126
ғалым сөз таптарының бір-бірінен енші алысып болғандары да, болмағандары да
бар екенін айта келе, ағаш, темір сияқтылар тек зат есім, жақсы, ұзын тек сын
есім болып, шекараларын түгел ашып болған топтар ретінде таниды да сын есімге
жатқызылған кейбір зат есімдердің аражігін бөліп көрсетеді
[4, 50-51
].
2002 жылы жарық көрген Қазақ грамматикасында сын есімді сөз табы
ретінде анықтау дәстүрлі құрылымдық аспектіде сараланған: «сын есім –
семантика,
грамматикалық жағынан, яғни морфологиялық ерекшелігі мен
сөзжасам, сөз түрлендіру амалы жағынан да, синтаксистік қызметі мен басқа
сөздермен тіркесіп қолдануы жағынана да қазіргі қазақ тіліндегі өзіне тән
ерекшелігі бар сөз табының бірі».
Ал сын есім болатын сөздерді функционалдық тұрғыдан анықтайды,
мағынасын нысанға алып, сын есім болатын сөздерге тән белгілерді көрсетеді:
«Сын есім – семантикалық жағынан заттың, құбылыстың түрлі сапа,
белгісін,
түсін, көлемін, затқа, құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер».
Аталмыш еңбекте сын есімнің функционалдық-семантикалық сипаты
анықталады:
-
заттың түр-түсін білдіреді (
қызыл, сары, көк
);
-
заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді (
мол,
ауыр, жуас
);
-
заттың сапалық белгі, сипатын білдіреді (
әдемі, надан, асыл
);
-
заттың дәмі, иісі және басқа сипаттарына байланысты белгілерін
білдіреді (
қалың, жұмсақ
);
-
затқа,
қимыл іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді
(
нұрлы, атақты, биылғы
);
Қазақ грамматикасында сын есімнің түрлену жүйесі мен грамматикалық
қызметі құрылымдық аспектіде анықталады: сын есімнің табиғи қызметі – ешбір
өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың әр алуан қызметін, сындық
белгісін анықтау. Морфологиялық жағынан сын есім – түрленбейтін сөз табы.
Қазақ грамматикасында сын есімнің мағыналық топтарын анықтауда
тілдік бірліктердің
семантикасы негізге алынып, сапалық сын есім және
қатыстық сын есім деп топтастырылады. Сапалық сын есімдер семантикалық
жағынан заттың әр алуан сын-сипатын, сапалық белгілерін, түр-түсін білдіреді,
шырай тұлғаларымен түрлене алады. Қатыстық сын есімдерге бір заттың белгісін
басқа заттың, қимыл, іс-әрекетің, сынының қатысы арқылы білдіретін сөздер
жатады. Қазақ грамматикасының А.Байтұрсыновтың «Тіл-құралынан»
ерекшелігі сын есімге қатысты терминдердің өзгеше аталу үрдісі және ол
қатыстық сын есімдердің екі түрлі жасалу жолымен анықталады. Бұл тіл білімі
ғылымының дамуы, жаңа тілдік қолданыстардың тууымен түсіндіріледі
[5, 461
].
Сын есімнің грамматикалық категориясын зерделеу де қазақ тілтаным
тарихында
А.Байтұрсыновтан бастау алғандығы байқалады.
Ғалым сын есімнің
шырай категориясы
сыр сынына қатысты болатындығын дәлелдеп, үш
127
түрлі шырай формасын көрсетеді: 1) жай шырай; 2) талғаулы шырай; 3) таңдаулы
шырай.
Жай шырайды анықтауда қазіргі сын есімнің түбір формасымен сәйкес
қарастыратын көреміз, ал талғаулы шырай қазіргі қазақ тіліндегі салыстырмалы
шыраймен сәйкес келеді, ғалым бұл шырайдың нәрсе сиқының бірінен-бірі
артық-кемдігін көрсететінін айта келе, -рақ, -рек қосымшалары арқылы және -
рақ, -рек қосымшаларынсыз талғау шырайдың жасалатынын да атап өтеді.
Дәлелі ретінде
сиырдан жылқы биік, қарағайдан қайың аласа, темірден ағаш
жеңіл, айраннан қымыз жақсы, бүлдіргеннен шие қызыл
деген тілдік деректерді
келтіреді. Мысалдардан көріп отырғанымыздай заттар арасындағы салыстыру
мәні тілдік бірліктердің тұтас мағынасынан туындап, функционалдық сипатымен
анықталатыны қазіргі ғылыми еңбектерде ескерілмей жүргендігі байқалады.
Таңдаулы шырай бүгінгі күшейтпелі шырайға сәйкес келіп, жасалу
жолында айырмашылық байқалмайды. Тілші таңдаулы шырайды анықтауда
нәрсенің сиқы өте артық екенін көрсететінін атап, ең, нақ, тап, тым, бек, хас деген
сөздер қосылып айтылатынын ескертеді:
ең жақсы, нақ шешен, тым қорқақ, бек
нәзік, хас батыр
. Ғалымның тілдік дәйек ретінде келтірген мысалдарында нақ,
бек, хас деген тілдік бірліктердің қазір қолданыстан
шығып қалғаны мәлім,
алайда бұл сөздерде нағыз қазақи таным мазмұны беріледі. Өкінішке орай,
аталған бірліктер бүгінде тек поэзия тілінде ғана қолданыс табады. Стильдік
жағынан шектелген.
А.Байтұрсыновтың сын есімді функционалды аспектіде тек сыны
тұрғысынан зерделеуін негізге ала отырып,
күміс
сөзінің қолданыстық аясын
саралайтын болсақ, қазақ тілінің ұлттық корпусында 3400 рет қолданыста
болғандығы анықталған. Біздің тұрғыдан, күміс сөзінің мағыналық жұмсалу өрісі
сараланады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде үш түрлі лексикалық мағынасы
көрсетілген: КҮМІС зат.1. Сапа жағынан құнды ақ түсті
қымбат металл,
химиялық элемент. 2. Мөлдір, тұнық. 3. Ауыс. Сақал-мұртқа, шашқа түскен ақ
[6, 309
].
– Қатер болса бір жақта, (Соғыс па я әлде не, болсын мейлі не бәле) Қарап
әтеш со жаққа, Күдірейіп дауыстар, Ол дегені – қауіп бар!» Риза болып, айтар
хан: Бұйым алтын, күміс пе?
(Ахмет Байтұрсынұлы «Алтын әтеш»).
Бұл қолданыстағы күміс сөзінің мағынасы Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде көрсетілмеген. Қымбат металдар ерте кезде осы күнгі ақшаның
қызметін атқарғаны белгілі, сондықтан метонимияланып, зат пен оның ішкі
мазмұны арасындағы шектестік негізінде, бірінші сөйлемде заттың құны деген
мағынады жұмсалған
«Бәрің бірдей таласпай, бөліп ал!» деп, бір теңгелік күмісті лақтырды
(Абай Құнанбаев «Вадим»). Бұл қолданыста теңге – ақша, бір теңгелік күміс –
күміс ақша. Бұл сөйлемде
Достарыңызбен бөлісу: