Конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет20/67
Дата06.03.2017
өлшемі5,18 Mb.
#8376
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67

 

Литература 

1.

 



Ананьев  Б.Г.  Психология  здоровья  –  новая  отрасль  человекознания  –  СПБ,  Питер,  1996  – 

112с. 


2.

 

Усанова О.А. Специальная психология. - М.: Просвещение, 1999 – 322с. 



3.

 

Лакосина Н.Д., Ушаков Г.К. Медицинская психология.- 2-е изд.,-М.: Медицина, 1984.- 272с. 



4.

 

Немчин Т.А. Состояния нервно-психического напряжения.- Л.: Изд.ЛГУ, 1983.- 168 с. 



5.

 

Ужегов Г.Н. Болезни опорно-двигательного аппарата – М.: АСТ, 2004 – 116с 



6.

 

Смулевич  А.Б.,  Психосоматические  расстройства  //www.  consilium-  medicum.  com/ 



media/psycho. 

 

 



ҼОЖ 37.78 

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ БОЛАШАҚ МУЗЫКА ПӘНІ МҦҒАЛІМДЕРІНІҢ 

ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ХАЛЫҚ МУЗЫКА 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚҦРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Нҧралиева А.Ж. 

М.Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 



 

Резюме 

В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  формирования  этнопедагогической  подготовки 

будущих учителей музыки  средствами народно-музыкального творчества в  условиях вуза. 

 

Summary 

In this article meaning of future teacher ethnopedagogical training to the esthetical up-bringing of  pupils  

with the aid of kazakh national musical creation in the  higher school. 

 

Қазіргі    уақытта  ҽлемдегі  жаһандану  процесінің  ерекше  қарқын  алуы  кезеңінде  жҽне 

Қазақстандағы  білім  беру  жҥйесінің  жалпы  адамзаттық  қҧндылықтарды,  тарихи  тҽжірибені, 

кҿпғасырлар сынынан ҿткен  халықтық мҽдени дҽстҥрлерді  ескере отырып жаңаруы  жоғары оқу  

орнындағы  болашақ  мамандарды  даярлау  процесіне  де  жаңа  талаптар  қояды.  Ҿйткені  ҿскелең 

ҧрпақты  ҿз  халқының  тарихи  –  мҽдени  мҧрасына  ортақтастыру  арқылы  ҧлттық  тҽрбие  берудің 

тиімділігі,  ең  алдымен,  оқушыларға  халықтық  дҽстҥрлер  негізінде  тҽрбие  беретін  мҧғалімдердің 

этнопедагогикалық  даярлығына  тікелей  байланысты.    Қазақстан  Республикасының  Президенті   



120

 

Н.Ҽ.Назарбаев  ҿзінің халыққа Жолдауында: «Ҧлттардың бҽсекелестікке қабілеттілігі, ең алдымен, 



олардың  білімімен  ҿлшенеді.  Ҽлемдік  білім  кеңістігімен  толық  интеграцияда    болу  ҥшін  білім 

беру  ісін  халықаралық  дҽрежеге  кҿтеру  қажеттігінде  талас  жоқ»,  «...  бҧл  саланы  қайта  қҧру 

нҽтижелерінің бірі – жаңа формациядағы ҧстаздардың болуы...» - деп атап кҿрсеткен болатын [1]. 

Осы  міндеттің  жҥзеге  асырылуы  жоғары    оқу  орнындағы  педагогикалық  кадрларды  даярлау 

процесіне жаңа тҧжырымдамалық тҧрғыдан келуді талап етеді. 

Халық  педагогикасының  аса  маңызды  қҧралдарының  бірі  -  музыкалық  шығармашылығы 

қазақ  халқының  ҿмірімен  жҽне  тҧрмыс-тіршілігімен  тығыз  байланысты.  Халық  ҽндері  мен 

кҥйлерінде,  термелері  мен  толғауларда  шытырман  тарихи  оқиғалар,  шапқыншылық  замандағы 

батырлардың  ерлігі,  жоғары  адамгершілік  сезімдер,  кҥнделікті  ҿмірдің  қуанышы  мен  қайғысы,  

қоршаған  табиғаттың  сҧлулығы  жҽне  т.б.  жырланады.  Олардың  барлығында  да  қазақ  халқы 

ҿмірінің  мҽні  мен  мазмҧны  анағҧрлым  толық  бейнеленіп,  халықтың  эстетикалық  кҿзқарасы, 

адамгершілік  –  моральдық  қағидалары  кҿрініс  табады.    Халық  музыкалық  шығармашылығының 

негізгі  жанрлары  -  ҽн,  кҥй,  терме,  толғау,  жыр,  айтыстың  педагогикалық  –  білімдік, 

дамытушылық, тҽрбиелік мҥмкіндіктері орасан зор, сондықтан оларды оқушылардың эстетикалық 

мҽдениетін  тҽрбиелеуде пайдалану қажеттілігі арта тҥседі. 

Қазақ  халық  музыка  шығармашылығының  эстетикалық  талғамды  қалыптастырудағы 

мҥмкіндіктері, біздің ойымызша, оны игеру процесінде болашақ мҧғалімдерде саналы  – сезімдік  

қабылдау  қабілеті  қалыптасады.  Эстетикалық  талғам  студенттердің  халық  музыкасындағы 

эстетикалық қҧндылықтарды ҧғынуға деген белсенді ҧмтылысын бейнелей отырып, эстетикалық 

идеал, сезім, кҿзқарас, қажеттілік, қабілетті біріктіретін музыкалық  – эстетикалық қабылдаудағы  

белгілі  бір  жҥйелілікті    туындатады.  Болашақ  мҧғалімдер  қазақ  халық  музыкасына  ортақтасу 

барысында  адамның жан-дҥниесін, қазіргі заманның мақсаты мен мҽнін, табиғатты терең тҥсіне 

білу  қабілетін  ҿз  бойларында  тҽрбиелей  отырып,    міндетті  тҥрде  ҿз  рухани  мҥмкіндіктерін 

байытып, эстетикалық талғамдарын дамыта тҥседі. 

Сондықтан  халық  педагогикасының  маңызды  қҧралы  –  музыка  шығармашылығы 

қҧралдары  арқылы  болашақ  мҧғалімдердің  этнопедагогикалық    даярлығын  қалыптастыру  

қажеттілігінің  маңыздылығы арта тҥседі. 

Жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  оқушыларға  халық  музыка  шығармашылығы  арқылы  

тҽрбие беру  негізінен  музыка сабағында жҥзеге асырылады.  Музыка сабақтарының мақсаты  – 

оқушылардың бойында рухани мҽдениеттің аса маңызды бҿлігі эстетикалық мҽдениетті тҽрбиелеу 

болып  табылады.  Сондықтан  соңғы  уақыттағы  музыка  сабағына  арналған  бағдарламаларға 

қысқаша  талдау  жасалық.  Елімізде    мектептегі  музыка  сабағына  арналған,  халықтық  тҽрбие 

негізінде  қҧрастырылған  бірқатар  жаңа    бағдарламалардың  пайда  болуы  білім  беру  мазмҧнына 

инновациялық  тҧрғыдан  келумен  анықталады.  80-жылдардың  орта  тҧсынан  бастап  музыка  

бағдарламаларының мазмҧны жаңартыла бастады.  Осылайша, Д.Б.Кабалевскийдің  бағдарламасы 

негізінде оның қазақстандық мектептерге сҽйкестендірілген нҧсқасы дайындалды. Б.Ғ. Ғизатовтың 

жетекшілігімен    авторлар  ҧжымы  (Р.Р.Жҽрдемалиева,  Г.Ж.Қарамолдаева  (1-3  сын.), 

Л.П.Мамизеров,  А.Б.Байментаев  (1  сын.),  Ҿ.Байділдаев  (6  сын.))  бағдарламаға  ҽлемдік  классика 

шығармаларымен  қатар  қазақ  халық  музыкалық  шығармашылығының  ҥлгілерін  де  енгізді. 

Мҧндағы  музыкалық  материалдың    олардың  кҿркемдік  қҧндылығы  мен  педагогикалық  мақсатқа 

сҽйкестігін  ескере  отырып,  мҧқият  іріктелгендігін  байқауға  болады.  Білім  беру  саласында    бҧл 

бағдарламаның  пайда  болуы  ҧлттық  мектеп  оқушыларына  музыкалық  білім    мен  тҽрбие  беру 

проблемасына жаңа тҧрғыдан келудің кҿрінісі болып табылды [2]. 

90-жылдардың  орта  тҧсы  ҽртҥрлі  баламалы  бағдарламалардың  пайда  болуымен 

ерекшеленеді.    Профессор  М.Х.Балтабаевтың  жетекшілігімен  дайындалған  (авторлық  ҧжым: 

М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев, Д.А.Берденова жҽне т.б.) бастауыш мектепке арналған «Елім  - 

ай»  бағдарламасының  мақсаты  –  оқушылардың  музыкалық  –  эстетикалық  мҽдениетін  қазақ 

халқының  дҽстҥрлі  кҿркем  мҽдениеті  арықылы  қалыптастыру  болып    табылды.  Бағдарламаның 

жетекші  идеялары  тоқсан  тақырыптарының  аталуына  сҽйкес  келді:  «Сарыарқа»,  «Тҧлпар», 

«Аққу», «Елім -ай». Бҧл бағдарламаның жаңалығы -  сабақта  оқушыларды ҿз халқының мҽдени 

мҧрасын  игеруге  бағыттау  мақсатында  халық  ҽн,  халық  аспаптық,  халық  ауыз,  халық  би  жҽне 

халық  сҽндік  –  қолданбалы  ҿнер  шығармашылықтарын    интеграцияланаған    тҥрде    пайдалану 

арқылы оқыту болды [3]. 

А.И.  Райымбергеновтың  жетекшілігімен  дайындалған  «Мҧрагер»  бағдарламасының 

мақсаты - ҿз Отанын сҥйетін, ҧлттық рухани мҽдениеттің мҧрагерлері  бола білетін, ҿз халқының 

салт-дҽстҥрлерін,  ҿнерін  зерделеп,  меңгере  алатын  балаларды  тҽрбиелеу.  Бҧл  бағдарламаның 



121

 

жаңалығы  –  балаларды  домбыра  аспабында  ойнауға  халықтың  ауызша  ҥйрету  дҽстҥрінің  



ҽдістерін пайдалана отырып ҥйрету [4]. 

Қазіргі  уақытта  пайдаланылып  отырған,  Ш.Б.Қҧлманованың  жетекшілігімен    бастауыш 

сыныптарға  арналып  дайындалған  типтік  музыка  бағдарламасының  (авторлық  ҧжым: 

Ш.Б.Қҧлманова,  М.Оразалиева,  Б.Сҥлейменова)    мақсаты    -  халық  музыкасының  қҧралдары 

арқылы  халық музыкасын сҥйетін жҽне оны қазақ халқы ҿмірінің, тарихының, салт – дҽстҥрінің 

кҿрінісі ретінде қабылдайтын ҿз Отанының патриотын, сонымен қатар ҿзге халықтардың да ҿнерін 

қҧрметтейтін, классикалық музыканы қадірлейтін оқушыны  тҽрбиелеу. Бағдарламаның мазмҧны 

«Ҽн  -  кҥй  –  халық  қазынасы»  атты  ортақ  бір    тақырыпқа    біріктіріліп,  халық    музыка 

шығармашылығының ҽн, кҥй, терме, айтыс, жыр сияқты негізгі жанрларына негізделеді [5]. 

Жалпы  алғанда,  ҽрбір  бағдарлама  –  халықтың  бай  мҽдени  мҧрасының  педагогикалық 

мҥмкіндіктерін  ҿскелең  ҧрпақтың  музыкалық  -  эстетикалық  тҽрбиесінде  оларды    жан-жақты, 

ҥйлесімді  дамыған  жеке  тҧлға  ретінде  қалыптастыру  мақсатында  пайдалану  жолдарын  іздестіру 

болып табылады. 

Жаңа  бағдарламалардың  пайда  болуына  байланысты  музыка  сабағының  қҧрылымы  мен 

ҧйымдастырылуына,  ондағы  музыкалық  материалдың  іріктелуі  мен  қолданылуына,    мҧғалімнің 

жеке  тҧлғасына,  оның  жоғары  оқу  орнындағы  кҽсіби  –  педагогикалық  даярлығының  деңгейіне 

қойылатын талаптар да ҿзгерді. 

Жоғары  оқу  орындарындағы    музыкалық  –  педагогикалық  факультеттердің  міндеті  – 

студенттерге  қазақ  музыкалық  шығармашылығындағы  эстетикалық  қҧндылықтарды  ҧғындыру, 

оларды ҿз халқының рухани қҧндылықтарына ортақтастыру, олар, ҿз кезегінде, мҧны  оқушыларға  

тағылым ете білуі керек. Бҧл міндет болашақ мҧғалімдерді халық музыкалық шығармашылығына 

ортақтастыру мақсатымен оларды    этнопедагогикалық  даярлау барысында , яғни  жалпы кҽсіби 

жҽне  арнайы  пҽндерді  оқытуда,  аудиториядан  тыс  жҧмыс  тҥрлерінде,  педагогикалық  іс-

тҽжірибеде, арнайы курстарды оқытуда жҥйелі сипатта кҿрініс табуы қажет. 

Болашақ  музыка  мҧғалімі  халық  музыка  шығармашылығы  қҧралдары  арқылы 

оқушылардың  эстетикалық  іс-ҽрекетін  тиімді  ҧйымдастыру  ҥшін  жҽне  оның  балаларды  ҿз 

халқының  мҽдениетіне,  жоғары  қҧндылықтарға  ортақтастыру,  халық  педагогикасының 

идеяларымен  таныстыру,  ҧлттық  пен  ҽлемдік  мҽдениеттің  диалектикалық  ҿзара  байланысы  мен 

дамуын тҥсінуге ықпал ету сияқты жҽне т.б. міндеттерін жҥзеге асыру  ҥшін теориялық білім  мен 

практикалық  қабілет,  дағдылар  кешенін,  тҽрбиелік  ҽсер  ету    ҽдістері  мен  қҧралдарын  меңгерген 

болуы қажет, яғни болашақ музыка мҧғалімі алдағы кҽсіби іс-ҽрекетке  дайын болуы қажет. 

Болашақ музыка мҧғалімдерін оқушыларға халық музыкалық шығармашылығы қҧралдары 

арқылы  эстетикалық тҽрбие беруге даярлаудың тиімділігі оның кҽсіби іс-ҽрекетінің аса маңызды 

компоненттерінің интеграциялануымен қамтамасыз етіледі. Осыған сҽйкес жоғары оқу орнындағы 

студенттердің    мектеп  оқушыларына    халық  музыкалық  шығармашылығы  арқылы  эстетикалық 

тҽрбие    беруге  этнопедагогикалық    даярлығын    біз    болашақ  мҧғалімдердің  игерген 

этнопедагогикалық  білім,  қабілет,  дағдылар  кешенінен,  жоғары  деңгейде  қалыптастырылған  

кҽсіби жҽне жеке тҧлғалық қасиеттерінен, алдағы педагогикалық іс-ҽрекетке деген идеялық сенімі 

мен мотивациялық  ҧстанымынан тҧратын   интегралды қасиеті деп тҥсінеміз. 

Осы  анықтамаға      сҽйкес    біз    болашақ  мҧғалімдердің    этнопедагогикалық  даярлығының  

моделін  қҧруға тырыстық. Педагогика ғылымында ҽзірленген (Л.Г.Арчажникова, А.А.Қалыбекова 

жҽне  т.б.)  музыка  мҧғалімінің  моделі,  жалпы  алғанда,  белгілі  бір  білім,  қабілет,  дағдылардың 

жиынтығы  болып    табылады.  Осы  негізге  сҥйене  отырып,  біз  болашақ  музыка  мҧғалімдерінің  

оқушыларға  халық  музыка  шығармашылығы  қҧралдары  арқылы  эстетикалық  тҽрбие  беруге 

этнопедагогикалық  даярлығының  компоненттерін  белгіледік. 

Этнопедагогикалық 

даярлықтың 

қҧрылымын, 

біздің 

ойымызша, 



кез-келген 

даярлықтағыдай  мотивациялық,  мазмҧндық  жҽне  процессуалдық  компоненттер  қҧрауы    қажет. 

Мҧнда мотивациялық компоненттің критерийі - «Жалпы білім беретін мектептің музыка мҧғалімі 

кҽсібіне  дҧрыс  кҿзқарасының  болуы;  оқушылардың  эстетикалық  тҽрбиесінде  халық  музыкалық 

шығармашылығын  пайдалануға  дҧрыс  кҿзқарасының  болуы».    Мазмҧндық  критерийді    біз 

«Эстетикалық  тҽрбиенің  мҽнін  жҽне  оның  оқушының  жеке  тҧлғасын  қалыптастырудағы  ролін 

білу;  халық  педагогикасының  ҽлеуметтік  -  педагогикалық  қҧбылыс  ретіндегі  мҽнін  білу;  халық 

музыкалық шығармашылығының мҽнін жҽне оның мҧғалімнің этнопедагогикалық іс-ҽрекетіндегі 

ролін  білу»  деп  білеміз.    Ал  процессуалдық  компоненттің  критерийі  ретінде    «Болашақ 

мҧғалімдердің  халық  музыкалық  шығармашылығы  қҧралдарын  оқушылардың  эстетикалық 

тҽрбиесінде пайдалана білу қабілеттерін меңгеруін» тҥсінеміз. 


122

 

Мҧның  барлығы  бізге  жоғарыда  аталған  компоненттері,  критерийлері  жҽне 



кҿрсеткіштерімен  сипатталатын    болашақ  мҧғалімдердің  оқушыларға  халық  музыка 

шығармашылығы қҧралдары арқылы эстетикалық тҽрбие беруге этнопедагогикалық дарлығының 

моделін дайындауға мҥмкіндік берді (1-кесте). 

 

1 кесте - Болашақ музыка мҧғалімдерінің оқушыларға халық музыкалық шығармашылығы 



қҧралдары арқылы эстетикалық тҽрбие беруге  этнопедагогикалық даярлығының  моделі 

 

 I. Компоненттері  



Мотивациялық  

Мазмҧндық  

Процессуалдық  

II. Критерийлері 

I.Жалпы 


білім 

беретін 


мектептің  музыка  мҧғалімі 

кҽсібіне  дҧрыс  кҿзқарасының 

болуы. 

II.  Оқушылардың  эстетикалық 



тҽрбиесінде  халық  музыкалық 

шығармашылығын пайдалануға 

дҧрыс кҿзқарасының болуы. 

III.Эстетикалық 

тҽрбиенің 

мҽнін  жҽне  оның  оқушының 

жеке 

тҧлғасын 



қалыптастырудағы 

ролін 


білу. 

IV.Халық 

педагогикасының 

ҽлеу  меттік  -  педагогикалық 

қҧбылыс ретіндегі мҽнін білу. 

V.Халық 


музыкалық 

шығарма-шылығының  мҽнін 

жҽне 

оның 


мҧғалімнің 

этнопедагогикалық 

іс-

ҽрекетіндегі ролін білу. 



VI. 

Халық 


музыкалық 

шығарма-шылығы  қҧралдарын 

оқушылар-  дың  эстетикалық 

тҽрбиесінде  пайдалана  білу 

қабілеттерін меңгеру. 

III. Кӛрсеткіштері 

мҧғалім 



кҽсібіне 

деген 


қызығушылықтың болуы; 

-  мҧғалім  кҽсібінің  ҽлеуметтік 

маңыздылығын сезіне білу; 

халық 



музыкалық 

шығармашы-лығына(ХМШ) 

қызығушылықтың болуы; 

-  ХМШ  деген  қҧрмет  сезімінің 

болуы; 

-    оқушыларға  эстетикалық 



тҽрбие  берудегі  ХМШ  –  ның 

халық 


педагогикасының 

қҧралы ретін- дегі қҧндылығын 

ҧғынуы; 

-  оқушыларда  ХМШ-на  деген 

қызығушылық  пен қажеттілікті 

оята білуге ҧмтылыстың болуы;  

-  оқушыларды  ХМШ-на  ортақ- 

тастырудың  жаңа  тҥрлерін,   

жолдары  мен  ҽдістерін  ҧдайы 

іздестіруге  деген  қажеттіліктің 

болуы;  

-  этнопедагогикалық  білімін 

ҧдайы жетілдіру мен молайтуға  

деген қажеттіліктің болуы. 

 

-  педагогиканың,  этнопедаго-



гиканың 

теориясын, 

этнопсихо-логия 

негіздерін 

білу; 



халық  педагогикасының 



мҽнін  жҽне  оның  балаларға 

эстетикалық  тҽрбие  берудегі 

қҧралдарын білу; 

-  ХМШ-ның  оқушылардың 

эстетикалық 

қасиеттерін 

қалып- 

тастырудағы 



тҽрбиелік  мҥмкін-  діктерін  

білу;  


-  ХМШ-ын  қазіргі    мектептің 

оқу-тҽрбие процесінде пайда- 

ланылуының  педагогикалық 

шарттарын білу; 

-  этнопедагогика  саласында 

ҿз бетінше білім алуды ҧйым-

дастыру 

мен 


жҥзеге 

асырудың тҽсілдерін білу.  

 

 

-  ХМШ  –  ның  шығармаларын 



іріктей білу қабілетінің болуы

халық 



педагогикасының 

элементтерін 

оқушылардың 

эстетикалық  іс-ҽрекетінің  ҽр 

тҥрінде 

пайдалана 

білу 

қабілетінің болуы;  



оқушының 

эстетикалық 

қасиеттерін ХМШ қҧралдарын 

пайдалану  негізінде  қалыптас- 

тыра білу қабілетінің болуы;  

- оқушыларды ХМШ-на ортақ- 

тастыруға 

бағытталған 

тҽрбиелік 

іс-шараларды 

ҧйымдастыра  білу  қабілетінің 

болуы; 

-оқушыларға 



эстетикалық 

тҽрбие 


беру 

бойынша 


бірлескен  іс-ҽрекетке  мектеп, 

отбасы 


жҽне 

ҽлеуметті 

қатыстыра  білу  қабілетінің 

болуы; 


-оқушыларға 

эстетикалық 

тҽрбие  беру  бойынша  ҿз  іс-

ҽре-  кеттерінің  нҽтижелерін 

талдай  білу  жҽне  бағалай  білу 

қабіле- тінің болуы;   

-  ҿз  бетінше  білім  алу  қабілеті 

мен  дағдыларының болуы.  

 

 

 



123

 

Қорыта келгенде, ҿскелең ҧрпақты ҿз халқының тарихи – мҽдени мҧрасына ортақтастыру 



арқылы ҧлттық тҽрбие берудің тиімділігі, ең алдымен, оқушыларға халықтық дҽстҥрлер негізінде 

тҽрбие беретін мҧғалімдердің этнопедагогикалық даярлығына тікелей байланысты.  



 

Әдебиеттер 

1.

 



«Бҽсекеге  қабілетті  Қазақстан  ҥшін,  бҽсекеге  қабілетті  экономика  ҥшін,  бҽсекеге  қабілетті 

халық  ҥшін»  атты  Президенттің  Қазақстан  халқына  Жолдауы//  Егемен  Қазақстан.  -Астана, 

2004 ж. 

2.

 



Қазақ  орта  мектептің  1-3  кластары  ҥшін  музыка  программалары.  (Қҧрастырғандар:  Б. 

Ғизатов, Р.Р.Жҽрдемалиева, Г.Ж.Қарамолдаева). –Алматы: Мектеп, 1984. -104 б. 

3.

 

Программа  для  начальной  школы  (1-4  классы)  «Елим-ай».  (Составители:  М.Х.Балтабаев, 



Д.А.Берденова, У.Ж.Серикболова). – Алматы: Респ. науч. центр проблем культуры, 1995. -45 с. 

4.

 



Жалпы  білім  беретін  қазақ  орта  мектебінің  ҽн-кҥй  сабағына  арналған  «Мҧрагер» 

бағдарламасы.  1-4  кластар.  (Қҧрастырғандар:  А.Райымбергенов,  С.Райымбергенова).  – 

Алматы: РБК, 1994. -79 б. 

5.

 



Музыка  //Жалпы  білім  беретін  мектептің  оқу  бағдарламалары  (I-IV  сыныптар). 

(Қҧрастырғандар:  Ш.Б.Қҧлманова,  М.А.  Оразалиева,  Сҥлейменова  Б.Р.).  –  Алматы:  РБК, 

1997. -336 б. 

 

 



ҼОЖ 37.013:37.01 

 

ОҚЫТУ ҤДЕРІСІНДЕ ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ 



АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 

МҤМКІНДІКТЕРІ 

 

Нҧрымбетова А., Нҧрымбетова Г. 

М.Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 

 

Резюме 

В  данной  статье  рассматривается  роль  средств  казахской  этнопедагогики  в  формировании 

познавательной активности учащихся в процессе обучения. 

 

Summary 

Possibilities of forming pupils’ cognitive activities in the process of education by means of kazakh ethno-

pedagogical materials are considered in the given article



 

Қазіргі кезеңде ғалымдар, психологтар мен педагогтар пікірі бойынша, іс-ҽрекетті орындау 

сапасы  мен  оның  нҽтижелілігі  тҧлғаның  қажеттілігі  мен  ҧмтылысына,  оның  мотивациясына 

байланысты; атап айтқанда, мотивация берілген мақсатқа қол жеткізу ҥшін қҧралдар мен тҽсілдер 

таңдауды,  оны  ретімен  қолдануды  анықтайтын    белсенділікті  тудырады.  Психологтардың  пікірі 

бойынша,  мотивация  барлық  адами  іс-ҽрекеттің  (еңбек,  тіл  табысу  немесе  тану  т.б.)  «қозғаушы 

механизмі»  болып  табылады.  Мотивацияға  шынайы,  кезеңдік  жҽне  соңғы  нҽтижелерге  қолдау 

кҿрсетеді,  егер  нҽтиже  болмаса,  мотивация  ҽлсіреп,  іс-ҽрекеттің  орындалуында  теріс  кҿрініс 

береді. Оку - мектеп жасындағы балалардың негізгі танымдық іс- ҽрекеті.  Баланың оку ҽрекеті —

кҥрделі  процесс,  ол  баланың  барлық  психологиялық  касиеттерін,  рухани  кҥшін  керек  етеді. 

Баланың  ақыл-ой  еңбегі  белсенді  ҽрекет  болуға  тиіс.  Ол  оқушының  жалпы  психикалық  даму 

ерекшеліктеріне  байланысты  болады.  Баланың  ақыл-ой  ҽрекеті  оның  кажеттіліктері  мен 

қызығушылықтары,  сезімі  мен  еркі    жҽне  т.с.с.  психикалық  процестерімен  байланысты  іске 

асырылып  отырады.  Окушының  ҿздігінен  оқуының  жемісті  болуы  ҥшін  ақыл-ой  еңбегінің 

дағдыларын калыптастыру керек. 

Баланың  ақыл-ой  еңбегін  белгілі  жҥйемен  дамытуға,  оның  жалпы  мҽдениетін  арттырып 

отыруға  кҿңіл  аудару  керек.  Ең  алдымен,  ҿз  жҥмысының  мақсат-міндеттерін  анықтауға  ҥйрету 

кажет. Егер бала ҽрбір оқу жҧмысын (тапсырмасын) не ҥшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, 

ол  кандай  жаңа  нҽтиже  (жаңа  білім,  дағды)  беретінін  білсе,  онда  окушы  ҽрекетінің  саналығы 

артады.  Оқу  жҧмысының  міндеттеріне  сай  баланы  ҿз  бетімен  жҧмысын  жоспарлай  білуге, 

уақытты  дҧрыс  пайдалануға,  бакылауға,  бағалауға,  қысқаша  айтқанда,  ҿзін-ҿзі  баскаруға 

дағдыландырудың  маңызы  ҿте  зор.  Баланың  оқу  ҽрекеті  мазмҧнына  мыналар  кіреді:  ғылыми 



124

 

ҧғымдар  мен  ғылыми  заңдарды  тҥсіну  жҽне  практикалық  міндеттерді  шешуге  бағьгггалған 



ойлаудың  жалпы  амал-тҽсілдерін  меңгеру.  Осыған  орай,  ғылыми  білімді  жҽне  дағдыларды 

меңгеруі — олардың оку ҽрекетінің негізгі мақсаты мен нҽтижесі болып табылады.  М.Н. Скаткин, 

Г.И. Щукина, Т.И Шамова, В.И. Лозовая жҽне т.б. еңбектерінде оқыту процесінің ерекшеліктері, 

оның  дидактикалық  принциптері,  сондай-ақ,  оқушылардың  оку-таным  ҽрекеті  мен  танымдық 

белсенділіктің дидактикалық жҽне психологиялық негіздерінде сипаттама беріледі. 

П.И. Пидкасистый  орта мектеп окушыларының ҿзіндік таным ҽрекетін оқыту процесінде 

қдлыптастыру жолдарының теориялық мҽселелерін карастырады. Л.В. Занков, Ш.А Амонашвили, 

М.  Мҧқанов  жҽне  т.б.  еңбектерінде  бастауыш  мектеп  оқушыларының  оқу-таным  ҽрекетін 

калыптастыру  негізінде  олардың  танымдық  қабілеттерін  (бақылау,  ойлау  т.б.)  дамыту  туралы 

айтылады. 

Танымдық ҽрекет оку ҽрекетіне негізделеді. Оку ҽрекетінің қҧрылымы: 

-оку міндеттері (немесе тапсырмалар); 

-оку ҽрекеті (баланың қолданатын практикалық жҽне ой-тҽсіл амалдары); 

-бақылау (оқушылардың ҿзін-ҿзі кддағалап, тексеріп отыруы); 

-бағалау (мҧғалімнің жҽне окушының ҿзіне-ҿзі беретін бағасы). 

Танымдық  ҽрекет  -  окушылардың  білімге  деген  ҿте  белсенді  ақыл-ой  ҽрекеті.  Танымдық 

ҽрекет  —  танымдық  кажеттіліктен,  танымдық  мақсат,  танымдық  мотивтен  жҽне  ҽрекетті 

орындаудың  тҽсіл-амалдарынан  тҧрады.  Танымдық  ҽрекеттің  негізінде  оқушыда    танымдық 

белсенділік  калыптасады.    Ғалым  -психологгар  М.  Мҧқанов,  Ш.А.  Амонашвили    жҽне  т.  б. 

балалардың  оку  -  танымдық  ҽрекетінің  кдлыптасуы  бастауыш  мектептегі  оқыту  процесінің 

(педагогикалық  процестің)  психологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты болатынын  баса  айтады. 

М.  Мҧқановтың    пікірінше,  баланың  мектепке  келуі  —  оның  ҿмірі          мен          іс-ҽрекетінің     

сипатына     ҿзгеріс  енгізетін маңызды кҧбылыс. Окушы болумен байланысты, мектепке дейінгі 

жасқа қарағанда қоғамда жаңадан ҿз орнын алады. Ол жаңа қҧқыққа жҽне міндеттерге ие болады. 

Осы  кезден  бастап  оқу  ҽрекеті  бала  ҥшін  жетекші  ҽрекетке  айналады,  Оку  біріншіден  баланың 

қоғаммен негізгі қарым-қатынасы, міне осыны алу ҽрекеті арқылы жҥзеге асады, екішіден осы оку 

ҽрекетінде  мектеп  жасында  баланың  жеке  басының  негізгі  сапасы  қалыптасады,  ҽрі  жеке 

психикалық  процестер  осы  оку  ҽрекетінде  кдлыптасады.  Оку  ҽрекеті  ҽрекеттің  басқа  тҥрлерінен 

ҿзгеше. Оку міндетті жҽне жауапты ҽрекет болғандықтан окушыдан ҧйымдастырылған субъектіні 

талап етеді. 

Оқытудағы  мотивация  мҽселесі  ҽрбір  мектеп  пҽнінде  туындап  отырады.  Соған  сҽйкес  ҽр 

тҥрлі  ҽдістемелер  мен  кҿмекші  қҧралдарда  пҽндердің  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  оны 

дамытудың  жҽне  ынталандырудың  ҽдістері  қарастырылған.  Дегенмен,  қазіргі  таңда  орта  білім 

беретін  мектептерде  шет  тілдерін  этнопедагогика  материалдары  негізінде  игеру  ҿткір  мҽселе 

болып отыр. Ағылшын тілін оқуға кіріскенге дейін жҽне жаңадан бастаған кезде оқушы бойында 

жоғары  мотивация  байқалады.  Олар  ҿз  қҧрбыларымен  ағылшын  тілінде  тҥсініскісі  келеді; 

тақпақтар айтып, ҽн орындау мҥкіндігіне ие болғысы келеді; оқи отырып ҿзге елдер туралы білгісі 

келеді.  Кҿптеген  оқушылар  ағылшын  тілін  игеруде  қандай  да  бір  «қызықты  оқиғаларды» 

іздестіреді  жҽне  ҿзіне  таныс  емес  ҽлемге  енуді  қалайды.  Бір  сҿзбен  айтқанда,  барлығында  да 

ағылшын  тілін  меңгеруге,  онымен  кітап  немесе  хат  арқылы  ҥздіксіз  тіл  табысуға  қабілеттері 

болады.  Ал  ағылшын  тілін  оқыту  ҥрдісі  бастау  алған  кезде  оқушылардың  тілге  деген  қатынасы 

ҿзгере  бастайды.  Себебі,  бҧл  ҥрдіс  кҿптеген  қиындықтарды  жеңуді  талап  етіп  қана  қоймай, 

армандарын  алыстата бастайды. Нҽтижесінде мотивация тҿмендеп, белсенділігі азайып, ағылшын 

тілін  меңгеруге  бағытталған  еркіндігі  ҽлсірейді,  мотивацияға  ҽсерін  тигізетін  ҥлгерім  де 

тҿмендейді, т.б. 

Қорыта  келгенде,  баланың  ҿз-ҿзіне  деген  қанағаттанбаушылығы  туып,  ең  бастысы  шет 

тіліне  оқыту  қҧрылымы  кҿңілін  толтырмайды.  Сондықтан  жалпы  орта  мектепте  ағылшын  тілін 

меңгеруде  этнопедагогика  материалдары  арқылы  оқу  табыстылығын  қамтамасыз  ету  қажеттігі 

туындайды. 

Этнопедагогика  материалдары  арқылы  ҿзінің  туған  елі  дҽстҥрлерімен  сабақтаса  енген 

ағылшын тілі мҽтіндерін оқушылар ерекше ықыласпен қабылдайды. Мектепті бітірген соң, оқушы 

жоғары  оқу  орындарында  арнайы  топтарға  ілігіп,  ҿздері  меңгерген  білік,  дағдыларды  кҽсіби 

мақсаттарда  қолданады,  атап  айтқанда  курстық  жҽне  дипломдық    жҧмыстарда,  олар  жастардың 

халықаралық  форумдарында  т.б.  белсенді  роль  атқарады.  Осы  жағдайды  есепке  ала  отырып, 

оқушының  ағылшын  тілін  меңгеруге  деген  мотивациясын  этнопедагогика  материалдары 

маңыздылығын арттыруда жоғары болып табылады. 



125

 

Этнопедагогика  материалдары  нҽтижені  қамтамасыз  ететін  ағылшын  тілін  меңгеру 



ҥрдісінің маңызды серіппесі ретінде бағалай отырып, мынаны есте сақтауымыз қажет:  мотивация 

–  оқушының  субъективті  ҽлемінің  бір  жағы,  ол  оқушының  ҧмтылыстары  мен  қажеттіліктеріне 

қарай  анықталады.  Мҧғалім  тек  оған  ҽсер  етіп  қана  қоймай,  алғышарттар  жасайды  жҽне  оқушы 

бойында жҧмысқа деген қызығушылық тудыратын негіз қалыптастырады. 

Бҧл жағдайда мҧғалім тек оқушы ҽрекетінің мотивін ғана біліп қоймай, іштей оны дамыта 

жҽне тҥзете алады. Мҧндай жағдайлар ҥшін оқушылардың қазақтың халықтық дҽстҥрлері туралы 

білімі  міндетті  шарт  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  мҧғалім  барлық  салт-дҽстҥрлер  мен 

этнопедагогика  қҧралдары  тҥрлері  мен  ҽдістерінің  тҥрлерін  білуі  тиіс.  Осы  кезде  ғана  оқу 

ҥрдісінің  мазмҧнын  кез  келген  кезеңде  ҧлттық  бағытпен  сҽйкес  байланыстыруға,  яғни  ағылшын 

тілін меңгеруде прогреске кепіл бола алатын тҧрақты, басым бағдарды қамтамасыз етуге болады. 

Қазіргі    дидактика  талаптарына  сҽйкес,  мҧғалім  оқушыларды    сабақ  міндеттерімен 

таныстыруы  тиіс.  Оқушылардың  сабақ  міндетін  қабылдауы  –  мотивация  пайда  болуы  ҥшін 

қажетті  сҽт  жҽне  міндетті  жҥзеге  асырудың  сҽттілігі.  Сондықтан  оның  оқушыларға  хабарлануы 

ҿте маңызды. 

Ағылшын  тілі  мҧғалімінің  кҽсіби  тҽжірибесінің  ҿсуі  қарым-қатынасты  ынталандыратын 

ҽдістерді  меңгеруіне  негізделеді.  Олардың  кҿмегімен  бағдарламадағы  кез  келген  материалды 

коммуникативтілікке  айналдыра  алады.  Мҧғалім  ҿз  бойындағы  табиғи  қабілеттерді  сабақ 

барысындағы  іс-ҽрекетте  нақтылыққа  айналдыра  алады  жҽне  мҧғалім  оқушының  серіктесіне 

айналады,  ҽрі  бір  мезгілде  жағдайға  сҽйкес  жҽне  оған  оқушыларды  қызықтыра  отырып, 

ҧйымдастырушыға айналады. 

Сонымен,  оқушылар  ҿздерінің  тілдік  этнопедагогикалық  мҥмкіндіктерін  кеңейту  жҽне 

тереңдету ҥшін тілдік материалда қажеттілікті сезінуі тиіс. Мҧғалім: «Бҥгін біз мынадай жағдайды  

сҿз  етеміз.  Бізге  бҧл  ҥшін  қандай  сҿздер  қажет?»  -дейді.  Сонымен,  жаңа  сҿздерге  қажеттілік 

туындайды. Оқушылар ана тілінде ҿздеріне қажетті сҿздерді атайды жҽне сол сҿздердің мҧғалім 

хабарлайтын  ағылшын  тіліндегі  эквиваленттерімен  «танысуға  шығады»,  осы  кезеңде  мотивация 

артады. 


Мҧғалім  ағылшын  тілінің  жалпы  білім  беру  мҥмкіндіктерін  жҥзеге  асыра  алуы  тиіс,  бҧл 

дегеніміз  –  оқушылар  назарын  тілге  аудару,  заттарға,  ҥрдістерге  лингвистік  шет  тілінде  ат  қою. 

Бҧл қҧбылыстар мектептегі минималды оқу материалында тҥсіндірілуі тиіс. Бҧл мақсатпен тілмен 

жҧмыс жасауға  мектептегі зерттеушілік іс-ҽрекет тҥрінде этнопедагогика материалдарына ізденіс 

сипаттамасын  беру  қажет.  Осының  нҽижесінде  оқушылар  бойында  ҧлттық  кҿрегенділік,  тілдік 

белгі,  ҧлттық  рухани  мҽн  мен  мағынаны  кҿре  білу  дағдысы  қалыптасады.  Этнопедагогика 

материалдары  сҿздің  мағынасын  ашу  жҽне  грамматикалық  формасын  ашып  кҿрсетуде 

оқушыларды  жеткілікті  деңгейде  қанағаттандырады.  Біліктілікті  қажет  ететін  жаттығулар, 

сҿзжҧмбақ шешу  тҽрізді қызықты  жҧмыстар  оқушылармен  ҥнемі жҥргізіп отыру  қажет.  Мҧндай 

жаттығулар бастауыш буыннан бастап барлық оқу кезеңдері ҥрдісінде қолданылуы тиіс. Сонымен 

қатар  оқушы  бойында  қазақ  халқының  тағылымдық  тілдік  материалын  ҿз  бетімен  жинақтау 

қабілетін  оята  білу  қажет.  Бҧл  ҥшін  сабаққа  ҽр  тҥрлі  тілдік  ойындар  қолдану  ҧсынылады.  Ол 

сайыс,  жеңіске  жету,  қабылдау  мен  есте  сақтау  қабілеттерін  белсендіреді.  Тілдік  қҧбылыстарды 

белгілеріне  қарай  топтастырумен  байланысты  ҧлттық  ойын-сайыстар  сҿздің  грамматикалық 

формасын анықтай білуге мҥмкіндік туғызады жҽне осы жағдай есте сақтауды кҥшейтеді. Ойын 

кҿмегімен  тілдік  белгілердің  барлық  қажетті  жақтары  меңгеріледі,  функционалды  жҽне 

формальды қиындықтарын жеңуге мҥмкіндік береді. Сондықтан мҧғалім ҽр ойынның ҽдістемелік 

ҽлеуетін ескеруі тиіс. 

Педагогтар, психологтар қазіргі кезеңде оқушыларға ҧлттық дҽстҥрлер негізінде ағылшын 

тілін  оқыту  ҽдістемесіне  назар  аударуда.  И.А.Зимняяның    пікірінше,  оқушылардың  ҿзіндік 

белсенділігі нҽтижесінде кҿптеген жағдайларда педагогикалық тиімділікке қол жеткізе алады, ал 

нейтралды-пассивті қабылдау формасында қол жеткізу мҥмкін емес, яғни «... оқушыны ҿзіндік оқу 

ҽрекетіне жҧмылдыру, оны осы іс-ҽрекеттің субъектісі роліне қою. Бҧл ҽрекетті оқушы белгілі бір 

дҽлелдер  мен  заңдылықтар  аша  алатындай  етіп  ҧйымдастыру».  Біздің  жағдайымызда  оқушыны 

ағылшын  тілін  ҥйренудің  белгілі  бір  ҽдістері  меңгеру  қажеттігін  білдіреді.  Оқушыны  жаңа 

материалмен ҿз бетінше танысу қажеттілігіне ҧмтылдыра білуіміз қажет, ынталандыру барысында 

қажетті тиімді жолды кҿрсетеміз. 

Мҧғалім қазіргі кезеңде оқушыларды тілдік материалмен таныстыруда оқушының ҿзіндік 

іс-ҽрекетін  басқаруды  жҥзеге  асырады.  Бҧл  ҥшін,  біріншіден,  олар  қол  жеткізуге  тиісті  нақты 

мақсатты белгілеу қажет; екіншіден, оқушылар назарын тілдік материалдың маңызды белгілеріне 



126

 

аударуға,  арнайы  ҽдістерді  қолдана  отырып,  этнопедагогика  материалдарын  пайдалануға 



мҥмкіндік  туғызу.  Бҧл  ҥшін  оқушылардың  лексикалық  қорын  кеңейту  жҧмыстарында  картотека 

жасау жҽне оны қолдана білу дағдысымен таныстыру қажетті ҽдіс болып саналады. 

Бастапқы  кезеңде  ол  қазақ  этнопедагогикасы  материалдары  бойынша  суреттер 

бейнеленген, ал келесі бетінде сол суреттің шет тіліндегі аудармасы жазылған кеспе қағаздардан 

тҧруы  мҥмкін;  ал  келесі  кезеңдерде  оқушыларды  белгілі  бір  тақырыпқа  сай  картотека  жҽне 

портфолио  жасауға  ҧмтылдыру  қажет.  Оны  сыныптан  сыныпқа  кҿшу  кезінде  толықтырып 

отырады. Бҧл кезде оқушыларға картотека жасау тиімділігін жеткілікті тҥрде тҥсіндіре білу керек. 

Тілдік  оқыту  негізінде  тақырыптың  жоспарға  сай  кеңейтілуін  қамсыздандыратын  белгілі  бір 

орталық  ҧстаным  бар,  сондықтан  мҧғалімнің  қолында  қай  кезде  де  тақырыпқа  сай  ҽдістемелік 

материал  болуы  қажет.  Оқушыларда  ҿздерінің  сыныптан  сыныпқа  кҿшкен  сайын  толтырып 

отыратын  этнопедагогика  материалдары  негізіндегі    «рухани-грамматикалық  дәптер» 

(грамматикалық анықтамалықтары) болуы тиіс. Оларда грамматикалық қҧбылыстар кестелер мен 

сызбаларға  жазылады  жҽне  белгілер  ерекше  тҥспен  бейнеленеді.  Бҧл  жағдайда  грамматиканың 

меңгерілген  сипаттамасы    ерекше  кҿрнекі  болып  шығады.  Оқушылардың  ҿз  бетімен  жасалған 

осындай грамматикалық анықтамалықтар этнопедагогикалық материалды жҥйелендірудің тиімді, 

ҽрі грамматикалық базаны бекітудің маңызды қҧралы болып табылады. 

Оқу  жҧмысының  мҧндай  оңтайлы  ҽдістері  оқушылардың  ағылшын  тілін  ҥйрену 

нҽтижесіне  ҽсер  етеді.  Оқушыларға  ҿз  ойын  еркін  жеткізудің  тҽсілдері  туралы  жҽне  оның 

маңыздылығы туралы мҽлімет қажет. Бҧл алгоритмді қҧру ой-пікір білдірудің тілдік қҧралымымен 

біріге  отырып,  оқушылардың  тілдік  мҥмкіндіктерін  байытатын  белсенді  ой  ҥрдісі  болып 

табылады.  Ой-пікір  білдіруге  дайындық  кезінде  оқушылар  қысқаша  тезис  немесе  сҧрақ  тҥрінде  

жоспар  қҧрады  жҽне  осы  жоспардың  ҽр  бҿліміне  қажетті  тірек-сызбаларды  таңдайды:  бҧл 

қарапайым  ырым-тиым,  қаратпа  сҿздер,  сҿздік  формалар,  сҿз  тіркестері  жҽне  мҽтелдер  немесе 

сҿйлемдер  болуы  мҥмкін.  Біздің  пікірімізше,  коммуникативті  міндеттер  шешімін  табатын 

ағылшын  тіліне  оқытуды  этнопедагогика  материалдары  негізінде  ҧйымдастыру  оқушылар 

қызығушылығы мен қҧнды бағыттарының қалыптасуына мҥмкіндік береді. 

Ағылшын


 

тілі  мектептегі  оқу  жоспарының  белгілі  бір  пҽні  ретінде  ҽлеуметтік  белсенді 

тҧлғаның  тҽрбиесіне  ҿз  ҽсерін  тигізеді,  сондай-ақ  оқушының  қоршаған  ортаға,  адамның 

табиғаттағы  жҽне  қоғамдағы  орнына,  ҿзі  ҿмір  сҥруші  ортаға,  ҿз-ҿзіне  деген  қарым-қатынасы 

туралы кҿзқарасының қалыптасуына жағдай жасайды. Ауызша сҿйлеу мен оқудың тақырыптары 

арқылы  ҿз  бейнесіне  деген  пікірі  де  қалыптасады,  мысалы,  «Мҽдени  жҽне  спорттық  ҿмір», 

«Ғарышты игеру», «Табиғатты қорғау» т.б. 

Этнопедагогика  материалдары  негізінде  ағылшын

 

тілін  меңгерту  –  тҧлға  тҽрбиесінің 



тҧғыры болып табылатын рухани-адамгершілік тҽрбиеге ҽсерін тигізеді. Оқыту кезінде тҧлғаның 

маңызды  рухани  сапалық  қасиеттерін  тҽрбиелеу  жҥзеге  асырылады:  патриоттық,  елжандылық, 

эстетикалық,  адамгершілік  т.б.  Аталған  қасиеттердің  нақты  мазмҧны  сҿзде,  яғни  оқушылар 

қҧратын  жҽне  қабылдайтын  сҿздік  қҧрылымдарда,  сонымен  қатар  оқуды  ҧйымдастыруда  жҥзеге 

асады. 

Қорыта  келгенде,  этнопедагогика  материалдары  негізінде  ҧйымдастырушылық-



ҽдіснамалық, 

интеллектуалдық-танымдық, 

ақпараттық-рефлексиялық, 

коммуникативтік-

бағалаушылық бағдарға сай білік пен дағдаларды қалыптастыру оқушыларға дамытушылық жҽне 

тҽрбиелік  ҽсер  етеді.  Сондықтан  жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде  ағылшын  тілін  оқыту 

мақсаттарын  этнопедагогика  материалдарымен  сабақтастыру  оқушыларға  тҽрбиелеу  тҧрғысынан 

жан жақты дамыған жҽне шығармашыл тҧлға ретінде қалыптасуына мҥмкіндік береді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет