185
ӘӨЖ 81-132
Жұмажан Айым Нұрлыбекқызы
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» ҚеАҚ,
Көкшетау, Қазақстан
zhumazhan-99@mail.ru
Смагулова Нұргүл Қайырбекқызы
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» ҚеАҚ, Көкшетау, Қазақстан
Smagulova13@mail.ru
ЛИРИКА ЖАНРЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
ХХІ ғасырға аяқ басқан жаңалықтарға толы заманаға үн қосу қазіргі заман
мұғалімінен үлкен еңбекті талап етеді. Заманауи мұғалім қай жағынан болса да
жаңалықтар мен идеялардың жаршысы бола ала ма? Бұл көкейтесті мәселелер
ұстаз жүрегіне ой салары сөзсіз. Қай кезеңде де адам руханиятын алға жетелейтін
басты күш әдебиет болып келеді. Бүгінгі таңда "Жастарымыз әдебиеттен қол үзіп
барады. Көркем шығарманы мүлдем оқымайды,"- деген пікірлерді жиі естіп
қаламыз.
Әдебиет – сөз өнері. Ол
баланың талғамын, мінезін, танымын
қалыптастырады.
Әдебиеттің ғажап жанрының бірі- лирика. Ғалымдар лирикаға "адамның
көңіл күйін күйттейтін поэзия" деген анықтама береді. Жалпы лирикалық
шығармаларды
қалай оқытамыз, оқушы жүрегіне қалай жеткіземіз
деген
мәселелер туралы ой бөліскім келеді.
Лириканы оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, ең
бастысы, оқушылардың оған деген көзқарасы мен қарым-қатынасында.
Лириканы оқытудың басты мақсаттарының бірі- оқушыларды поэзияны сүйе
білуге баулу, оның
кестелі тілін сезіне білуге, эстетикалық ләззат ала білуге,
әдемі, көркем сөйлей білуге баулу болып табылады.
Оқушылардың көбі поэзиядан гөрі қызықты сюжеті,
мазмұны бар прозаны
жақсы көреді.
Ендеше өз тәжірибемде кездескен лириканы оқытудағы қиындықтарды
төмендегіше жүйелегім келеді:
➢
Лирикалық шығарманың идеясын таныту;
➢
Лирикалық қаһарманға мінездеме беру;
➢
Өлеңнің көркем тілін талдау.
Осы бағытта жұмыстана жүріп, поэзияны оқытуда мына жағдайларға көңіл
бөлуді жөн көрдім:
➢
Оқушыларды сөздікпен жұмыс жасауға үйрету;
➢
Пәнаралық байланысқа мән беру;
➢
Әдеби-теориялық ұғымдарды таныту;
➢
Оқушылар шығармашылығын дамыту.
Осы мәселелер ұстаздың жетелеуі арқылы шешімін табады, бірақ жаңа заман
186
мұғалімінің міндеті оқушыны білімді "тұтынушы" емес, жаңаны "өндіруші"
рөліне енгізу.
Заманауи білім берудегі негізгі мақсат "ХХІ ғасырда нені оқыту керек?"
және "Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?" деген
көкейтесті сұрақтарға жауап іздейді. Жаңа білім берудің ең негізгі ерекшелігі
оқушылардың алған білімін жай ғана иеленіп қоймай,
оларды орынды жерде
қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Оқытудың қандай жолы
қолданылса да, "оқыту тиімділігі" ұғымына қатысты қарастырылатын екі түрлі
көзқарас бар: біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі
келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас
нәтижесі ретінде қарастырылуы.
Ж.Аймауытов: "Мағжан- сыршыл ақын. Мағжан сөзінде "тілге жұмсақ,
жүрекке жылы тиетін" үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында
болған емес" деген.
Достарыңызбен бөлісу: