Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет83/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

не жетсін 
сұрау есімдігі мен 
бұйрық рай тұлғалы 
жет 
− етістігінің тіркесуі арқылы жасалған баяндауыш 
осыны айқындап тұр. 
Көркем мәтіндерде лепті сөйлемдерге графикалық таңбалануы жағынан 
ұқсас, құрылымы жағынан тұрақты синтаксистік конструкциялар кездеседі. 
«Р.Әмір, Ж.Әмірова бұл жайлы: «Тілімізде құрылысы жағынан оқшау келетін, 
құрамындағы сөздерді мүшелік қатынасқа анық даралауға келмейтін сөйлемдер 
бар» [2,85], – деп, мұндай сөйлемдерді реплика ретіндегі сөйлемдер деп атайды. 
– 
Әй, қайным-ау, біз тұрғанда не көрінді саған, сиыр сауып?! 
Ойбай, қу 
шелекке сонша жабысып қалғаны несі!
(Н.Келімбетов) 
Мысалда көрсетілген реплика ретіндегі лепті сөйлемнің соңында қойылған 
леп белгісі оның лепті сөйлемдермен ұқсастығын көрсетіп тұрғанмен
кейіпкердің сөзінен екінші адамның әрекетіне келіспеушілігі, қарсы эмоциясы 
сезіліп тұр. Бұл – репликаға тән құбылыс. Кейіпкер көңіл-күйін білдіру 
мақсатында автордың сөйлем құруда осындай тұрақты құрылымды қолдануы 
оның диалог құрудағы шеберлігінің бір көрінісі деуге болады. 


164 
Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» − оның эстетикалық- 
философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылдық келбетін терең 
де толық танытатын зерттеу. Демек, ешқашан өзектілігін жоймайтын алдағы 
зерттеулерге негіз болатын бағалы еңбек деп айтуға болады. «Әдебиет 
танытқышта» (1926) алғаш рет А.Байтұрсынов қазіргі қолданыстағы диалог 
деген сөздің орнына шығарма мазмұнына қарай «сөйлестіру» деген терминді 
қолданған. 
Көркем әдебиет өмірді айшықты сөз арқылы суреттейтін өнердің айрықша 
бір түрі десек, автор туындысында кейіпкерлерінің болмыс-бітімін, мінезін, ішкі 
жан дүниесін сипаттауда, бір сөзбен айтқанда, қоғам тынысынан хабар беретін 
кейіпкер сөзі үшін қолданылатын «cөйлестіруді – диалогты» ерекше амал-
тәсілдің бірі деуге болады. 
Сөз зергерлерінің «cөйлестіру – диалогты» ұтымды қолдануынан олардың 
талғамын, шеберлігін бағамдауға болады.
Бүгінгі күні де ғылыми айналымда «реплика» терминіне әртүрлі анықтама 
берілген. Француз тілінен енген «replique» терминінің алғашқы мағынасы – 
қарсылық білдіремін, қарсымын. 
О
рыс тілінің түсіндірме сөздіктерінде 
терминнің бірнеше мағынасы көрсетілген: 

Ответ, возражение, замечание на слова собеседника, говорящего. Подать 
реплику. Реплики с мест; 

В сценическом диалоге: текст, заключащий в себе слова одного из 
действующих лиц; 

На судебном процессе: возражение одной из сторон (спец.) [9,843] 

Краткая газетная или журнальная статья как возражение, выражение 
несогласия с кем-чем-нибудь. [10,721]. 
Ал қазақ тілінің сөздіктерінде реплика: 

қарсылық таныту, ескерту жасау, әңгімелесушінің сөздеріне жауап; 

пьеса барысында бір актердің соңғы сөздері; 

сөйлеуші сөзінің мазмұны бойынша тыңдармандардың қарсылығы немесе 
ескертуі; 

басқа үндестіктегі музыкалық фразаны қайталау [11, 437]; 

сөйлеп тұрған кісінің сөзін бөліп, айтылған 
қақпа сөз, ілікпе сөз, 
– 
[12,118.] деп берілген; 
«Реплика» 
териминіне 
берілген 
анықтамаларды 
салыстырып, 
тұжырымдай келе, солардың ішінде «сөйлеуші сөзінің мазмұны бойынша 
тыңдармандардың қарсылығы, ескерту жасау, әңгімелесушінің сөздеріне 
жауап» деген дефинициясы реплика мәнді сөйлемдердің мағынасына сәйкес 
келіп тұр. 
Р.Әмір, Ж.Әмірова реплика ретіндегі сөйлемдер қатарына 
«cөйлестірудегі – диалогтағы» 
«Келгенде қандай! Ол ол ма! О несі екен!» 
сынды 
үнемі тұрақты орында қолданылатын, лексикалық жағынан еркін емес, 
құрылысы жағынан фразеологизмдерге ұқсас сөйлемдерді және «Айтпағанда! 
Айтқанда қандай!» сияқты тұрақты компоненттерді қатыстырып жасалатын 
сөйлемдерді жатқызады. Мысалы: 


165 
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет