндылықтарды белгілі бір ереже немесе іс-әрекеттің 
реттегіші түрінде қарастырады. Олар үшін құндылық-әлеуметтік объекті, 
қажеттілігі бар, маңыздылығы айқындалған норма. Сондықтан олардың 
айқындаған басты құндылықтары: 
1)
жалпы адамзаттық құндылықтар: адам өмірі, бостандық, отбасы, адам 
бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік
мәдениет, денсаулық, заңдылық. 
2)
рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтар: мәдениет, әдебиет, тарих, 
тіл, дін, діл, ар, ұят, намыс, абырой, дәстүр, әдет-ғұрып, салт, ұлттық 
дүниетаным, туыстық қатынастар, Отан, Ана, Жер т.б. Мәдениеттің ішкі 
құрылымынан, жалпы адамзаттық құндылық арқылы адам алдына қойған 
мақсатына жету жолында өмір сүру негізін құрайтын «мәнділік», «еркіндік», 


231 
«игілік», «жақсылық» сияқты құндылықтарға ұмтылу қажет екенін атап 
көрсетеді. 
Әлеуметтанушы Б.Ерасов - «құндылықтың пайда болуы, адамның 
қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекет, бұл белгілі бір мақсатта жүреді»,- 
дейді. Сөйтіп, әлеуметтану ғылымында әлеуметтік-мәдени құндылықтардың 
мынадай түрлерін ажыратады: саяси мұраттар, мемлекет тарихы, мемлекет 
мәдениеті, мемлекеттік шекара, дәстүрлері, тіл т.б. [6]. 
Жоғарыда қарастырылған зерттеулер бойынша біз «құндылық» ұғымында екі 
түрлі түсініктің ұштасатындығын анықтадық: 
-
құндылық қатынастың объектісі болып табылатын заттардың сыртқы 
қасиеттерінің сипаттамасы(заттық); 
-
осы қатынастың субъектісі болып табылатын адамның психологиялық 
сапалары (саналық); 
Заттық 
құндылықтарға заттардың табиғи қажеттілігі, еңбектен шыққан өнімнің 
өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мұра, табиғи және 
қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеті жатады. 
Ал, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет