15
ғылыми-теориялық және практикалық негіздемесін жасаған тұңғыш қазақ
ғалымы деп жауап береміз.
Ахмет Байтұрсынұлының оқу құралдары мен кітаптарынан басқа 200-ге
тарта мақаласы бар. Соның 30-дан астамы қазақ жазуы мен емлесіне арналған.
Ең алдымен, Ахмет Байтұрсынұлы – қазіргі қазақ емлесінің басты
заңдылығы болатын тіл үндесімін жазу арқылы бекіткен ғалым.
Ғалым ерін
үндесіміне қарағанда қазақ тілінде тіл үндесімі жетекші қызметте екенін
пайымдап, лингвалды сингарманизмге жазуда доминанттық сипат береді.
Сөйтіп, өзге түркі тілдері ішіндегі қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігін анықтап,
орнын айқындайды. Сөздің бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылатыны
басқа дыбыстық заңдылықтарға қарағанда жаппай қамтитын құбылыс екенін
пайымдайды. Және ол жуан-жіңішкелікке “жетекшілік” ететін саны аз дауысты
дыбыстар болады дейді. Осы белгілерді байқай отырып, ғалым 43 дыбысты
мүмкіндігінше аз әріпке сыйдыруды қарастырады: “Дауысты дыбыстар сөздің
жаны есебінде, дауыссыз дыбыстар ћәм жарты дауысты дыбыстар сөздің тәні
есебінде. Тәнді жан қандай билесе, дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды сондай
билейді; яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз я жарты дауысты
дыбыстар да солай айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, басқа
дыбыстар да жіңішке айтылады. Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың жуан-
жіңішке айтылмағын белгілеп айырсақ, басқа дыбыстардың да жуан- жіңішке
айтылатындығы да айрылғаны. Дауысты дыбыстар
Достарыңызбен бөлісу: