Конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет76/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
Молгаждаров Қ., Мусин Ж. Қазақ жазуының тарихы. Оқу құралы. Алматы, 
2018. -220 б. 
2.
Аманжолов C. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері. 
Алматы, 1959. 452б. 
3.
Қаржаубай С. Орхон мұралары. Астана, 2003. -392 б. 
4.
Парасат. Астана, 2004. №4 


155 
ӘОЖ 37.022 
Райхан Мұратбекқызы 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан 
Raihan4ik-08@mail.ru
 
Жумагулова Өміргүл Ақанқызы 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан 
j_omirgul_a@mail.ru
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ТАНЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ 
 
Аннотация: Мақалада танымдық немесе когнитивті лингвистика мәселелерінің 
ғалымдар назарына әлдеқайда ертерек іліккені жөнінде зерттеу жүргізіледі. Ұлт ұстазы, 
тілші-ғалым А.Байтұрсынұлының тіл табиғатының ерекшелігін, тіл қызметінің жан- 
жақтылығын танытуға арналған алғашқы ой-пікірлеріне шолу жасалады. Себебі, қазақ 
халқы қашан да болсын атау беруге, санадағы ұғым-түсініктерді сыртқы ортаға білдіруде 
ерекше көңіл бөлген, әрі аз сөзбен терең мағыналы ой жеткізе білген. Осы тұрғыдан келгенде, 
жазушы Жанайдар Мусиннің «Туған үйдің түтіні» романының танымдық табиғатына 
зерттеу жүргізіледі. Ұлтымыз үшін «түтін» мәні мен мағынасы ерекше ұғым. Қазақ 
халқының санасында сан түрлі ассоциациялар пайда болатыны сөзсіз. «Туған үйдің түтіні» 
романындағы концептілерді зерттеп, оның танымдық сипаты мен қызметін таныту 
барысында қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлы еңбектеріне, сондай-ақ қазіргі белгілі 
ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалады. 
Тірек сөздер: танымдық лингвистика, концепт, тіл, ойлау, дүниетаным. 
 
Тіл – ойлаудың құралы, ал ойлау, яғни таным – шындық дүниенің бейнесі. 
Бұл ғалам бейнесінің тілден көрініс табуы. Тіл өз халқының мәдениетін, 
өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қоймай, келер 
ұрпақты қалыптастыруда маңызды және шешуші рөл атқарады. Адам баласының 
таным түсінігі толысқан сайын санада қалыптасқан ұғымды таныту деңгейі де 
кеңейе түсетіні белгілі. Ақиқат дүниенің кез-келген жағдаяттары тіл арқылы 
санада таңбаланып сақталады және жұмсалады. 
Тіл – мәдениет пен қоғамнан да жоғары дәрежеде адам танымы мен мінез-
құлқына жол ашады. Адам санасы мен ойлау процесіндегі құбылыстар тіл 
арқылы ғана белгілі болады. Кез келген ұлттың өзiндiк oйлaу жүйеci, дүниенi 
бейнелеу тәciлдеpi бap. Oл ғacыpлap бoйы қaлыптacқaн ұлттық мәдениеттiң, 
филocoфияның негiзiн құpaйды. Мaтеpиaлдық және pухaни мәдениет дaмығaн 
caйын ұлттық oйлaу дa дaми түcедi. Қазіргі қазақ тіл ғылымында қарқынды 
зерттеліп, өзекті мәселелердің біріне айналып келе жатқан бірнеше ғылыми 
бағыттар бар: лингвомәдениеттану, концептология, антропоцентристік 
лингвистика. Бұл салалардың басты зерттеу нысаналары бір-біріне ұқсас болып 
келеді. Өйткені біз атап отырған тармақтардың барлығында да тіл адам 
факторымен тығыз байланыста, тілдік кеңістікте өмір сүретін адамның барлық 
қарымқатынасы, мінез-құлқы стереотиптерінің қалай қалыптасқандығы және 
оның тіл арқылы қалай көрініс табуына қатысты болып шығады. Сондықтан 
қазіргі кезде антропоцентристік бағыттағы когнитивтік лингвистикада, 
лингвомәдениеттануда әрбір халықтың өзінің этнотипіне қарай қоршаған 
ортаны қалай түсінеді, ол туралы қандай білім жинақтайды, неге 


156 
ұқсатып барып образ жасайды, неге қарама-қарсы қояды деген сияқты бір топ 
түсінік талданады. 
Қазақ халқының тарихи дамуының түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс- 
тіршілігін, салт-дәстүрін, дүниені қабылдауын, сенімін, мифтік, діни 
көзқарастарын, ұстанымын, тұтынған бұйым-заттарын, сол арқылы әлеуметтік 
күйін, басынан өткізген түрлі оқиғаларын, ұлт, халық ретінде қалыптасу 
жолындағы күресін сол ұлттың тіліндегі көне сөздер, фразеологизмдер, аңыз- 
ертегілер мен жырлар, мақал-мәтел арқылы қазақ тілтанымының негізі салынды. 
Осы тұрғыда қазіргі тіл білімінің маңызды мәселелері тізбегінде тілдің 
танымдық қызметін айқындайтын когнитивті лингвистиканың қазақ тіл 
біліміндегі қалыптасып дамуын ерекше атауға болады. Когнитивтік 
лингвистикада тілдің таным құралы мен танымның алғы шарты екендігі басты 
назарда ұсталынады. Ол бірнеше ғылым салаларының өзара ұштасуы негізінде 
пайда болды. Когнитивтік лингвистиканың қазақ тіл білімінің зерттеу нысанына 
айналып, оның жеке мәселелерінің сөз бола бастауы – ХХ ғасырдың 90-
жылдары. Тіл біліміндегі осындай бетбұрыстар туралы: «Лингвистикалық 
поэтиканың дәстүрлі ғылыми базасы – тіл білімі қазіргі таңда ерекше қарқынмен 
дамуда. Оның негізгі қаруы гуманитарлық білімнің ғылыми прагматикасындағы 
интеграциялау принципі, соның ішінде адами ғылымның жетістіктерін белсенді 
құру және шығармашылықпен синтездеу – ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр басындағы 
лингвистиканың өзіндік дамуы мен концептуалды- конструктивті девизі, яғни, 
антропологиялық лингвистиканың қайта тууы», – деп көрсетті ғалым Қ. 
Ахмедьяров [1, 250]. 
Лингвистиканың бүгінгі бағыттарының қазақ тіл білімінде көрініс табуы 
күні бүгін пайда болған жоқ, тамыры тереңде жатыр. Қазақ тіл білімінің жан- 
жақты зерттелуіне еңбегі сіңген, қазақ тілінің емлесін біріздендіруге күш салған 
тілші-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен тілдің танымдық табиғаты 
туралы алғашқы пікірлерді кездестіруімізге болады. Ғалымның тіл ерекшелігін, 
тіл қызметінің жан-жақтылығын танытуға арналған ғылыми пайымдауларын 
саралай келіп, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.И. 
Нұрдәулетова оларды мазмұны мен көтерген мәселесінің бағыт-бағдарына қарай 
бірнеше топқа жіктеп көрсетеді: 
1.
Тілтаным теориясындағы тіл – ойлау – дүние бейнесі арақатынасына 
байланысты пікірлермен сабақтас пайымдаулары; 
2.
Поэтикалық тіл табиғатын «қарапайым» тілден айыра танытуға 
арналған ғылыми тұжырымдары [2, 40]. 
Адам баласының танымы тілде көрініс табады. Ойымыз тіл арқылы 
шығады. А.Байтұрсынұлы сөз өнеріне тірек болатын адам санасының үш негізін 
атап көрсетеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет