Тірек сөздер:
жаңартылған білім беру, сын тұрғысынан ойлау, функционалды
сауатты тұлға
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ІЛІМІНІҢ ЗАМАНАУИ ИДЕЯЛАРМЕН ҮНДЕСУІ
Біздің заман өкілі өткен заманның баласы келер заманның атасы
демекші, жаңа ғасырға қадам басқан ұрпақ кейінгі ізбасарларына қарыздар
болып қалмауы үшін қолдан келген игіліктерді жасайтыны хақ. Осы орайда,
ғылым құндылығын жете түсінген алдыңғы буын өкілі Ахмет Байтұрсынұлы
өз ұрпағына өзектілігі әлі күнге дейін жойылмаған мол шығармашылық мұра
қалдырды. Ұлт ұстазының өміршең ғибратын азық еткен халқымыздың ұл-
қыздары ешуақытта рухани жүдемесі анық.
Ал бүгінде еліміз Тәуелсіздік алған сәттен бастап, ұлттық мәдениеттің,
білімнің өсіп-өнуіне жол ашылды. Білім мен ғылым жолында батыл қадамдар
жасалды. Оның бірі – 2012 жылдың 27 қаңтарындағы Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаевтың «Қазақстанның басты бағыты – әлеуметтік- экономикалық
жаңғырту» атты жолдауында сөз болған мектеп оқушыларының
сауаттылығын дамыту бойынша құралған 5 жылдық ұлттық жоспар. Ондағы
негізгі мақсат – мемлекетіміздің жалпы білім беретін мектептерінде дене
және рухани жағынан жетілген азаматты қалыптастырып, алған білімді өмір
қажетіне жаратуға үйрету. Оған қол жеткізудің бірден-бір жолы –
функционалдық сауаттылық[1].
Сол мақсатты іске асыру үшін мемлекетіміздің түпкір-түпкірінде
орналасқан мектептердің бәріне жаңартылған білім беру мазмұны енді.
Себебі келешек – білім мен ғылым кеңістігіндегі жаңалықтарға қашан да
тәуелді. Уақыт көші өнер-білімі бар жұртты жаһандық аренаға көтеріп,
басқалардан оздыра береді. Ал әліпті таяқ деп білмейтін жұртты тоздыра
169
бермек. Сондықтан заман ағымына ілесіп қатар жүру – ұлы мұрат. Ақыл
ойдың алыбы Абай атамыз: «Білім іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім»,
– дегендей, тез жетілудің әрекетін жасаған жөн. Басқа да озық елдерде
оқытудың жаңа жолы мен әдіс-тәсілдері қолға алынғаны мәлім. Оның
айтарлықтай оң нәтижесі де бар. Ендеше, біздің елге де оқытуда ғылыми
басқару әбден қажет. Бұл – «білім беру ісін жүйелі жаңарту» дегенді
білдіреді. Жүйелі жаңартудың басты мақсаты – білім берудің жеке тұлға
мәртебелілігін нақтылаудың әдістемелік, дидактикалық механизмдерін
негіздеуді қажет етеді. Осы бағытта мемлекетіміздің жалпы білім беру
саласында болып жатқан өзгерістердің нәтижелілігі ұстаздар қауымының
кәсіби икемділігіне, ғылыми дүниетанымының кеңдігіне, оқыту әрекетінің
жүйелі ұйымдастыруына байланысты. Демек, білім беруде жаңа
педагогикалық технологияларды ұтымды қолдана отырып, пәннің ғылыми
негізін меңгертудің жолы, білімді терең әрі жан-жақты игерту мәселесі және
оқушының өзіндік ойлауы мен шығармашылық әрекетін жетілдіру ісі сияқты
оқытудың ең тиімді түрлерін қарастырған абзал.
Ғалымдар педагогика шеңберіндегі жаңалықтарды үшке бөледі:
✓
Бұрын еш уақытта, ешбір жерде жаңалық ретінде танылмаған
білімділік идеялар. Практикада ондай жаңа дүние өте сирек ұшырасады.
✓
Белгілі бір уақыт кезеңінде, белгілі бір ортада өзектілігімен
ерекшеленген, кейін жаңа жағдайға бейімделген идеялар. Бұл қазіргі күндегі
педагогикалық жаңалықтардың басым көпшілігін құрайды.
✓
Бұрын практикада қолданылған, тек мақсатын өзгертіп жаңа
нәтиже беретін жаңалықтар[2,89].
Бұл күні оқыту үдерісінде кеңінен қолданылып, айтарлықтай нәтиже
беріп жүрген инновациялық технологиялардың қатарында Тбилиси
университетінің
педагогі
Ш.А.Амонашвилидің
ынтамақтастық
технологиясы, Элиста ғалымы П.М.Эрдниев ұсынған дидактикалық
бірліктерді
ірілендіру
технологиясы,
украиндық
профессор
В.П.Беспальконың деңгейлеп оқыту технологиясын атасақ болады. Аталған
технологиялардың басты қағидасы ретінде бірлескен әрекет арқылы білім
беру, оқытуды өмірмен байланыстыру, функционалды сауатты тұлға
қалыптастыру сынды дүниелер айтылады. Осы тұста: «Бұл бұрын еш жерде
сөз болмаған жаңалық па?» – деген заңды сұрақ туады. Жоғарыда аталған
инновациялық технологияларды «оқытудың мүлде жаңаша жолы, білім
үйретудің тың әдістемесі» деп қабылдамау керек. Өйткені бұл мәселелер
бұған дейін де ХХ ғасырдың бірінші ширегінде педагог-ғалым Ахмет
Байтұрсынұлының әдістемелік құралдарында талқыланды. Тәрбие мен білім
беру ісі «осы оқыту технологиясының науқаны өтті» дегенді көтермейді. Дәл
осы себептен де бұған дейін болған идея жаңаша ізденістермен
толықтырылып, оқыту үдерісіне қайта енеді.
Сонымен қатар жаңартылған білім беру мазмұнының басты жаңалығы
ретінде отандық және шетелдік әдіскерлер тарапынан «Сын тұрғысынын
ойлау», «Блум таксономиясы», «Инсерт» стратериясы мен сөйлеу әрекетінің
4 түрі де ұсынылды. Өткенге барлап қарасақ, бүгінде жаңашыл
170
деп танылатын оқыту технологиялары А.Байтұрсынұлының еңбектерінен
бастау алады. Оған ғалымның өз заманында ересектер мен балалардың
сауатын ашып, білім көкжиегін кеңейтуге арналған шағын мақалалары мен
әдістемелік еңбектері айқын дәлел бола алады. Мәселен, «Әліпби» оқулығын
құрастыруда көрнекілік, жүйелілік, түсініктілік, өмірмен байланыстылық
сынды дидактикалық принциптерді басшылыққа алды. Себебі, автор ақпарат
белгілі бір жүйемен, ретпен беріліп, күнделікті өмірмен тығыз байланыста
болған жағдайда оң нәтижеге жетуге болатынын ұғындырды.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізінде «Блум
таксономиясы бойынша оқу мақсатының иерархиясы» қолданысқа енді.
Себебі, блум таксономиясының 6 түрлі ережесі арқылы кез-келген ақпаратты
түсінумен қатар оған өзіндік анализ жасап, барлық пікірлерді жинақтай келе
өзіндік ой қорытындысын шығаруға мүмкіндік туғызады. Осы ретте әдіскер-
ғалымның екі бірдей идеясы көрініс табады. Бірі – жеңілден ауырға,
қарапайымнан күрделіге, оңайдан қиынға ұстанымы. Яғни, оқушыға
малтығып шыға алмайтын қиын жұмысты бірден тапсырмай, әліне қарап
беруді көздейді. Бұл жайында әдіскердің өзі:
«Үйрену һәм үйрету ең басынды қиын. Үйренуші оқудың басында
қиналмаса, оқудан тауы шағылып, көңілі қайтып мұқалмайды, керісінше,
одан сайын қызыға түседі» – дейді.
Мұндағы екінші ой кез-келген тілдік тақырыпқа анализ, синтез жасау.
Блум түймедағының 4 және 5 шарты, яғни, талдау, жинақтау бөлімі феномен
ұстаздың «Ана тілінің әдісі» атты мақаласында сөз болған айырыңқы,
жиылыңқы және анализ, синтез әдісінің негізінде құралған.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының оқыту үдерісіне әкелген
өзгерісі мұнымен бітпейді. Оқу мақсаттары білім алушы мен оқытушының
ой бөлісіп, оны жоспарлап, баға беруге мүмкіндік туғызатын сабақтастық пен
бірізділікті көрсететін тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым деп аталатын
төрт сөйлеу әрекетінен тұрады. Бұл тұста да А.Байтұрсынұлы қазірде біз жаңа
дүние деп танитын сөйлеу әрекеттерін өз кезеңінде шәкірт тәрбиелеуде
қолданған. Ол ғалымның оқу құралында былайша іске асады: Тыңдалым –
есте сақтап оны жатқа жазу, айтылым – берілген тақырып бойынша өз ойын
айту, оқылым – сөзді буынға бөліп оқу, тұтастай оқу, жазылым – сөздерді
тасымалдау, көшіріп жазу, бір сөзден екінші бір сөзді құрастыру арқылы іске
асады.
Көріп отырғанымыздай, әдіскер-ғалым оқыту ісінде ең тиімді деген
әдіс-тәсілдерді қарастырды. Сонымен қатар қазақ тілін оқыту әдістемесінің
теориялық негізін айқындауда мына мәселелерді көтерді:
✓
Оқыту әдістерінің маңызына тоқталып, ұтымды
тұсын
қарастырды;
✓
Тұнғыш рет үлестірмелі материалдарды қолданысқа енгізіп,
оқулық бетіне жариялады;
171
✓
Көрнекілік әдісіне айрықша мән беріп, оны қолданула оқушының
сауатын ашуды жеделдеду, оны үнемі қызықтырып отыру, бірсарынды
ақпаратпен жалықтырмау сынды негізгі талаптарын көрсетті;
✓
Ең бастысы, тілдік тақырыппен байланыста тіл дамыту
жұмыстарына ерекше көңіл бөлді. Себебі айтар сөзден жаңылып, көңілдегі
ойды емін-еркін жеткізе алмаса функционалды сауаттылық қалыптаспайды.
Тұлғаны оқытып-тәрбиелеу тіл дамыту жұмыстарынан бастау алады. Себебі,
тіл ұстарту – оқушыларды сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіріп,
өзге де ғылым негіздерінен дағды береді. Қандай да бір ғылым саласын
оқытудағы түсінік тіл арқылы беріліп, сол алған білімді сыртқа шығару
көркем де тартымды сөздің, яғни тілдің көмегі арқылы іске асады. Тіл дамыту
– сайып келгенде ақыл-ойды дамыту[2,90].
А.Байтұрсынұлының
функционалдық
сауаттылықты
қалыптастырудың негізі – тіл дамыту жұмыстары жайлы да бірсыпыра
деректер бар. Осы орайда әдіскер-ғалымның екі бағыттағы шығармашылық
еңбектерін бір арнаға тоғыстыруға болады. Біріншіден, көркемсөз
саңлағының 1926 жылы баспа бетін көрген «Әдебиет танытқыш» атты
еңбегінде ұлттық фольклор жанрын классификациялаудағы еңбектері болса,
екіншісі сол халық ауыз әдебиетінің мол мұрасын тіл дамыту ісінде ұтымды
қолдануы. Аталған еңбекте фольклор жанрын өзіндік белгілеріне қарай
сауықтама және сарындама деп екіге топтастырады. Сауықтама деп сөздің
түбірі айтып тұрғандай ойын-сауық, той-думан барысында айтылатын мақал-
мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш, өлең-тақпақтарды қамтиды. Ал сарындама
адамзат баласының әр түрлі көңіл-күйінен сыр шертетін жоқтау, неке қияр,
беташар т.б жырларынан тұрады.
Ғалым айтқандай-ақ, оқушы тілін дамытудың қайнар көзі – халықтық
педагогика. А.Байтұрсынұлы бала тілін дамытуда аса қажетті әрі теңдесі жоқ
дүние фольклор жанрын классификациялауда спиральді қағидат жүйесін
іске асырды. Құрылысының ауыр не жеңілдігіне қарай
–
халқымыздың
тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар пен жаңылтпаштар
сынды жеңіл дүниелерді айтқызып, кейін ғана ертегі, дастандарға, сюжетті
мәтіндерге қадам басады. Ғалымның ойынша, мақал мен мәтелдің мәнін
ашып, жұмбақ жасырып және оның шешімін тауып, жаңылтпашты еш
жаңылмай жатқа айтқан балаға одан кейін өтірік өлең, шағын әңгімелерді де
түсіну қиындық келтірмейді. Шындығында да, тұрмыс-салт жырларының
бала тілін дамытудағы рөлі ұшан-теңіз[3,67].
«Жаңылтпаш деген сөз жаңылу деген сөзден шықса керек. Қатарынан
бірнеше рет өте шапшаң айтқанда, я тіл келмей қалып, я басқа сөз қылып
шатасып, тіл сыңдырып келістірілген шығарма жаңылтпаш деп аталады», –
деп ең алғаш рет А.Байтұрсынұлы анықтамасын дәйектеген болатын.
Жаңылтпаштардың ғылыми маңызына назар аударып өзінің 1926 жылы
жарық көрген «Әдебиет танытқыш» еңбегінде:
Достарыңызбен бөлісу: |