Екінші, Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ жазуының басты принципін
анықтаған ғалым.
А.Байтұрсынұлы жазудың негізі екеу (таңба негізді және
әріп негізді), ал жүйесі төртеу (таңбаша, дағдыша, туысша, дыбысша) деп [1,
361б.], жалпы жазу теориясының ортақ қағидаттарымен сәйкес айтқан. Мысалы,
Л.В.Зиндер жазудың тегі семасиографиялық немесе идеографиялық және
фонографиялық болып бөлінеді дейді [24, 52б.]. Ал таңба жүйелі емле, тарих
жүйелі емле, туыс жүйелі емле, дыбыс жүйелі емле орфографиядағы тарихи
принцип, этимологиялық принцип, морфологиялық, фонетикалық принциптерге
сәйкес келеді.
Бүгінгі ағылшын жазуын дәстүрлі немесе тарихи принциппен жазылады
дегеннен гөрі, әр сөздің жазылуын жаттауға тура келетін идеографиялық
принципке жақындайды деген пікірлер [3] де ғалымның осы көзқарасын
растайды [4, 100б.]. Л.В.Щерба этимологиялық принцип деген морфеманы
сақтап жазу, яғни морфологиялық принцип, бұл бір жағынан тарихи принципке
жақын деген [5, 104б.]. Сонда таңба жүйелі емле (А.Б.) – тарихи принцип
(Л.В.Зиндер), тарих жүйелі (А.Б.) – этимологиялық принцип (Л.В.Зиндер), туыс
жүйелі (А.Б.) – морфологиялық (Л.В.Зиндер) принцип болып сәйкеседі.
Қазақ жазуының алғашқы кезеңі емле принципін айқындап алу
қиындылығымен өлшенді десек, бұл шешуші міндетті ғалым “туыс жүйелі
емленің де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қиналмай өтетін, екеуінің
арасынан жол тауып беретін” төмендегі ұсыныстар арқылы шешкен:
“1. Әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы естілуінше жазылу.
2.
Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу.
3.
Үйлестікпен дүдәмәл естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы
естілуінше жазылу.
4.
Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу.
5.
Қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз, қосынды сөз – бәрі де қосарлық белгімен
жазылу.
6.
Жалғаулықтар бөлек жазылу орындарынан басқа жағы жалғау
ережесінше болады.
7.
Үйір айтылатын сын есім мен зат есім бөлек жазылу.
8.
Көсемше, көмекші етістіктер бөлек жазылу” [6].
Бұл “полагаю, что практически для тюркских народов самое правильное
было бы – комбинация фонетического и этимологического принципов,
17
комбинация в каждом отдельном случае своеобразная и разная, ибо правил
общих тут никак нельзя дать” деген Л.В.Щербаның сөзімен үндеседі [7, 50б.].
Және бүгінгі емлемізді айқындаған фонематикалық принциппен сай келеді.
Жалпы, бәрімізге белгілі 70-80жж. фонетика, орфографияға қатысты оқулық,
емле сөздіктерінде қазақ орфографиясының негізгі ұстанымы морфологиялық,
өйткені сөзді естілуінше емес, түбір тұлғасын сақтап жазамыз деген көзқарас
орныққан болатын. Бірақ морфологиялық принцип фонематикалық принципке
сәйкес келеді. Тек қағидаттардың атауы әртүрлі. Оның үстіне фонематикалық
принциптің түсініктемесі әлдеқайда кең, көп нормаларды түсіндіре алады:
“Фонематический принцип имеет большую объяснительную силу, чем
морфологический: понятие фонематический принцип полностью покрывает
понятие морфологический принцип и, сверх того, объясняет те факты, которые
не могла быть объяснены в терминах морфологического принципа, а именно,
неизбежные отступления от единообразной передачи морфем в случае
морфологических чередований” [8, с.10].
Әлді позициядағы дыбыс тіркесімдері жазуға біршама сәйкес екендігі, әлсіз
позиция әлді позициядағы тұрпатымен тексеріліп, негізгі реңкі айқындалатыны
қазіргі емленің басты әдісіне жатады. Бұл әдісті кезінде А.Байтұрсынұлы:
“Сөздің ауыздан шығуының өзі екі түрлі болады. Сөйлегенде сөздер бір-біріне
жалғаса айтылғанда бір түрлі, әр сөзді оңаша жеке алып айтқанда ауыздан екінші
түрлі болып шығады. ...Жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін біздің
қазақ қолданып келеді”, - деген екен. Жалғаулар көмескі естіліп, дүдәмалдік
танытатын жерлерде, аяғында әсер етпейтін дыбыс бар сөздерге жалғап қарау
керектігін айтқан [6, 7б.].
“Туыс жүйені де, дыбыс жүйені де “аралас тұтыну керек деушілер: керегіне
қарап, екеуін де тұтыну керек дейді ... сөйтіп сөз басына ереже жасайды ... ондай
емле оңай болып табылар ма” дейді А.Байтұрсынұлы. [6,6б.].
Бүгінгі емлемізде қосымшалардың түбірдің соңғы дыбысына немесе
түбірдегі дауыстыға үйлесіп жазылуы проблема тудырмайды. Аффикстік
морфемалар болсын, сөз тудырушы, түрлендіруші жұрнақтар болсын түбірдің
соңғы дыбысына үйлесіп, бірнеше нұсқамен жазылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -
тар, -тер. Ал Байтұрсынұлы заманында бұл норма тек үнді вариант болған.
Бұрынғы араб графикасынан қалған жазу емлесі қосымшалардың барлық түркі
халықтарына ортақ бір ғана вариантын (инвариантын) жазып, әр халық өз тілінің
ауызша жүйесімен әрқалай оқып жүрсе, ол жергілікті ерекшелігі көп бір тіл
ішіндегі әдеби норманың жазылуы сияқты болды. Ендігі жерде әр ұлттың дербес
жазу-сызуы болған күнде “туысша” жазу принципін сақтаудың қажеті жоқ
екенін сезген А. Байтұрсынұлы: “Түркі халықтары сөз төркінімен емес,
халықтың сөйлеу тілімен санасуы керек ” [1, 418б.] деді.
Ғалымның шартты рай жұрнағы
-са, -се
ме, әлде
-ша, -ше
ме дегенді анықтау
үшін неғұрлым тәуелсіз позиция ретінде
қонса, сепсе, келсе, қуса, қанса
тұлғаларын таңдап алуы –
кешше
(кешсе),
пішше
(пішсе) сөздерінде бұлар әлсіз
позицияда алдыңғысында әлді позицияда тұрғанын анықтағаны [6, 7б.]. Сондай-
ақ
Қорғамбай – Қорғанбай, Арғымбай – Арғынбай, Тасқымбай –
18
Тасқынбай, қоңған – қонған, жоңған – жонған, жаңған – жанған, көңген –
көнген, өңген – өнген, сеңген – сенген, күңге – күнге
тұлғаларының соңғылары
дұрыс, өйткені сөздің түбірі
“қорғам”, “арғым” “тасқым”
емес,
қорған, арғын,
тасқын
болады деп анықтайды. Сондай-ақ [
н
] дыбысын
қ, ғ, г
дыбыстарының
әсерінен айырсақ, дүдәмалдық жоғалады,
“қоныс”, “қондық”, “жону”,
“жондым”, “жанып”, “жанды”, “көніп”, “көнді”, “өніс”, “өнім”, “мініп”,
“мініс”, “сеніп”, “сенім”, “күнде”, “күндік”
дегенде, “ң” емес, “н” екені
айқындалады [6, 7б.] дейді ғалым. А.Байтұрсынұлының бұл ойлары емлені әлді
позицияға қойып тексеру әдістері арқылы негіздейтін бүгінгі орыс жазу
нормасында енді айтылып жүр [8, 16б.].
Достарыңызбен бөлісу: |