125
Қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым А.Байтұрсынұлының тілге
қатысты айтқан: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың
меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәрін
жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша жарайды» [1, 141] деген
тұжырымы
–
тілді қазіргі лингвистикалық зерттеулерде басымдыққа ие болып
отырған тілдің қызметін, сөйлеуді антропоцентристік бағытта қарастыру, тіл
мен адамды өзара тығыз бірлікте алып қарастыратын тілдегі функционалды
бағыттың алғашқы ғылыми негіздері. Осы тұрғыдан алғанда, тілдің
функционалды сипаты қазақ тілтанымында ХХ ғасырдың басында тілші
А.Байтұрсыновтың назарынан тыс қалмағанын байқатады.
Тіл
бірліктерін
функционалды
аспектіде
қарастыру
тілдің
коммуникативтік қызметі және тіл бірліктерінің семантикалық әлеуетін бірлікте
саралауды көздейді. Бұл туралы А. Байтұрсынұлы «біз қазақ тіліндегі сөздің
бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдану болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп
айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді айтамыз» деп түйіндейді.
Бұл тұста да ғалымның тұжырымы сөйлеушінің коммуникативтік мақсатына
сәйкес қолданылуы тұжырымдалады. Демек, тілдің функционалдық сипатына
қатысты тұжырымдар тілдегі функционалды бағыттың негізін құрайды.
А.Байтұрсынұлы 1915 жылы жарық көрген «Тіл – құрал» еңбегінде сын
есімді саралауда олардың семантикалық сипатын негізге алған. Қазақ тілінің
грамматикасында «тұлғадан – мағынаға қарай» ұстанымын басшылыққа алатын
дәстүрлі грамматикада сын есім сапалық және қатыстық болып бөлінетіні
белгілі. Ал ғалым «мағынадан – тұлғаға қарай» ұстанымы бойынша сын
есімдерді саралап көрсетіп,
нәрселердің сынын көрсететін сөздерді сын есім деп
анықтайды да сын есімді тек сыны және сыр сыны деп екіге бөлген. Тек сыны
нәрсенің тегін көрсететінін айтып,
ағаш аяқ, күміс қасық, алтын жүзік, қағаз
ақша, жез құман, киіз қалпақ, мақта жіп
сияқты тілдік деректер негізінде
дәйектейді.
Ал сыр сыны нәрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін, түрін, түсін, тегін,
тұлғасын, пішінін, жайын, күйін көрсететінін тілге тиек етіп,
Достарыңызбен бөлісу: