Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет13/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   127
а, о, ұ, ы 
осы тұрған күйінде 
жуан айтылады, мысалы: 
аз, оз, ұр, сары
. Бұлардың жіңішке айтылатын орнын 
айыратын белгі аламыз ()-ні дәйекші. Бұл белгі сөздің алдында дәйекшіге тұрып, 
ол сөздің жіңішке оқылмағын хабарландырады, яғни бұл белгі тұрған соң, сөздің 
ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңішке айтамыз. Дауысты дыбыстар жіңішке 
айтылса, олардың қатарындағы басқа дауыссыз я жарты дауысты дыбыстар да 
жіңішке айтылады, мысалы: 
арман-әрмен, тор- төр, тұр-түр, жоны-жөні. 
Жіңішкелік үшін жалғыз ғана белгі алып, 43 түрлі дыбысты 25 белгімен 
дұрыстап жазуға болады” [1, 325б.]. 
А.Байтұрсынұлы алғаш реті әліпбиді қазақ тілінің басты – тіл үндесімі 
заңдылығына негіздеп берді. Осы негіз одан кейінгі қазақ жазуы қабылдаған 
барлық әліпби түрлеріне негіз болды: 28-29жж. латын әліпбиі бойынша жасалған 
алғашқы қазақ алфавиттерінің барлығы дәйекші арқылы құрастырылған 
әліпбилер болды. Ал 1929 жылы дәйекшесіз алфавит қабылданып кеткенннен 
кейін де, мысалы, 1934ж. жаңа жазуға өзгерту енгізу керектігі көтерілгенде, 
бірінші болып, проф. Қ.Жұбанов өзінің әліпби мен емле жобасын дәйекші 
қызметін пайдалану арқылы ұсынып еді. Ғалым қолданыстағы 34 әріпті 
дәйекшінің көмегімен 25 әріпке қысқартып, А.Байтұрсынұлының әліпбиін 
қабылдауды ұсынады. 
А.Байтұрсынұлы қазақ тілі дыбыстарының негізгі үндесім заңын тіл 
үндесімі деп таныды. Ғалым зерттеуінде ерін үндестігі қосалқы, жанама құбылыс 
қатарында. 
Осы арқылы (тіл үндестігі арқылы) А.Байтұрсынұлы қазақ тілі 
сингармонизмін қырғыз тілінің еріндік сингармонизмінен, татар тілінің жіңішке 


16 
езулік (ә) сингармонизмінен айырып көрсеткенге ұқсайды дейді белгілі ғалым 
Н.Уәлиұлы. 
Дегенмен 1929ж. 2-4 маусым аралығында өткен емле конференциясында 
Т.Шонанов емленің негізіне ең бірінші дыбыстардың ілгерінді, кейінді ықпалы, 
тіл дыбыстарының диссимиляциясы және соңында дауысты дыбыстардың 
үндесімін алдық деп, флективті тілдердің фонемографиялық сипатына сүйенуді 
бастағанын көрсетеді [2, 11б.]. Яғни төте жазудан латын графикасына ауысу 
үндесім заңдылығынан тартынуға, аталған құбылысқа басқа қырынан қарауға 
болды-болмасын итермелеген деп ойлаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет