Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет87/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

«Жас жеткіншектердің 
топтасып ойын-күлкі құратын кездерде айтылатын айтыстың бірі әрі 
бірегейі – жаңылтпаш. Ол жеке бір ғана ауыл баласының ермегі емес, көп 
жұртты жаңылыссыз, тез, анық сөйлеуге 


172 
дағдыландыратын өлең-ойын»
[4,138], 
– 
деген. Сонымен қатар сөзімізді анық, 
тілімізді қанық ететін жаңылтпашты ең алдымен баяу, кейін орташа 
жылдамдықпен одан соң тез айту керектігін сөз етті. 
Оның үстіне өзінің үзеңгілес замандасы Д.Д.Фрезердің: 
«Орталық 
Азияның түркі халықтары балалары сөзге шешен болсын деп сайрағыш 
құстардың тілімен тамақтандырады», – 
деген пікірін жоққа шығарып, 
халық мұрасының бала тілін дамыту ісінде адамгершілік қасиеттерді қоса 
дарытып болашақ өмірдің биік мұңарасына шығаратынын кесіп айтты. 
Ал қырғыз ғалымы Х.Хустанаев: 
«Қазақтар ең алдымен 
балаларының тілін дамытып, сөйлеуге үйретеді. Ол үшін балаларын тапқыр 
сөйлейтін шешендердің сарқытымен тамақтандырады. Тіл мәдениеті 
оларға сол сарқытпен қоса дариды», – 
деген топшылауын айтады. Ғалым өз 
кезеніңде бұл көзқараспен де келіспей, оның мәнісі – түбінде ақыл-өнеге, ізгі 
тілек, ыстық ықылас жатқан халық ауыз әдебиетінің мол мұрасында деп 
ұтымды жауап қайтарды. 
Ұлт ұстазы бала тілін дамыту ісінде халық ауыз әдебиетінің пайдасын 
айта кетіп, тұңғыш рет үлестірмелі карточкаларды ойлап тапты. Оның 
ойынша, тіл дамыту жұмыстарын мәтін, әңгіме оқып, оның мазмұнын жалаң 
баяндаудан емес, қарапайым үлестірмелі карточкалардан бастауды жөн 
көрді. Тіл дамыту жұмыстарын іске асыруда жеңілден ауырға принципін 
негізге алды. Мәселен, 1-карточка ойын түрінде беріліп, сөзді шырпымен 
жазу ұсынылады; 2-карточкада жазуға жаттығу, қызықтыру мақсатында ұпай 
беріліп отырады; 3-карточкада сөйлем құрастырып оны айтып беру 
көзделеді[5,42]. 
Байқағанымыздай, 3-карточкада ұсынылатын тіл дамыту жұмысы 
бастапқы екеуіне қарағанда күрделірек. Бұл тұстан жеңілден ауырға 
принципінің іске асып тұрғанын және ағартушы-ғалымның дидактиканың 
заңдарын өте терең біліп, оны өз еңбектерінде шебер пайдаланғанын көре 
аламыз. 
Көріп отырғанымыздай, ғалым тіл мен оны оқытудың әдістемесіне 
қатар қалам жүгіртті. Бір ғана әдістеменің бір жылғы жаңалығын игерудің өзі 
көп уақытты талап етеді. Оның даму жылдамдығына ілесе алмай қалған пән 
мұғалімі көп жаңа ақпараттан құр қалады. Бүгінгі күнгі ұстаздың көтерер 
жүгі жеңіл емес. Себебі қазіргі постиндустриалды әлемге жаңа оқыту 
әдістерін қабылдап, ең тиімдісін сұрыптап алатын маман ауадай қажет. Осы 
орайда, жаңа формациядағы мұғалім тұлғасын қалыптастыру ісінде 
ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлының «Жаның өзгерісті қаласа, сол 
өзгерістің біріншісі өзің болғын», – деген тұжырымы септігін тигізуде. 
Себебі инновацияшыл, жаны жаңалыққа құмар, ғылым құндылығын жете 
түсінетін, өз пәні мен оны оқытудың методикасын бес саусағындай білетін, 
оқушының жеке тұлғасын одан әрі дамыту мотивациясы жетілген, 
шығармашыл маман болуы тиіс. Бұл жөнінде А.Байтұрсынұлы өз бала 
оқытқан 12 жылдық тәжірибесіне сүйене келе 1914 жылы жарияланған
«Қазақ» газетінің № 62 санында жарық көрген 
«Мектеп керектері» атты мақаласында: «Мұғалім қандай болса, мектебі де 


173 
сондай. Бір білікті мұғалімі бар мектептен мың білімді түлек түлеп ұшпақ. 
Солай болғандықтан, ең әуелі, мектеп ісіне қажеті – педагогика мен 
методикадан хабары бар мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар 
қолайлы, әрі жұрт тегіс сыйлайтын қадірі болуы қажет. Құралсыз іс 
жасалмайды һәм құрал қандай болса, іс те сондай болмақ. Үшінші ең қажет 
дүние – бағдарлама. Оқыту ойдағыдай іске асуы үшін, оның үлгісі, мерзімді 
өлшемі болуы қажет»[6,126], – дейді. 
Шындығында да, бала оқытатындар оқыту ісін жөнді білерге керек. 
Бала оқыту жайын жөнді білейін дегендер, басқаға үйретпекші нәрсені өзі 
жақсы білерге керек деп топшылаймын. Сонда ғана А.Байтұрсынұлы өз 
дәуірінде қозғаған функционалды сауатты тұлғаны қалыптастыруға әбден 
болады. 
Сонымен қатар ғалым оқушыға сөз өнерінің тылсым құпиясы мен 
әдебиет заңдылықтарын қоян-қолтық бірлікте үйрету керек, – деп санады. 
Оны өз шығармашылық мұрасында сөз етті. Себебі, тіл дамыту тек ғана 
лексикалық, грамматикалық, пунктуациялық ережелерді үйрету ғана емес, 
сөзді қызмет ету барысында таныту. Осы орайда: «
Оқушылар ана тілінің 
жол-жобасы мен қағидаларын жаттап алып, судай ағытуға міндетті емес. 
Оны ұтымды пайдалана алса, білгенге саналады», 
– деп өте тұжырымды пікір 
айта білді. Бұл қазіргі кездегі функционалдық сауаттылықты көздейді. Ал 
жоғарыда сөз болған тіл дамыту жұмыстары функционалды сауатты тұлғаны 
қалыптастырады. 
Бұл өмірде бір дүниені білуден асқан бақыт, білмеуден асқан 
сорақылық жоқ, – демекші, ертеңгі күні білместіктің кеселі шекемізге таяқ 
болып тиіп, олжалы жерде үлестен, жоралы жерде жолдан қағылмас үшін, 
ғылымнан ата жолдасымыздай айырылмай ұлт ұстазы көрсеткен дара жолдан 
таймауымыз керек. 


174 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет