Интерактивті әдіс деп отырғанымыз бірлесе жоғары деңгейде әрекет ету,
яғни, оған іскерлік ойындар, рольдерді орындау, іскер театр, дамытушылық,
логикалық ойындар т.б. жатады. Осы әдістерді әрбір саласының денсаулық,
қатынас, таным, әлеуметтік, шығармашылық құзіреттілігінде пайдалана отырып,
қоғамның талабына сай өркениетті, дамыған елдердің білім деңгейіне жеткізуге,
жеке тұлғаны жоғары дейгейде қалыптастыру мақсатына бағыттап, жұмыстар
жүргізілуде.
Осыған орай ойынды алатын болсақ, ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені
бала ойынсыз өспейді, жан – жақты дамымақ емес. Ойын – бала миын
жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу. В.А. Сухомлинский
«Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес.
Ойын – дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың
рухани байлығы жасампаз дүние туралы түсінің алады
. Ойын дегеніміз – ұшқын,
білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» — деген.Расында, ойын
балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне,
шығармашылыққа, мықты белсенділікке, өз – өзін дамытуға мүмкіндік
беретіндігі сөзсіз.
Қазіргі кезде республикамызда белгілі педагог Қ.Қайым оқу тәрбие
саласында қолданатын ойындарды 3 топқа бөлген. Білім саласының
ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттеріне үстел – үсті, қимылды. Рольді,
кейіпкерлендіру, танымдық ойындарды көбірек қолданамын. Мысалы,
интеллектуалды ойын «Ойна да ойла, балақай!». Ұлт ойындарын жанұя
тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбилік шараларда қосымша материал
ретінде пайдаланып келеміз. Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі- халықтық
ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес,
мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілердің рухани өресі кең өсіп-
жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі
құралдардың бірі болып табылады[5].
Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл- ой тәрбиесі болмайды»
дейді, демек, тәрбиеленушінің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру
арқылы байи түспек.Фольклортанушы ғалым Ә. Диваев «Қазақ балаларының
ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «…
өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі
балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар…». Осының негізінде
қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол
жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан
соқпақ, ақ серек- көк серек» т.б. ойындарын,ал одан кейінгі топқа: «тақия
тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу,
қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады.
Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды
жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады[6].
Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге- өсиет бастан аяқ
қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса
184
бастайды. Демек, ойын әртүрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана
төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы – үлкеннің барлық қасиетін, яғни
баланың жандүниесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға
қалыптастырады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе,
ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту қажет.
Сөзімді қорытындылай келе айтарым,педагог жаңалықтан қашпауы тиіс,
қайта әдісті көп білуге тырысқаны жөн, одан ұтпаса, ұтылмайды. «Мектепке
дейінгі мекемелерде ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланып,
балаларды кіші жастан ақпараттық сауаттылықпен қамтамасыз ету қажет» деген
Елбасы тапсырмасына орай жаңа технологияны меңгергенпедагог тәрбиешінің
креативтілік кәсіби кұзыреттілігін дамыту өркениетті ел болашағын ойлайтын,
зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақты тәрбиелей алады[7].
Демек жаңа технологиясымен қарауланған педагог ғана, өркениетті ел
болашағын тәрбиелей алады. XXI ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой
өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек
екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.