Тірек сөздер: іргелес сөйлем, аралық категория, эллипсистену, сыйысу, қисынды қиысу,
предикативтік бөлік, компонент.
Ғылыми еңбектерде құрмалас сөйлем дәстүрлі немесе логика-
грамматикалық, құрылымдық-семантикалық және функциялық таптастыру
принципі бойынша қарастырылып жүр. Құрмалас сөйлемге тән басты белгілер:
екі не одан да көп предикативтік бөліктен құралады. Екіншіден, мағыналық және
құрылымдық тұтастықта болуы керек. Үшіншіден, интонациялық тұтастық
қажет. «Предикативтік бөліктердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп,
компоненттері тең дәрежеде байланысқа түскен құрмаластың түрі салалас
құрмалас сөйлем деп аталады» [1,217].
А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Т.Қордабаев,
Қ.Есенов, М.Серғалиев т.б. ғалымдардың пікірінше, салалас құрмалас сөйлем
құрылымдық-семантикалық таптастыру принципі бойынша жалғаулықты
салалас және жалғаулықсыз салалас болып екіге бөлінеді. «Қазақ жазбалар
тілінің синтаксисі» деген Т.Қордабаевтың еңбегінде «Тілдің алғашқы даму
сатысында құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдердің өзара іргелесе, тіркесе
айтылуынан жасалған салалас құрмалас сөйлем деген түрі ғана болғандығы
туралы деректер берілген [2,3].
Профессор Н.Сауранбаев жалғаулықсыз салаласты «іргелес құрмалас » деп
атап, оны салалас құрмаласқа да, сабақтас құрмаластың да қатарынан шығарып,
салалас пен сабақтастардың арасындағы категория [3,64] деп қарайды. Тіл
білімінің негізін қалптастырған А.Байтұрсынов «сөйлемдер арасында екі түрлі
жақындық болады. Бірі – ішкі, бірі – тысқы. Ішкі жақындық
–
мағына жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа, қисын
жақындығы бар сөйлемдер құрмалас сөйлем болады деп ойын тұжырымдайды
[4,300]. Ғалым-ағартушы А.Байтұрсынов құрмалас сөйлемдерді екіге бөледі: бірі
– «сыйыса» құрмаласу, екіншісі – «қиыса» құрмаласу. Сыйысулы құрмалас
сөйлемнің өзін сыйысулы құрмаластың шұбалаңқы түрі және ықшам түрі деп
тағы жіктеген.
Белгілі ғалым С.Аманжолов «Сыйыстыру проблемасында» сыйысуға
баяндауыштары шартты райлы етістіктен болған сабақтас құрмалас сөйлем және
жақ жағынан, шақ жағынан үндес келетін, бірыңғай баяндауышқа құрылған
салалас сөйлемдерді жатқызуға болатындығын атайды [5,212] .
Ал қиысулы құрмаласқа келсек, бұлар бір-біріне тең болып та, бір- бірінен
кем болып та қыйысады. Қиысулы құрмалас салалас тең болса, салалас құрмалас
делініп аталады. Тең болмай, кем қиысса, онда қиысулы сабақтас құрмалас
сөйлем деп аталады [4,312]. Басқаша айтқанда, құрмалас сөйлем компоненттері
бір-бірімен екі жақты әрі мағыналық, әрі тұлғалық байланыста болады делінген.
«Бұл құрмалас сөйлемнің синтаксисіне байланысты қазақ тілінде айтылған
алғашқы пікір еді, бірақ соған қарамастан компоненттері арасындағы бірлікті
байланысты дұрыс көрсеткен» [6, 14-15].
Соңғы шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы» бойынша құрмалас сөйлем
жүйесінің үш құрылымдық түрі бар.
1.
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер.
134
2.
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.
3.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің өзіне тән қызметтері болады.
1.
Іргелес салалас сөйлемдер сөзді эмоциялы етіп, айту қажет болғанда
жұмсалады. Әрі бұл сөйлемдер осы коммуникативтік қызметке бейімделген.
2.
Іргелес салалас сөйлемдер сөзді үнемді, жинақы құрап айту қажет
болғанда қолданылады. Сөздің осы бағытын ауыспалы іргелес салалас
сөйлемдер өтейді.
Жалғаулық
қатыспай
ұйымдасқан
сөйлемдерді
құрмалас
конструкцияларын дара типі ретінде бөліп, оны іргелес салалас деп арнайы
атаудың бірнеше себептері бар.
1.
Іргелес салалас сөйлемдердің өзіне тән ұйымдасу заңдылықтары, сол
заңдылықтарды іске асыратын амалдарының болуы.
2.
Іргелес салалас сөйлемдерді байланыстыруға анафористік сөздер
қатысады. Анафористік сөздер деп отырғанымыз - екінші компоненттің
құрамына функционалдық мүше ретінде орын алып, ілгері сөйлемнің мазмұнын
қатыстыратын сөз.
3.
Іргелес салалас сөйлемдердің басты ерекшелігі оның грамматикалық
құрылысында. Оның грамматикалық құрылысының сипаты компоненттерді
байланыстыру үшін жалғаулықтарды қатыстыру үшін қажет етпейді.
Салалас сөйлемдердің жалғаулықсыз байланысуын қамтамасыз ететін
мынадай екі жағдай бар. 1. Салалас құрмаласқа қатысатын бірінші компоненттің
құрамына арнаулы формадағы баяндауыштардың қатысуы. Осы баяндауыштың
формасы құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы мағыналық қатынасты
білдіріп, оларды байланыстырады.
➢
«жедел өткен шақ етістік + бар ғой» түрінде құрылған баяндауыш іргелес
салалас компонеттерін байланыстыру қызметін атқарады. Мысалы: Егер
аналарға еріп кететін болды бар ғой, онда біз де аянбаспыз.
➢
«Жедел өткен шақ + ма» түрінде құрылған баяндауыш та осындай
қызметке бейімделген. Мысалы: Шешім қабылдадың ба, өкінбе.
Бурабайдағы Абылай хан алаңына бардың ба, суретке түсір.
С.Аманжоловтың
пікірінше,
«баяндауыштары
бір
сөйлемнен
қайталануынан жасалған салаластың ішіндегі жай сөйлемдерді ықшамдап,
сыйыстыра айтуға болады. Мысалы: 1. Жақсы адамның желкесінде періште
тұрады, жаман адамның желкесінде албасты тұрады. 2. Алтын тісті ауыздан аса
жаман сөз шығар, жаннан безген жауыздан жазығы жоқ көз шығар. 3. Біреуге
басыңмен қадірлісің, Біреуге асыңмен қадірлісің. Аққа қара жоқ, Қараға шара
жоқ. 4. Екі сөйлеген ерден без, Еңбегің жанбаған жерден без. 5. Өсер жастың
алдын кеспе, Өскен ағаштың басын кеспе. 6. Сырласуға жарымаған, Сыйласуға
да жарымайды.
Сөйлем сыйыстырылса:
Жақсы адамның желкесінде періште, жаман адамның желкесінде албасты
тұрады. Бүтіндей бір іргелес салалас құрмаластың алдыңғы сөйлеміндегі
баяндауышы эллипсистеніп ықшамдалған. Сөйлем құрмаластың қасиетінен
135
айрылады да, жай сөйлемге ауысады. Нақтыласақ, бірыңғай мүшелі жай сөйлем
болады.
2. Бастауыштары бір сөздің қайталануынан, баяндауыштары әртүрлі
сөзден құралған салаластарды да сыйыстыруға болады [5,212]. Мысалы: 1. Қара
қыпшақ Қобыландыны дүйім жұрт көзсіз батыр деп біледі, Қобыландыны
таниды. Мысалы: Қара қыпшақ Қобыландыны дүйім жұрт көзсіз батыр деп
біледі, таниды. (Іргелес құрмалас сөйлем → бірыңғай баяндауышты жай сөйлем).
2. Құнанбай бұған суық қарады, Құнанбай жақтырмады. Проф. Т.Қордабаевтың
еңбегінде бұдан басқа да жалғаулықсыз салалас немесе аралық категорияға
жататын сөйлемнің жеті түрінің ерекшеліктері толық көрсетілгені белгілі. Олар:
1.
жай сөйлемдер бір-бірімен байланысып, іліктес болып келу арқылы
құрмаласады;
2.
интонация тұтастығы арқылы;
3.
компонеттерінің бәріне бір ортақ мүшенің болуы арқылы;
4.
бірыңғай бастауыштың ортақтасып келуі;
5.
бір сөздің компонент сай қайталанып келуі арқылы;
6.
бірінші компонентте айтылған сөздің екінші компонентте есімдіктердің
қолданылуы арқылы;
7.
баяндауыштардың бірыңғай жақтық, шақтық тұлғада жұмсалуы
арқылы құрмаласады.
Тіл жүйесінде мұндай заңдылыққа А.Байтұрсынұлынан басқа
Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Қ.Есенов, Т.Қордабаев, Р.Әмір т.б. ғалымдар назар
аударған. Аталған ғалымдар өз еңбектерінде А.Байтұрсынұлынан
«сыйысқан» деген терминді қолданған.
Солардың ішінде іргелес құрмалас салаласқа тән тағы бір ерекшелікке
тоқталсақ, іргелес сөйлемнің бірінші компонентінің қызметінде қолданылатын
–
еді, екен, емес көмекші сөздерге аяқталған конструкциялар да фольклорлық әрі
көркем шығармаларда жиі қолданылады. Бұл сөйлемдер мағыналық бірлігін,
күрделілігін байқату үшін ауыз әдебиетіне жататын шығармаларға тән қасиет.
Сол сияқты бір бастауышқа ортақтастырып құрмаластырудың көлемді түрі де
ертегі, аңыз, жыр-дастандар да жиі қолданылған. Мысалы: Ертөстік беліне садақ
байлайды, қолына таяқ алады, аяғына темір етік киеді, ай жүреді, жыл жүреді,
талай елді, талай жерді аралайды.(Ертөстік) 2. Мен көргенде Шахизат шағын
ауылда әншілігімен танылған еді, қазір ол Қазақстанға танымал болыпты. Бұл
үлкен орман екі ауылдың жерін бір-бірінен бөліп тұрады екен, екі ауыл жеті
атадан туыс екен. Ақырғанның бәрі арыстан емес, сіз осыны санаңызға тоқыңыз
(Бұқпа!).
Байқасақ, осы сияқты сөйлемдер жайында: «Іргелес құрмаласта салаластың
да, сабақтастың да белгісі бар», – дейді Н.Сауранбаев және Қ.Есенов. Шынында
да, сөйлемнің өн бойынан аталған белгі байқалады.
Сонымен қатар жұмбақтарды да ықшамдап, сыйыстыруға болады.
1.
Екі құлағы бар,
Бір бұлағы бар (Самауырын).
2.
Тіріден өлі туады,
136
Өліден тірі туады (Құс балапаны).
3.
Түрі шар сияқты,
Түсі қан сияқты,
Дәмі бал сияқты (Шие). Осы жұмбақты қарастыратын болсақ, іргелес
салалас сөйлемнің қайталанған баяндауыштардың бірі, яғни бірінші
сөйлемнің баяндауышы – шар сияқты, – қан сияқты эллипсистеніп
сөйлем сыйысады. Сөйтіп құрмалас сөйлем жай сөйлемге ауысады.
Нақтыласақ, (Түрі шар, түсі қан, дәмі бал сияқты) бірыңғай бастауышты
жай сөйлемге ауысады [7, 263].
Ал ғалым О.Сапашев қазақ тілінен басқа да : «Көне түркі тілінде ешбір
жалғаулықсыз салаласа байланысқан сөйлемдер өте жиі ұшырасады. Сөздердің
осылайша
салаласа
байланысуы
сөйлемнің
бірыңғай
мүшелерін
қалыптастырады» – дейді [8,23].
Қазақ тіл біліміндегі пунктуацияға қатысты еңбектерде тыныс белгілері
ажыратушы және бөлуші болып үлкен екі топқа бөлінеді. Ажыратушы тыныс
белгілері сөйлем мүшелерінің, құрмалас сөйлемнің әр предикативтік бөлігінің
құрамындағы жай сөйлемдердің аражігін анықтау үшін қолданылады.
Ажыратушы тыныс белгілерінің жиі қолданылатын екі түрін атап көрсетсек:
біріншісі – сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер. Олар: нүкте, сұрау белгісі,
леп белгісі, көп нүкте, бұлардың қабаттаса қолданылған түрлері де мәтін ішінде
қолданылады.
Екіншісі – бірыңғай мүшелерді және құрмалас сөйлем компоненттерін
ажыратушы тыныс белгілер. Олар: үтір, сызықша, қос нүкте, нүктелі үтір.
Біз талдаған сөйлемдеріміздегі іргелес салалас құрмалас сөйлемнің бірінші
предикативтік бөлігінен кейін тыныс белгілердің бірі – үтір (кіші тыныс), ал
сыйыстырылған сөйлемнен соң А.Байтұрсынұлынша айтсақ, «ұлы тыныс», яғни
нүкте қойылады.
Ғалым-ағартушы А.Байтұрсынұлының тілге қатысты айтқан: «Тілдің
міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың мезгеуін мезгегенше, көңілдің
түюін түйгенше айтуға жарату. Мұның бәрін жұмсай білетін адамы табылса, тіл
шама-қадірінше жарайды» [4,141]. Осы ойды М.Жолшаева бүгінгі
лингвистикалық зерттеулерде басымдылық танытып отырған антропоцентристік
бағыт бойынша, тіл мен адамды біртұтастықта қарастыруда негізделгендігін, тіл
мен сөйлеу мәселесі, тілдің функционалдық сипаты өткен ғасырдың басында
ғалымның назарынан тыс қалмағандығының белгісі деп біледі [ 9].
«Қазақ грамматикасында» [10] тұрақты іргелес салаластардың қатарына:
қарсылықты сөйлем, себептік сөйлем, шарттық сөйлем, теңдік қатынасты
білдіретін сөйлемдер, айқындауыштық қатынастағы сөйлемдер, объективті
қатынастағы сөйлемдер, телінбе компонентті сөйлемдер және ауыспалы іргелес
салалас құрмалас сөйлемдерді жатқызады. Соның ішінде қарсылықты салалас
құрмалас сөйлемге тоқталатын болсақ, бірінші компоненттің баяндауышы
бұйрық райлы етістіктен болады. Мысалы: Мейлі ақын бол, мейлі әнші бол
емтиханды дайындықсыз тапсыра алмайсың.
137
Бірінші компоненттінің баяндауышы -атын, -етін тұлғалы есімшеден
жасалып, болатын, болған оқиғаны баяндайды. Мысалы: Тездетіп киін, кешігетін
болдық. Іргелес салаластардың қатарында шартты қатынасты білдіру үшін,
төмендегідей мысалдарға тоқталуға болады.Мысалы: Келген екенсің,
қондырмай жібермейміз. Монографияны оқығаным сол, жаңалықтарын жаза
бастадым.
Осы сөйлемдердегі іргелес салалас сөйлем компонентінің баяндауышы
жедел өткен шақ + екен, есімше –ған + екен формасында құралып, шарттылық
қатынасты білдіреді.
Ойымызды қорытындыласақ, «жұмсай білетін адам табылса, тіл шама-
қадірінше жарайды» дегендей, жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем мен
іргелес
салаластың
(жалғаулықсыз)
өзіндік
айырмашылығын
тілдік
материалдарға сүйеніп, анықтауға тырыстық.
Десе де, қазіргі тілтаным тұрғысынан талдағанда, сыйыстырылған
бірыңғай мүшелі жай сөйлем деп танылғанмен, бұл сөйлемдер құрмалас
сөйлеммен сәйкес келеді. Ол тілдік заңдылықтар бойынша қалыптасқан.
Оған себеп – сыйысулы құрмаластың шұбалаңқы түрінің ықшамдалуы. Бұл
не үшін қажет десек проф. Р.Әмір бірде іргелес салалас, бірде жалғаулықсыз
салалас деп аталып жүрген сөйлемнің функциясына көңіл бөліп, оның басты
қызметі – іргелес салалас сөйлемдер сөзді үнемді, жинақы құру үшін қажеттігін
атайды [3,65]. Яғни, коммуникативті қатынаста сөйлеу талабына сай
заңдылықты ескерілгені деп түйіндеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |