190
ӘӨЖ 371.398
Калымова Асел Қайратқызы
Абай Мырзахметов атындағы
Көкшетау университеті
aselkalymova@mail.ru
Искакова Дана Куанышевна
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
ЖАС ОТБАСЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ЖҰМЫСТАР
Аннотация: Отбасы бізге белгілі баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін, жеке
қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа, жігерлі, қайратты, адал болуға
тәрбиелейді.
Түйін сөздер: Жас отбасы, отбасы, неке, бала тәрбиесі, тәрбие
«Жас отбасы»
-
күрделі және неке-отбасылық
институтының тұрақсыз
кезеңі болып табылады. Некеге тұрғаннан кейін, жас отбасында алғашқы
тұрақтандыру процесі басталады яғни некенің алғашқы кезеңі отбасылық
интеграциямен және адаптациямен сипатталады. Интеграция - бұл өз еркімен
бірігу, ерлі-зайыптылар әртүрлі отбасылық өмірдің аспектісі бойынша
позицияларын, көзқарастарын және пікірлерін сәйкестендіру. Осыған мынандай
маңызды сұрақтар жатады: өзара қатынас жасау стилі; материалдық- тұрмыстық,
отбасылық
бюджет мәселелері; рухани өмір мен демалысты өткізу; интимды
өмір, баланы күту және оның туылуы; ата-анамен өзара қатынасы, ерлі-
зайыптылардың кәсібке және қоғамдық іс- әрекетке, қоғамдық құндылықтарға
деген қатынасы. Отбасының интеграциясының сәттілігі бейімделусіз өтпейді [1].
«Бейімделу» термині кең мағынада – бұл қоршаған ортаға бейімделу
дегенді білдіреді. Бейімделу
процесінің екі деңгейі бар, ол биологиялық және
психологиялық. Биологиялық - бұл организмнің физикалық ортадағы
өзгерістерге, ал психологиялық – бұл адамның тұлға ретінде қоғамның
талаптарына бейімделуі. Психологиялық бейімделу - социумның құндылықтары
мен нормаларын игеру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі көріністеріне
адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі яғни қарым-қатынас және белсенді
іс-әрекет жатады. Отбасына бейімделу жоғарыда
көрсетілген компонеттерді
қосады және отбасылық өмірмен танысу процесінен басталады. Ал, ерлі-
зайыптылардың бейімделуі деп отбасылық өмірге немесе күйеуі мен әйелінің
бір-біріне бейімделуі процесін атаймыз. Осы кезең күрделі, өйткені жас ерлі-
зайыптылардың тұлғасында өзгерістер болады, қажеттілік- мотивациялық
сфералары қайта құрылады, жаңа өзіндік сана деңгейі қалыптасады, әлеуметтік
ортамен жаңа байланыстар жасауды (қарым-қатынас) қажет етеді.
Қазіргі кезде қоғамдағы барлық оқыту және тәрбиелеу іс- әрекетімен
шұғылданатын әлеуметтік институттардың ішінен отбасы тәрбиесінің маңызы
зор. Өйткені, балалардың алғашқы өсіп — өнуі, қалыптасуы, әлеуметтік қарым–
191
қатынасы, байланыстары, іс–қимылдар мен мінез–құлық нормаларын меңгеруі
отбасынан басталады. Отбасы бізге
белгілі баланың адамгершілік, тұлғалық
қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа,
жігерлі, қайратты, адал болуға тәрбиелейді.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда жас отбасының мынадай төрт
түрлі мәртебесі бар: әлеуметтік–экономикалық, әлеуметтік–
психологиялық,
әлеуметтік–мәдени, және ситуативтік міндеттер. Мұғалім жас отбасы мен жұмыс
нысаны барысында–балалар, жастар, ересек адамдар, қарттар жалпы отбасының
барлық мүшелерімен жұмыстанады. Жас отбасымен жұмыс жасай отырып,
оларға: білім алуға, оқуға, психологиялық көмек алуға жәрдем береді.
Сондықтан педагог ата–анамен ( отбасы мүшелерімен) мынадай іс–шаралар
жүргізеді:
1.
Тәрбиелеуде балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеруді
қаперінде ұстау;
2.
Ата –аналардың тәрбиеде ( бала тәрбиесінде) жіберген қателерінің себеп,
салдарымен мәлімет беру және айғақтар мен дәлелдер келтіру арқылы дұрыс
тәрбиенің мәнін ашып көрсету және нандыру,
3.
Оқу, еңбек, ойын, демалыс және бос уақытын дұрыс пайдалану бойынша
кеңестер беру,
4.
Жастайынан,
әуелі санасыз, еліктеу арқылы пайда болатын жаман әдеттер:
масайту ішімдігіне әуестену, шылым шегу, нашақорлыққа еліктеудің алдын алу
шараларын үйрету.
Мұғалімнің әке–аналарға беретін көмегі, ақыл кеңесі баланы тәрбиелеудегі
мақсат пен міндетті түсіну, оның мүддесін қорғап қажеттенуін қанағаттандыру,
отбасы мүшелерінің ой санасына, ақыл–кеңесіне ықпал ететін әңгімелер өткізу
басқа да іс–шаралар ұйымдастыру осы қызметтің пәрменділігін көрсетеді.
Салауатты отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық көмектің
тағы бір аса маңызды құрамды бөлігі–психологиялық көмек. Психологиялық
болсын, әлеуметтік–педагогикалық болсын дерлік тәрбиенің дұрыс қалыптасуы
ұстаз, бала, ата–ана еңбегімен байланысты. Береке бірлікте жұмыс істеп,
бұзылмайтын, айнымайтын тәртіпке бас игенде ғана іс оңға баспақшы. Әр
отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, атқарған еңбегін құрметтеп, оны
кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы-қоғамдық еңбек,
адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес
беріп, ата кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген.
Туыстық,
отбасылық
(әлеуметтік)
қатынастарды
бала
кезінен
қалыптастырғын. Демек, әр отбасында түрлі
қарым-қатынастың орнығуынан
баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Салауатты отбасы — өркениетті
қоғамның талабы. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік
деңгейде мән беріліп отыр. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып
табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әр
отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ. Отбасында түрлі қарым-
қатынас қалыптары көрініс береді. Отбасылық тәрбие–ата-аналар мен
192
туыстардың күшімен нақты отбасындағы қалыптасқан тәрбие мен білім беру
жүйесі
[2].
Отбасының негізгі міндеттері:
•
Баланың өсіп дамуына, толық жағдайлар жасау;
•
Балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;
•
Өз халқының этно-мәдениетін дәріптеу;
•
Баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау.
Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері:
•
Өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейірімділік көрсету;
•
Балаларды жанұя өміріне енгізу,ақылшы ретінде қарау;
•
Балалармен ашық жіне сенімділік қарым-қатынас құру;
•
Талап қоюда жүйелілік жасау;
•
Өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге
дайын болу;
•
Ұрып-соғу,жазалауға тосқауыл жасау.
Міне, отбасы осы міндеттер мен принциптерге сүйеніп еңбек еткенде ғана
ұрпақ тәрбиесі дұрыс бағытта өрбиді.
Автордың ойынша осы қабілеттердің дамуы
неке-отбасылық бейімделудің
сәттілігін анықтайды [3].
Достарыңызбен бөлісу: