Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет111/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   127
Тірек сөздер: Ахмет, Алаш, ардақты азаматы, 
ұлт мүддесі, қазақ жері, «Маса» 
жинағы, азаттық.
 
 
Қазақ даласындағы айшықты оқиғаларды ауызға алғанда, кешегі патша 
заманында өз ұлтының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған алаш қайраткерлерінің 
ерен істерін қаперге алмай мүмкін емес. Әлихан бастаған алашшыл 
азаматтардың қатарында осы Ахмет Байтұрсынов та бар еді. Ол өзінің бар 
ғұмырын елінің болашағына арнады. Талай қым-қуыт күндерді бастан өткере 
жүріп, дүбелеңге толы шақтарда қазақтың ұлттық мүддесін бәрінен биік қойып, 
азат ел болуы үшін жанын да аяған жоқ.
Өмірбаянына үңілсек, ол 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы 
Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген 
екен. Әкесі өте батыл, бірбеткей адам болған. Патша заманында облыстың 
басшысы Яковлев дегенді қамшымен сабап, жанжалдасып қалған екен. Осы ісі 
үшін оған уез басшысы жазалаушы әскер жіберіп, отбасымен ауданнан қуады. 
Байтұрсын мен інісін түрмеге жабады. Сот ағайынды Шошақұл ұлдарын Сібірге 
он бес жылға жер аударуға үкім шығарады.
Бұл кезде Ахмет он жаста еді. Осындай әкеге жасаған қиянатты көріп, жүрегі 
езілді. Қазаққа келімсектердің әңгір таяқ ойнатқан оқиғалары оның ұлт мүддесі 
жолындағы өміріне жаңа леп берген еді.
Міне, Ахмет Байтұрсынұлы әкесі қудаланған соң бауырларының қолында 
тәрбиеленді. Жас Ахмет сол жылдары Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ 
мектебіне оқуға түседі. Кейін Орынборға жол тартып, мұғалімдер мектебінен 
дәріс алады. Осылай оның ұстаздық кескін-келбеті қалыптасқан еді.
Жиырма үш жасында ол педагогтік қызметке араласты. Ақтөбе, Қостанай 
және Қарқара өңірлерінде мұғалім болып шәкірттерге білім берді. Осы қызметте 
жүріп, өз ұлтын кемсіткен оқиғаларға куә болды. Ақ патшаның озбыр саясаты 
оны ұлт мүддесі жолындағы жұмысына жаңаша сипат берді. Отар ел болудың 
қандай қасіретті екенін жанына түйіп, қаймана қазағына еркіндік әперудің оңай 
еместігін түсінді.
Жалғыздың шаңы шықпайтын залалы заман еді. Ұлт болып ұйысудың да оңайға 
соқпайтынын білді. Сосын өз алашы үшін осындай қаныпезер империяның 
құрсауынан босаудың жолын қарастыру керек деп түйді. Ол басқа да қазақ 
зиялыларымен бірге, патша үкіметіне жерді әділ пайдалану туралы ұсыныспен 
шықты. Бірақ, олардың сөзін елең қылғысы келмеген озбыр үкімет өз дегенін 
істеп бақты. Ұлан ғайыр қазақ жеріне сырттан келімсектер келе бастады. Оларға 
шұрайлы жерлер бөлініп, қазақтың қысты қыстауы, жазда жайлауы болған 
жерлердің дені Ресейдің ішкі өңірлерінен келген мұжықтарға беріліп, қазақтың 
өзі шөл далаларға ығысты.


221 
Бұл нағыз «мақтамен бауыздағандай» жаулап алудың айқын бір көрінісі еді. 
Қазақтың сандық көрсеткішін азайтудың қамы үшін жасалған сыңаржақ 
құйтырқы саясат екенін қазақ зиялылары білмей қалған жоқ. Осы көштің 
басында болған Ахмет Байтұрсынұлы тұрды. Олардың жоғарыдағы әлсін-әлсін 
жазған хаттарына патша билігі жауап берген жоқ, керісінше, оларды қатаң 
бақылауға алды.
Ахметтер осындай бақылауда жүріп-ақ астыртын жұмыстарын тоқтатқан 
жоқ. Қайта үдете түсті. Сатқындық қай кезде болсын қазақтың арасынан 
табылған. Осы кезеңде де оларды сатқан қандастар болды. Солардың кесірінен 
Ахмет Байтұрсынұлы ұлт мүддесін көздеген әрекеті үшін екі жыл түрмеде 
отырып шықты. Бұл 1909 жылы еді. Бірақ, көп ұзамай бостандыққа шыққан оны 
арада бірер ай өткенде қайтадан темір торға қамады. Ал, артынан оны елден 
қуып, қазақ даласында тұруға болмайтын шешім шығарды.
Міне, осы кезеңде ол туған жеріне орала алмай, Орынбор қаласында жеті 
жыл бойы өмір сүрді. Оны айтасыз, Ахмет Байтұрсынұлы күдікті тұлға ретінде 
ұстаздық етуден де айрылды. Бірақ, ол әдебиет майданындағы шығармашылық 
жұмысын жалғастырды. Оның «Маса» атты өлеңдер жинағы да осы кезде 
басылып шықты. Орынбор да қазақтың көп шоғырланған өлкесі еді. Газет 
шығарып, ұлттың рухын оятуды көздеген Ахмет Байтұрсынұлы өзі шығарған 
газеттің редакторы болды.
Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, 
араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар 
жазды. 
Ахмет
Байтұрсынұлы қазақ тіл білімін 20 ғасырдың бас кезінде 
қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ 
жазуының реформаторы болды. 
Ақынның «Маса» жинағы қазақ қоғамында үлкен серпіліс берген еңбек 
болды. Онда ол өзі бақылауда жүргесін, ойын тұспалдап жеткізуді көздеді. 
Мысалы, бір өлең жолдарында былай дейді:
«
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса, 
Сап-сары, аяқтары ұзын маса. 
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес, 
Дегенмен, қара яки қызыл маса. 
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, 
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. 
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, 
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
» 
Қарап отырсаң, бұл астарлы бейнеге негізделген өлең. Онда ұйқыдағы 
қазақты ояту, енжар ұлтқа серпіліс беру, жалқау елді еңбекке араластыру сияқты 
сипаттар осы өлеңнің негізгі арқауы. Демек, ол ұйқыдағы қазағын маса болып 
ызыңдап оятуды көздеді. Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» 
— сергектікті, қозғалыс күйді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да 
шығармаларында әрі қарай дамыта түседі. 
Қазақ патшалық жүйеден әбден зәбір көріп, не оқуға мүмкіндігі болмай, не 
өз жерінде еркін өмір сүре алмай күй кешкені Ахметтерге қатты батты. 
Сондықтанда ол сары маса арқылы елін оятып қана қоймай, білім алуға, еңбек 


222 
етуге, өз жері үшін күресуге үндеді. Абай сияқты қазақтың дана ақындары 
бастаған идеяны негізге алып, өзінше ақындық сипатпен әрледі. Оның осындай 
ұлттық нақыштағы өлеңдерінің негізгі сарыны бір жеңнен қол шығармай, алты 
абақан алалықтың дертіне енген елін қатты сынға алды. Ақша үшін бір-бірін 
сатқан қандасының адамшылықтан аттаған әрекеттері ел болуға кедергі екенін 
баса айтты. 
Әр жолды ойлап, 
Ойыма бойлап, 
Ұқтым тайыз, тереңді. 
Сайраған тілмен, 
Зарлаған үнмен, 
Құлағы жоқ кереңді — 
Ұқтыра алмай сөз әуре, 
Тек тұра алмай біз әуре,— дейді Ахмет Байтұрсынұлы. 
Елінің әбден ұғымы тайыз болып, жолдан тайғанын, оны ұқтыра алмай, 
жанталасқа түскенін, біреудің сөзін екіншісі көтере алмай, шамданатын кесірлі 
көріністер қазаққа қайдан келді екен деп мұңаяды. 
Сосын ол: 
Ұлғайып қайғы, 
Уытын жайды, 
Айтпасыма болмады. 
Қабағын түйіп, 
Қаһарын жиып, 
Көкті бұлт торлады. 
Жаңбыр жаумай, жауса қар, 
Жұрт жұтайтын түрі бар,—деп тағы да толғана түседі. 
Бұл орыс патшасының қазақты басып, жаншыған саясаты қатігез екенін, 
одан қалай арылу керек деп өзінше ой қосады. 
Жалпы, Ахмет Байтұрсынұлы алаш идеясын ұсынғанда ол бұған кездейсоқ 
келген жоқ. Сөзіміздің басында әңгіме еткен әке өнегесінен үлгі алды. 
Қамшысын жұмсаған әкенің жолымен ештеңе өнбейтінін білді. Біліммен ғана 
басқадан азат болуға болатынын өзі де түсінді, басқаға да осыны үндеді. 
Осындай қиын күндерді бастан өткерген Ахмет Байтұрсынұлы ел-жұртын 
маса болып оятты. Оның жазған еңбектері мен істеген істері тек қазақты жеке 
мемлекет етуге бағышталды. Себебі, ол газетті шығара жүріп, қазақтың басқа 
зиялыларын да осы насихатқа тартты. Атауын да «Қазақ» деп қойып, 
отаршылдық саясатты ашық сынады. Басын осылай бәйгеге тікті. Ертеңім не 
болады деп қорыққан жоқ. Азаттығы жоқ елдің болашағы жарқын еместігін 
сезінді. Өзі сияқты қазақтың зиялылары бұған бел шешіп кіріспесе, ертеңі не 
болушы еді. Сондықтан Ахмет бабамыздың бізге қалдырған өнегелі жолы 
әрқашан даңғыл жолға бастайды. 
Биыл оның мерейлі жылы аталып өтіледі. Көкше елі де бұған ерекше 
ықылас танытып отыр. Кешегі күндері өз қазағы үшін жанын аямаған, сол жолда 
қудаланып, атылған Ахмет Байтұрсынұлы біздің тарихымызда ерекше орынға ие 
тұлға ретінде қарастырылады. 


223 
Біз өз ұрпағымызға тәлім-тәрбие бергенде қазіргі азаттықтың келуі, жеке 
мемлекет болуымыздың арнасында Ахметтей бабаларымыз тұрғанын еш 
ұмытуға болмайды. 
Бүгінде бүкіл білім ордаларында Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойын 
атап өтуге арналған шаралар өтуде. Біз де оған өз үлесімізді қосамыз. Елдікті 
ойлаған дарабоз тұлғаның еңбегі еш кетпегенін ұрпақ санасына сіңіру біздің 
ұстаздық міндетіміз бен парызымыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет