194
Отбасы- адамзат қоғамының шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет
атқарады, оның бірі- дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі- дүниеге келген сәбиді тәндік
жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп,
оны
тұлға
ретінде
қалыптастыру.
Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың,
отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет.
Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің
береке-бірлігі, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы
қорғалуы тиіс
[7].
Мектеп пен отбасының арасындағы ынтымақтастық шынайы болып,
қоғамдық сипат алмайынша оқу–тәрбие процесінде жоғары сапаға қол жеткізу,
ұрпақ тірбиесін оңалту мүмкін емес. Қазақстан Республикасындағы
педагогикалық ынтымақтастық негізінде тәрбиелік, дамытушылық міндетін
ойдағыдай атқарып жүрген үлгілі отбасылары мен мектептер аз емес. Ата-
аналармен мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде талай ұрпақ
мектептен түлеп ұшып, өмірден өз орнын тауып келеді. Екі жаққа да үнемі қозғау
салып отыратын бұл процесс үздіксіз де мәңгілік. Ата-аналар еңбегі–өте ауыр
еңбек. Бұл еңбек барлық күш жігерді, адалдықты, адамгершілікті, мейірімділікті,
шыдамдылықты, ізденісті талап ететін еңбек екенін ата-аналары да, балалары да
түсінді
[8].
Айналаңа қорғандай бол-деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз
өз ұрпағын «адам, азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ал,
отбасындағы қарым-қатынас мәселесі баланы жалпы азаматтық құндылықтарды
түсінуге жетелейді, өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, тынысын танытып,
талғамға, әдептілікке, жауапкершілікке баулиды. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин:
«Жас уақытта көрген тәрбие, оқыған оқу тасқа жазған жазудай кетпейді» -деп
ата-ананың, отбасының бала тәрибесіндегі орнын атап көрсеткен болатын.
Ендеше тәртіптің ең тамаша мектебі- отбасы. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын
қазығы туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі.
Достарыңызбен бөлісу: