Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет12/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   127
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ 
– 
ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ НЕГІЗІН 
САЛҒАН ҒАЛЫМ 
Қадірлі қауым, құрметті әріптестер! Бүгінгі шара, биылғы жыл өте 
маңызды: ұлтын ұлықтаған шара, тұлғасын ұлықтаған жыл. Ұлы тұлға – Ахмет 
Байтұрсынұлының қазақ еліне сіңірген сан салалы, өлшеусіз қызметінің негізгісі 
елді ағарту, сауат аштырып, білім алуға бастау болса, оның қажетті құралы жазу, 
емле мәселесі еді. Бүгінде нормалары мен емле құралдары тұрақталып, дәл 
осылай дайын күйінде бірден жазып, сызып кеткендей көрінетін қазақ тілінің 
орфографиялық ережелері Байтұрсынұлындай тұлғаның жанкешті еңбегі мен 
терең білімі, парасатының арқасында екенін біреуіміз біліп, біреуіміз біле 
бермейміз, немесе сөз жүзінде айтып, шындығында ойланбаймыз, ғылыми негізі 
қалай жасалғанына тереңдеп бара бермейміз. Сондықтан бүгінгі баяндамамыз – 
қазіргі қазақ жазуының, қазақ орфографиясының басты қағидаты, принципі 
қандай, ол қалай негізделді, әліпбиде таңбаланатын фонемалар қалай таңдалды, 
әріптердің жазылу емлесі қалай жасалды және кім жасады деген сұрауларға 
жауап беру үшін, еске салу үшін, айқындау үшін жасалып отыр. 
Әрине, кім жасады деген сұрауға алдымен, Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі 
қазақ жазуы және оның негізгі категориялары, яғни әліпбиі мен емлесі және 
графикасының пайда болып, дамып, жетілуі және дәстүрге айналуының 


15 
ғылыми-теориялық және практикалық негіздемесін жасаған тұңғыш қазақ 
ғалымы деп жауап береміз. 
Ахмет Байтұрсынұлының оқу құралдары мен кітаптарынан басқа 200-ге 
тарта мақаласы бар. Соның 30-дан астамы қазақ жазуы мен емлесіне арналған. 
Ең алдымен, Ахмет Байтұрсынұлы – қазіргі қазақ емлесінің басты 
заңдылығы болатын тіл үндесімін жазу арқылы бекіткен ғалым. 
Ғалым ерін 
үндесіміне қарағанда қазақ тілінде тіл үндесімі жетекші қызметте екенін 
пайымдап, лингвалды сингарманизмге жазуда доминанттық сипат береді. 
Сөйтіп, өзге түркі тілдері ішіндегі қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігін анықтап, 
орнын айқындайды. Сөздің бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылатыны 
басқа дыбыстық заңдылықтарға қарағанда жаппай қамтитын құбылыс екенін 
пайымдайды. Және ол жуан-жіңішкелікке “жетекшілік” ететін саны аз дауысты 
дыбыстар болады дейді. Осы белгілерді байқай отырып, ғалым 43 дыбысты 
мүмкіндігінше аз әріпке сыйдыруды қарастырады: “Дауысты дыбыстар сөздің 
жаны есебінде, дауыссыз дыбыстар ћәм жарты дауысты дыбыстар сөздің тәні 
есебінде. Тәнді жан қандай билесе, дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды сондай 
билейді; яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз я жарты дауысты 
дыбыстар да солай айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, басқа 
дыбыстар да жіңішке айтылады. Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың жуан-
жіңішке айтылмағын белгілеп айырсақ, басқа дыбыстардың да жуан- жіңішке 
айтылатындығы да айрылғаны. Дауысты дыбыстар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет