Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет84/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

Ата, анада бар ғой, біздің балабақшаға бір тентек бала келді. Аты – Ноян. 
Өзі қазақша білмейді. Бізге тиісе береді. Күнде тентектік жасайды. Ол 
ол ма! Тамақ үстінде қасықты үсті-үстіне ұрғылап отырады. 
Біз: «Қой десек», – басын қисайтып, аузын бұртитып тиіскісі келеді 
(А.Хамзин). 
«Сөйлестіруде – диалогта» қолданылған «Ол ол ма!» реплика ретіндегі 
сөйлем – лингвистикалық маркер, соның ішінде синтаксистік маркер. Маркер 
қайталанып келген екі жіктеу есімдігі мен 
сұрау мәнді демеулік шылаудың 
тіркесуі арқылы жасалған. Бұл тұрақты сөз тіркестеріне тән, яғни сөздердің 
орнын ауыстыруға келмейтін тұрақты құрылым реплика ретіндегі сөйлемдердің 
лепті сөйлемдерден айырмашылығын көрсетеді. Автор шебер қолданған 
репликаның астарында «әрине, Ноян осындай бұзықтық жасамаса, Ноян болар 
ма!» деген ой жатыр.
Енді бір мысалда:

Әне, көрдіңдер ме, ана ортадағы Кәрімнің үйінен шығып бара жатқан 
екі жаяу — біздің Сылқым мен Көбек. 

Е, неге шықпасын, бар қымызын Кәрім соларға береді. Семіріккен иттей 
қымызды беріп-беріп, қит етсе бізге қарсы салады.
(Б.Майлин) 
Бұл үзіндіде реплика ретіндегі сөйлем хабарлы сөйлемнің құрамында 
берілген. Диалогтағы (қолданылып жүрген термин) «Неге шықпасын!» 
синтаксистік маркері шығарма кейіпкерінің әрі ренішін, әрі жақтырмаған кейпін, 
яғни эмоциясын сездіріп тұр. 
Эмоция реплика арқылы берілген. Бірақ бұл сөйлем айтылу мақсатына 
немесе Қ.Жұбановтың пікірі бойынша, айтылу сазына қарай әдеттегі лепті 
сөйлем емес. Профессор Р.Әмір, Ж.Әмірованың зерттеулері бойынша репликалы 
лепті сөйлем болады. Жоғарыда берілген екі мысалда диалогқа тән көркем 
шығармадағы ерекше қолданыстарға жатады. 
Ғылыми еңбектерде реплика ретіндегі лепті сөйлемдердің бірнеше жасалу 
жолдары көрсетіледі. Соның кейбіреуіне тоқталатын болсақ: 
Бірінші жасалу жолы: алдыңғы сөйлемде берілген сөздің қайталанып, оған 
болымсыз етістік жұрнағы мен -ғанда тұлғалы есімшенің жалғануы арқылы 
жасалады. 

Сен бүгін сонда барасың ба? 

Бармағанда! 

Қорқыныштығой. Түн іші, сыртта боран, қақаған аяз. (О.Бөкей) 
Диалогтағы «Бармағанда» тұлғасы – лингвистикалық, соның ішінде 
синтаксистік маркер. Ол алдыңғы репликаның бір сөзін қайталау негізінде 
жасалған. 
Бар 
– түбір етістікке 
ма – 
болымсыз етістіктің жұрнағы, 
-ғанда 
тұлғалы есімше жұрнағы жалғанған. Сөйлемнің соңына леп белгісі қойылған. 
Диалогта сұраққа жауап берушінің сөзін «
міндетті түрде барамын; иә, 
әрине, барамын», – 
деп құруына болар еді, бірақ кейіпкердің өзіне сенім артпаған 
немесе сол үшін алаңдап тұрған досының сөзіне өзінің қарсылығын білдіріп, 
қолынан әлі де көп нәрсе келетінін дәлелдеу үшін дәл әрі анық жауап 


166 
қайтарды. Аталған реплика ретіндегі сөйлем жоғарыда сөздіктерде көрсетілген 
«әңгімелесушінің сөзіне қарсы жауап» мағынасымен сәйкес келіп тұр. 
Екінші жасалу жолы: қайталанып келген сөзге 
ған 
– өткен шақ есімше 
жұрнағы мен 
да 
– жатыс септігі жалғауының жалғанып, 
қандай 
сұрау есімдігінің 
тіркесуі арқылы жасалады. 

Осыны газетке жазса қайтер еді? 

Жазғанда қандай! Алаңғасардың ақысын алып береді.
(Б.Майлин 
«Жақсылықтың ауылы») 
Диалогтағы «
Жазғанда қандай!» 
маркері 
қандай 
сұрау есімдігінің тіркесуі 
арқылы жасалған. Сұрау есімдігі әдетте сұраулы сөйлемдерді құруға негіз 
болғанмен, реплика ретіндегі сөйлемде сұраулық мағына жоқ, керісінше 
«міндетті түрде жазады, оған ешнәрсе кедергі бола алмайды» 
деген қарсылық 
реакциясы басым. 
Жасалу жолының бұл екі түрінде ұқсастық бар, дегенмен бірінші сөйлемде 
қайталанған сөз есімше тұлғалы болымсыз етістік жұрнағы арқылы жасалса, 
екінші сөйлемде қайталанған сөз болымды етістік формасында тұр. Екі 
мысалда да әңгімелесушінің қарсы реакциясы байқалады: алғашқы мысалда 
(Бармағанда!) келіспеушілік, қарсылық білдіру эмоциясы көрініп тұр, ал екінші 
сөйлемде (Барғанда қандай!) өзіне сенімділік, мақтаныш сезімінің реңктерін де 
байқауға болады. 
Үшінші жасалу жолы: «Не қылған» тұрақты компоненттің қайталанып 
келген сөзбен (зат есім, сын есім) тіркесуі арқылы жасалады. 
-
Мұнда құпия кеңес өтіп жатыр. Бөгет жасамаңыз. 
-
Не қылған кеңес? 
-
Кеңесдегеннің не екенін түсінбейсіз бе? Жиылыс, жиылыс өтіп жатыр. 
(Б.Соқпақбаев) 
«Не қылған кеңес?» синтаксистік маркері алдыңғы репликада айтылған 
кеңес 
атау тұлғалы зат есімнің қайталануы және 
не 
сұрау есімдігі мен 
ған 
– өткен 
шақ есімше тұлғасындағы қыл – етістігімен тіркесуі арқылы жасалған. Маркер 
кейіпкердің ішкі эмоциясын (түсінбеушілік, алаңдаушылық) жеткізіп тұр. 
Төртінші жасалу жолы: қайталанған сөз (есім, етістік) бен не (несі) сұрау 
есімдіктерінің тіркесуі арқылы жасалады. Қайталанып келген сөз сөйлемде 
тәуелдік формада тұрады. 

Бөгелек қаққан жылқыдай басты шұлғи зарлаған күйі дәрігердің 
алдынан бір-ақ шықтым. Враш жалғыз екен. 

Қайда отырайын? 

Қайда отырғаны несі! 

Мында. Креслоға... 

Азу ма? 

Азу.
(Е.Ыбыраев) 
«Сөйлестірудегі – диалогтағы» лингвистикалық маркер − «
Қайда отырғаны 
несі!», 
оның ішінде синтаксистік маркер. Бұл маркер алдыңғы диалогтағы 
құрылымды қайталау негізінде жасалған және оған 
несі 
деген сұрау есімдігі 


167 
тіркескен (қайда − сұрау есімдігі, отыр − қалып етістік, ған – өткен шақ 
есімшенің жұрнағы, ы − тәуелдік жалғауының III жағы). 
«Қайда отырғаны несі!» деген лингвистикалық маркерді қолданбай-ақ
мына 
жерге, мына креслоға 
деп қана айтуға болушы еді. Сұрақ қоюшы адамға 
екінші субъектінің, 
әрине, төрге емес 
деп сұрақты да сұрақ қоюшыны да 
ұнатыңқырамаған эмоциясын, таңданғанын байқауымызға болады. 
Қорыта айтқанда, жоғарыда келтірілген реплика ретіндегі сөйлемдердің 
жасалу жолдарына қарап, олардың әңгімелесушінің сөзін қайталап
не, қалай, 
қайдағы 
сұрау есімдіктермен және 
ша, ше 
сұрау мәнді шылаулармен тіркесу 
арқылы жасалатынын байқауға болады. Бұл реплика сөйлемнің компонентерінің 
бірінің алғашқы мағынасы сұрау мәнді болғанмен, сөйлем, керісінше, 
сөйлеушінің қарсы реакциясын, екінші адамның пікіріне өзіндік көзқарасын
сезімін білдіріп тұр. 
Мәтінде лингвистикалық маркер қызметін атқарып тұрған реплика 
ретіндегі лепті сөйлемдер мағынасы жағынан да, құрылымы жағынан да 
ерекшеленіп, автордың көркемдік құралдарды қолданудағы көмекші құралы 
ретінде жұмсалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет