Үшінші, Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінде белгіленетін дыбыстардың санын және сапасын анықтаған ғалым. А.Байтұрсынұлының
төте жазуына дейін қазақ тіліндегі <
ұ>, <ү>, <у> дыбыстарының фонемалық
мәртебесіне мән берілмеген, мағына ажырататын жеке дыбыс ретінде
таңбаламаған. Бұған араб графикасындағы
ұ, ү, у, о, ө дыбыстарына бір таңба
арналуы себеп болды. Дыбыстардың еріндік, қысаң интегралауыш белгілерінен
бөтен, өзара жуан-жіңішкелік (
ұ-ү, о-ө ) дифференциалды белгісі және еріндік
реңкі күшті, әлсіз, орта, орталау белгілері бар. Сондықтан олар сөзайырымдық,
сөзтанымдық қасиетке ие фонема деңгейінде қарала алатынын айқындаған
А.Байтұрсынұлы бұл бес фонемаға үш таңба арнаған. Олар жуан-жіңішке белгісі
арқылы ажырайды:
<ү> <ө> /ұ/ /о/ және /
у/ .
<ұ> <о> Ғалым: “
о мен
ұ екеуіне зор ілтипат керек. Бұлардың жазылуы ұқсас
болғанмен, айтылуы ұқсас емес.
Қой (мал) деген сөзбен
құй (шай құй) деген
сөздердің мағыналары қандай басқа болса, айтылуы ћәм сондай басқа.
Ұ көмескі
айтылса да, қалдырмай жазу керек.
Ұ тұр, жұрт, құм деген сөздерде
т - ның
ж -
ның
қ -ның соңынан қандай дыбыс естіледі, сол дыбыстың белгісі. Бұл дыбыстың
қарпін
о- дан айыру үшін, үстіне () қоямыз.
Ұ -ны оқығанда ћәм оқытқанда сол
естілген қалыпта айтарға тиіс” [1, 326б.] деген.
“
у - азу, қару, жабу деген сөздерде з-ның
р -дың,
б -ның соңында естілетін
дыбыстың белгісі.
Ұ сөздің бас буынында қысқа ћәм көмескі естіледі.
Құрау, құлақ, құрғақ деген сөздер ішіндегідей. Сөздің басқа жерінде ұзын, ћәм анық
айтылады.