Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Имаханбет Р.С. Ахмет Байтұрсынұлы: ғұмырбаяндық деректер. «Алаштың
Ахметі»: Респ. Ғыл.-тәж. конф. Материалдары.-Қарағанды: «TENGRI Ltd»,
2013.-382 б.
2.
Нұрпейісұлы К. Ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция. // Егемен
Қазақстан. 1997 ж. 5 желтоқсан. −3-5 бб.
3.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. —
Алматы: «Атамұра», 2002. — 768 б.
4.
Алиева Б., магистрант, Жауымбаев С.Ұ., т.ғ.к., профессор
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.
bagdat.alieva@ mail.ru
ӘОЖ 821.512.122.0
Смагулова Нұргүл Қайырбекқызы
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ, Көкшетау, Қазақстан
Smaghulova13@mail.ru
Жайлауова Гұлнұр Өмірбекқызы
А.БАЙТҰРСЫНОВ КӨСЕМСӨЗІНДЕГІ БІЛІМ МӘСЕЛЕСІ
Аннотация: Мақалада ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ руханиятындағы өзіндік орны
бар Ахмет Байтұрсыновтың көсемсөзі және ондағы білім беру мәселесі қарастырылды.
А.Байтұрсынлвтың оқу, білім мәселесін қарастырған мақалалары зерттеу нысанына
алынды. Ғалымның оқу-ағарту тақырыбында жазылған мақалалары мен еңбектерінің
құндылығы мен ой тереңдігі зерделенді. Оның көсемсөзінде көтерілген мәселелердің бүгінгі
күні әлі өзектілігін жоймағаны туралы ой-пікір айтылды. Сонымен қатар,
А.Байтұрсыновтың ұлт руханиятында алатын орны туралы айтылған зиялылардың
көзқарастары сараланды.
Тірек сөздер: ұлт руханияты, баспасөз, көсемсөз, оқу-білім, әдістемелік еңбектер.
ХХ ғасырдың басы – қазақ ғылымының өсіп-өркендеп, өзіне дейінгі және
өз заманындағы оқу-ағарту мәселелеріне қатысты ілім мен білімді игере отырып,
алға қадам басқан кезеңі. Осы тұста ұлт мүддесі жолында аянбай еңбек еткен
алаш ағартушыларының тұлғасы жарқырай көрінді. Олардың қоғам
қайраткерлігі, ақындығы мен жазушылығы өз алдына бір сала болса, енді бір сала
әдістемелік мұралары ұрпақты оқыту жолындағы жанкешті еңбектері еді.
224
Өткен ғасыр басында алғаш рет сауат ашу оқулықтары, оқыту әдістемесі
туралы ғылыми еңбек жазған тұңғыш ғалым – А.Байтұрсынов. Ол әдістеме
заңдылықтарын қазақ тілі мен әдебиет әдістемесінен оқулықтар жазуда іс
жүзінде қолданған және әдістемені ғылыми тұрғыда зерттеген ғалым. Сонымен
қатар, А.Байтұрсынов өзінің ағартушылық-педагогтық қызметін атқара жүріп,
халық арасындағы оқу жайы, сауат ашу мәселелері жөнінде әдіскер ретінде
ғылыми мақалаларын жариялаған.
ХХ ғасыр басында қазақ руханиятында «Қазақ» газетінің алатын орны
ерекше. Басылым тарихы А.Байтұрсынов есімімен тығыз байланысты.
«Қазақ» газеті – А.Байтұрсынов көсемсөзінің айнасы, елдік мүдде
көтерілген шамшырақ. «Қазақ» газеті А.Байтұрсынов көтерген идеяны
публицистика тілімен халыққа тікелей жеткізуге қолайлы жағдай туғызды.
Ахмет Байтұрсыновтың көсемсөзін, шығармашылығын шола отырып көп
уақытын, күш-жігерін оқу-ағарту ісіне, ел мәдениетін көтеруге ұмтылған
ағартушылыққа және әдебиеттану, тілтану саласын ұлттық ерекшелік
тұрғысынан зерттеген ғалымдық қызметіне арнағанын байқаймыз.
Ахмет Байтұрсынов көсемсөзінде бірқатар орын алатын оқу, білім, өнер
тақырыбы. «Қазақ өкпесі» деген мақаласы 1911 жылы жазылған. А.Байтұрсынов
бұл мақаласында: «Ата жолдасы – надандық, өнерсіздік қазір қазақтан
айрылатын емес. Надандықтың кесапаты әр жерде-ақ маңдайымызға тисе де, ата
жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай-ақ келеміз. Олжалы жерде
үлестен қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз бәрі де
надандықтың кесапаты», - деп туған халқын оқу-білімге, мәдениетке тартуды
мақсат еткен. «Бала оқытатыңдар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала
оқытуын жақсы білейін деген адам, әуелі басқаларға үйретпекші нәрселерін өзі
жақсы білерге керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын
адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткеніне тәнімен
қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап ішкі
халінен хабар аларлық болу керек. Ол үшін бала турасындағы ғылымды білерге
керек» [1,80], - деп ағартушы-ұстаз мұғалімдерге үлкен міндеттер қояды.
Бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер, рухани
жаңғыру тұсында Алаш ағартушыларының ғылыми-әдістемелік мұраларының
ұлттық тәрбие мен құндылықтарымызды насихаттауда, ұрпақ бойына сіңіруде
орны өлшеусіз. Оның сыры Алаш зиялылары өздері зерттеген ғылым
салаларының негізін қалауда ұлттық дәстүрлерді әлемдік өркениет үрдістерімен
үйлестіріп, оларды асқан білгірлікпен ұштастыра білуінде еді. Сондықтан да
қазақ тіл білімі, әдебиеттануы және оқыту әдістемесінің ғылым арналарын
жүйелеп, жіктеген A.Бaйтұpcынoвтың, М.Жұмабаевтың, Қ.Кемеңгеровтың
айтқан әдістемелік ой-пікірлерінің, оқулықтары мен оқу құралдарының маңызы
дәл бүгінгі рухани жаңғыру жағдайында өте зор болып отыр.
Болашақ кәсіби мамандарды бәсекеге қабілетті, ұлттық бірегейлікті
сақтайтын, сана-сезімі жоғары, рухани танымы жетілген жеке тұлға етіп
қалыптастыру үшін ХХ ғасыр басындағы әдістемелік еңбектер мен ұлт
225
зиялыларының педагогикалық мұрасын терең әрі жан-жақты зерттеудің, оқу-
тәрбие үрдісіне енгізу қажеттілігін алға шығарды.
Алаш ағартушыларының ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде айтқан
әдістемелік ой пікірлерінің ХХI ғасырдағы жаңартылған білім мазмұны бойынша
білім
беруде
өзінің
өзектілігімен,
ұлттық
руханиятпен
тығыз
байланыстылығымен алға шыққаны, өміршеңдігі бүгінде айқын танылып отыр.
Бүгінгі заман талабына сай кең қолданыс тапқан жаңа оқыту
технологияларының негізі ХХ ғасыр басындағы алаш ағартушыларының
еңбектерінен бастау алатынын және әдістемелік ой тұжырымдары мен әдіс-
тәсілдері қазіргі оқыту талабымен үндесетінін дәлелдеу, жаңғырту бүгінде бізге
міндет екені анық.
Ұлт ұстазы А.Байтұрсынов қалдырған рухани және ғылым-білім
саласындағы орасан зор мол мұра ел тарихында алатын орнымен ғана емес,
бүгінгі таңда да мән-мағынасын жоймаған көкейкестілігімен де ерекшеленеді.
Мұхтар Әуезов «Ақаңның елу жылдық тойы /юбилей/» деген мақаласында «сол
уақыттарда «Қазақ» газетінің бетінен анда-санда оқып отырған әсерлі анық
сөздер қауіптің пішінін айқын қылып көрсетіп, мектептегі жас балалардың
сезімін түзу жолға беттеткендей болушы еді. Буынның жаңа туып келе жатқан
әлсіз ойын «жол мұндалап», жетегіне алып бара жатқандай байқалушы еді.
Мектептегі сабағын оқымайтын бала «Қазақ» газетін көрген жерде қадалып
тұрып қалатын» деген сөздері «Қазақ» газетінің, оның редакторы Ахмет
Байтұрсыновтың болашақ қазақ оқығандарының адастырмас ақ жолға жөн
көрсетушісі, бағыт сілтеушісі болғанын байқаймыз [2, 434]. ХХ ғасыр басындағы
ұлт тағдырын жырлаған қазақтың рухани көсемдерінің бірі М.Дулатов өзінің
«Ахмет Байтурсунович Байтурсунов» деген мақаласында:
«Благодаря А.Байтурсунову, хотя бессознательно, но на самом деле
поддававшаяся обрусению и отатариванию часть киргизской интеллигенции
живо опомнилась и стала осознавать и исправлять свои ошибки. Даже бывали
такие курьезные случаи: учащаяся молодежь в некоторых русских учебных
заведениях, в целях сохранения чистоты киргизского языка, обусловливалась
разговаривать между собой обязательно по-киргизски, в случае нарушения
кемлибо этого правила виновный за каждое случайно вылетевшее не киргизское
слово платил 3-5 коп. штрафа в пользу ученических кружков», - деп жазды
[3,136]. Бұл пікірлерден А.Байтұрсыновтың ұлттық білім иен ғылымға қосқан
үлесінің зор болғаны сол кездің өзінде шынайы бағасын алғанын байқаймыз.
А.Байтұрсыновтың мектеп туралы, оқу-бiлiм туралы ойлары 1914
жылғы «Қазақ» газетiнiң №62 санында жарияланған «Мектеп керектерi» атты
мақаласында баяндалған. Онда ең әуелi мектеп iсiне керектi нәрсе ретiнде
бiлiмдi, педагогика мен әдiстемеден хабары бар мұғалiм деген қорытынды
жасайды. «Мектептiң жаны – мұғалiм» - дейдi ғалым. Мұғалiм қандай болса,
оның мектебi де сондай деген тұжырым айтады. Екiншi, оқыту iсiне керек
құралдар қолайлы, әрi жұрттың бәрi бiрдей сыйлайтын сыйлы болуы қажет деген
ой айтады. А. Байтұрсыновтың ең қажет нәрсе ретiнде тағы да айрықша
бағалайтыны – бағдарлама. Оқыту iсi көңiлдегiдей болып шығуы үшiн, оның
226
үлгiсi, мерзiмдi өлшемi болуы қажеттiгiн баса көрсетеді. 1914 жылы ғалым
«Бастауыш мектеп» атты көлемді мақаласында қазақтың бастауыш мектептері
қандай болуы керек деген үлкен мәселені көтерді. Себебі бала білімі бастауышта
қаланатыны сөзсіз. Мақалада автор сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл
мектептерінің жағдайы мәз емес, оларда бағдарлама, оқу құралдарының
жоқтығын, мұғалімдердің жетіспейтіндігін туралы жазады. Халықтың сауатын
өз ана тілінде ашу керектігін жөн санайды, әрі бастауыш мектеп бес жылдық
болып, оның алғашқы үш жылында балалардың ана тілінде, кейінгі екі жылда
орысша оқу керектігін айтады. Қазақ баласын бірден орысша оқыту жөн бе,
болмаса алдымен бастауышта қазақша оқытуды міндеттеу керек пе, орысша
білім алған баланың ертеңгі дүниетанымы қалай қалыптасады деген ұлт
болашағы үшін мәні терең, мағынасы мол мәселені көтереді. «Бастауыш мектеп,
әуелі, миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың
діні, тілі, жазуы сұмдық пікір суық қолдан тыныш боларға керек. Қазақ дінге
нашар күйден өткен, енді қазақты басқа дінге аударамын деу құр әурешілік», -
деп жазады А.Байтұрсынов.
А.Байтұрсыновтың қазақ тілін оқыту, үйрету, дамыту тұрғысындағы «Оқу
құралы», «Тіл құрал», «Методика мәселелері», «Баяншы», «Тіл – жұмсар» атты
еңбектерін бүгінгі күн талабына сай, жаңартылған білім мазмұнын оқыту
барысында пайдалануға әбден болады. Ғалым қазақ тілінің грамматикасы –
фонетика, морфология, синтаксис салаларын бүтін бірлікте алып, ұлттық тіл
ғылымын қалыптастырды. Ғалымның өз пікірінше, тілдің әуелі грамматикалық
ілімін жинақтап, содан соң грамматикалық құрылымын зерттеп-зерделеген.
Ахмет Байтұрсынов 1928 жылы жарияланған «Қай әдіс жақсы?» деп аталатын
мақаласында: «Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы, жаман
болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» [4,29], - деп білім беру
әдісінің мәні мен маңызына ерекше тоқталған. Әдiскер-ғалым А.Байтұрсынұлы
оқытудың дұрыс жолға қойылуы үшiн, мынадай әдiстемелiк қағидаларды
ұсынады:
1.
Жаңа берiлетiн сабақты баланың бiлетiн мағлұматтарымен ұштастыру;
2.
Тиiстi таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына
ынталандырып,
iлтипат аудару;
3.
Сабақты алдын ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру;
4.
Қажетсiз мағлұматтардан сақтану, баланың iлтипатын қоздыратын
қызықты нәрселердi ғана сөйлеп, үйрету;
5.
Баланың iшiн пыстыратын бiркелкi мағлұматтардан сақтану, лайықты
салыстыру, теңестiру, ұқсастыру, түрлi әдiстi оңтаймен оқытуға, жандандыруға
тырысу;
6.
Алғашқы кездегi оқыту деректiң көрнекi болуы. Оған сай жобаларды дұрыс
қолдану;
7.
Өзгелердi ынталандыру үшiн оқытушы үйрететiн нәрсесiне өзi де
ынталану, өзi де жақсы көру, оқытушы сүйген нәрселердi оқушы да сүйедi.
Ғалым ұсынып отырған қағиданың қай-қайсысы болса да балаға білім
беру жүйесiнде өз маңызын жойған жоқ. Балаға білім беретін мұғалiм үшiн
үнемi есте болатын негiзгi ұстанымдар болып табылады.
227
Қазақтың үлкен тілтанушы ғалымы Н.Оралбаева А.Байтұрсынұлын
қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалым ретінде бағалап:
«А.Байтұрсынұлы әліппесінің, оқулықтарының қазіргі кездегі оқулықтарды
жазуда қолданылу орнын көрсету, пайдалы жақтарын анықтау, дәлелдеу,
келешекте оқулықтардың сапасын арттыруға әсер етеді»- деп пікір білдірген
[5, 568]. Шындығында, А.Байтұрсынов оқулықтары, әдістемелік құралдары
сол кезеңдегі оқыту үшін ғана емес, күні бүгінге дейін құндылығын жойған
жоқ.
Көрнекті ғалым, тілші А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасының негізін
балалардың сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамытатын дидактикалық
материалдардан құрайды. Әдіскер-ғалым баланың сөздік қорын молайту
мақсатында өте тиімді әдістер қолданған. Ғалым баланы ойната отырып,
ойлантатын әдістерді қолдануды назарға алған.
Бұдан біз ғалым еңбектерінде бүгінгі күні оқу үрдісінде қолданылып жүрген
көптеген оқыту технологияларының элементтерін көреміз. Тілші- ғалымның
педагогикалық ой-тұжырымдарының түпкі нәтижесі білім алушының
қатысымдық, танымдық, проблемалардың шешімін
табу, ақпараттық
құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ал бұл қазіргі білім беру жүйесінің
– басты мақсаттарының бірі.
Бүгінгі жаңашыл деп танылып жүрген оқыту технологияларының Ахмет
Байтұрсыновтың жоғарыда аталған еңбектерінен бастау алатынын атап өткен
жөн. Бұны біз ғалымның өз заманындағы балалар мен ересектердің сауатын
ашуға арналған оқу құралдарынан да, шағын мақаларынан да аңғарамыз.
Бүгінгі отандық білім беру әдістемесінде жаңартылған білім мазмұнының
оқыту әрекетінде сын тұрғысынан ойлау технологиясының бір стратегиясы –
Блум таксономиясына негізделеді.
Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясында
сабақтағы тапсырмалар оқу үдерісінде қолданылатын оқу мақсаттарына сәйкес,
яғни білу – нақты іс-әрекетті іске асыруға бағытталған білімі мен білігінің болуы,
түсіну – іс-әрекет мазмұнының сипатын түсінуі; қолдануы – меңгерілген білімін
күнделікті өмірде қолдана алуы, іске асыру әрекеті; анализ
– әрекеттерді салыстыра отырып, саралауы; синтез – салыстыра отырып,
сараланған әрекеттердің нәтижелік мазмұнын жинақтай алуы; бағалау –
сарапталған нәтижені бағалау, өз көзқарасын, пікірін дәлелді жеткізе білуі
оқушылардың ойлау әрекетін дамытуға бағытталады.
Ал осы Блум таксономиясындағы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан
бастап күрделіге біртіндеп өту барысы туралы мәселе А.Байтұрсыновтың
еңбектерінен бастау алғанын аңғарамыз. Әдіскер тіл үйретуге: 1) оқу үйрету; 2)
жазу үйрету; 3) сөйлеу үйретуді жатқызады. Сонымен қатар А.Байтұрсынұлы
«Ана тілінің әдісі» атты мақаласында ана тілін үйрету әдістерін төмендегіше
жіктеген:
1)
Кей әдістердің негізі қосу, жинау болады, барша ол негізді әдістер
Достарыңызбен бөлісу: |