Конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет24/60
Дата09.03.2017
өлшемі9,39 Mb.
#8612
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60

Әдебиеттер тізімі: 

1. А. Түсіпова. Компьютер – оқытудың  жаңа ақпараттық технологиясы». Қазақстан

мектебі.-2004.7. 

2. А.Қозыбай,  Н.Жексенбиева.  «Кәсіптік  білім  беру  жүйесіндегі  қазіргі  оқыту

технологиялары» , Астана, 2015. 

3. Букенева Ж. “Қазақ тілін компьютерлік технология арқылы меңгерту мәселелері” //

Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. - 2008. - №6. 

4. Кеңшілікқызы  Ж.,  Сағымбайқызы  А.  “Қазақ  тілін  оқытуда  жаңа  ақпараттық

технологияларды қолдану” // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. - 2009 .- №6. 

5. Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Оқу және әдістемелік   әдебиеттер

жөніндегі республикалық баспа. Алматы, 1995. 


172 

СЕКЦИЯ №3 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН 

ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ШЕБЕРЛІКТЕРІН ДАМЫТУ 

РАЗВИТИЕ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МАСТЕРСТВА УЧИТЕЛЕЙ В 

УСЛОВИЯХ ОБНОВЛЕНИЯ СОДЕРЖАНИЯ СРЕДНЕГО 

ОБРАЗОВАНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ – ІЗДЕНІСТІҢ  НӘТИЖЕСІ 

Самеков Мейрбек Нурланович

«Мониторинг және талдау» бөлімінің бас маманы, магистр 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық 

 қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 

Жамбыл облысы, Тараз қаласы 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, 

ал ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

 

Білім  беру  мазмұнын  жүйелі  жаңарту  жағдайында  сапалы  біліммен  қамтамасыз  ету-

қазіргі  қоғамның  өзекті  мәселелерінің  бірі.  Еліміздегі  өзгерістер,тұрақты  дамудың  жаңа 

стратегиялық  бағыттары  және  қоғамның  ашықтығы,  оның  жедел  ақпараттануы, 

қарқындылығы,  білім  беруге  қойылатын  талаптарды  түбегейлі  өзгертуде.  Орта  білім 

мазмұнын жаңарту аясында  Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, 

педагогтар  қауымынан  кәсіби  міндеттер  мен оны  жүзеге  асыруда  жаңаша  көзқарасты,  яғни 

инновациялық  қызметті  талап  етуде.  Педагогикалық  қызметкерлерге  қойылатын  бірінші 

кезектегі  нақты  талаптар:  шығармашылық,  жоғары  интелектілік,  терең  білімділік,  кәсіби 

сауаттылық  болып  табылады.  Білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  оларды  технологиялық-

педагогикалық  тұрғыдан  жетілдіру  қажеттілігі  туындауда.  Білім  беру  деңгейіндегі  озық 

технологияларды пайдаланудың мақсаты үйрете жүріп, үйрену. 

Білім  беру  саласында  озық  технологиялардың  енуі  мұғалімнің  ойлану  стилін,  оқыту 

әдістемесін өзгертеді.  Оқытушының озық  технологияларды пайдаланудың басты мақсаты  – 

оқушыларға  білім  беру  процесінде  көмектесу.    Жаңа  ақпараттық  дамыған  қоғамда 

оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа 

 технологияларды сабақ беру процесіне енгізу болып отыр. Сабақта жаңа   технологияларды 

тиімді  пайдалану  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырады,  шығармашылық 

қабілетін  дамытады,  қоршаған  ортаны  танымдық  зерттеу  барысында  дидактикалық 

мақсаттар іс жүзінде асырылады. 

Педагогикалық  ізденіс  барысында  оқушыларды  тәрбиелеу  мен  оқытуда  жаңа 

әдістемелерді  қолдануды  оқу  үрдісіне  енгізудің  маңызы  ерекше.  Сабақтың  тиімділігін 

оқушылардың  танымдық  қызуғушылығын  арттыру  үшін  тақырып  материалдарын  оқып 

үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға 

болады. Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда мұғалімде, оқушыда табысқа 

жетіп, білімін шыңдай түседі. 

Жас 

ұрпақтың 



жаңаша 

ойлануына, 

олардың 

біртұтас 

дүниетанымының 

қалыптасуында  әлемдік  сапа  деңгейіндегі  білім,  білік  негіздерін  меңгеруіне  ықпал  ететін 



173 

жаңаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім 

беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа 

кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті 

мойынымызда.  Барлық  кедергілерді  жеңу  табысқа  талпыну  өз  қолымызда  деп  білемін. 

«Оқусыз  –  білім  жоқ,  білімсіз  күнің  жоқ»  деген  халық  даналығы  ешқашан  мәнін 

жоғалтпайды.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы  Заңында»:  «Білім  беру  жүйесінің 

негізгі  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 

ақпараттандыру,  халықаралық,  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  –  деп 

көрсетілген.  Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыру  барысында  білім  ордаларында  жаңа 

педагогикалық  технологияларды  пайдаланудың  негізі  қалыптасып,  оқытудың  тиімділігі, 

сапасы көтерілуде. 

Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған 

байланысты  тұлғаға  ақпараттар  кеңістігінде  дұрыс  бағытты  таңдауға  мүмкіндік  жасай 

алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық технологиямен 

орындалатын  қызмет  өзінің  кез  келген  нақты  формасында  тиімдірек  орындалады,  адам 

өркениетті бола бастайды. 

Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа   технологияны жоспарлы түрде енгізіп, 

жүйелік  интегралды  өткізу  немесе  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  туындап  отыр.  Қазіргі 

замандағы   технология  әрбір  тұлғаның  білім  алу  үдерісінде  шығармашылық  қабілетін 

дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы жаңа  технология мен әрбір тұлғаның өзіндік 

білім  алу  траекториясын  таңдауына  жол  беретін  анық  білім  беру  жүйесін  құруды,  оқу 

бағдарламаларының  бағдарламалануы  және  өзгермелі  бейімделінуі  есебінен  оқу  үдерісінің 

біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды 

дидактикалық  қасиеті  негізінде  тұлғаның  оқу  үдерісінде  танымдық  қызметін  тиімді 

ұйымдастыру  арқылы  жаңа  білім  алу  технологиясын  түбегейлі  өзгертуді  тығыз 

байланыстырады. 

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас 

бiлiмдiк  ақпараттық  ортаны  құру  болып  табылады.  Олай  болса,  бiлiм  беру  саласында  жаңа 

ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi 

әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi. 

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi: 

– ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

– бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап,

жүзеге асыру; 

– оқу-тәрбие  үдерісіне  жаңа  ақпараттық  технологияны  енгiзудi  қамтамасыз  ету  бойынша

ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу; 

– пәндер  бойынша  жасақталатын  жалпыға  мiндеттi  бiлiм  стандарттарының  және  оқу-әдiс-

темелiк  кешендерiнiң  мазмұнын  ақпараттық  технологияны  пайдалану  мүмкiндiктерiмен 

жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру; 

– бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн бағдарламалық-техникалық құралдарды қам-

тамасыз ету және мультимедиялық бағдарламаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау

– педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге

дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру. 

 Білім беруді  ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру  – 

бүгінгі  күннің  негізгі  міндеттерінің  бірі  екендігі  даусыз.  Педагог  мамандардың  біліктілігін 

көтеруді  ақпараттандыру,  қажеттілікті  шешу  барысында  педагог  мамандардың  біліктілігін 

ақпараттық  технологияны  өз  қызметтеріне  пайдалану,  педагог  мамандардың  ақпараттық 

сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді 

қалыптастыру 

мәселесі 

бүгінгі 


күннің 

өзекті 


мәселесіне 

айналып 


отыр. 

Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени да-

мудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім 

деңгейін, оқыту әдіснамасын жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызып отыр. 



174 

        Білім  беруде  қазіргі  мектепке  ойшыл,  зерттеуші,  тәжірибелік  қызметте  педагогикалық 

үйлестіруді  шебер  меңгерген  іскер  мұғалім  қажет  екендігі  аз  айтылып  жүрген  жоқ.  Қазір 

заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары 

да  бұрынғыдан  мүлде  басқаша.  Өйткені  олар  –  өзінің  болашағына  тиімділік  тұрғысынан 

қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. 

  Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, 

теориялық,  нормативтік  –  құқықтық,  психологиялық  –  педагогикалық,  дидактикалық 

әдістемелік  тұрғыдан  сауатты  және  ақпараттық  компьютерлік  технология  құралдарының 

мүмкіндіктерін  жан  –  жақты  игерген  ақпараттық  құзырлығы  қалыптасқан  маман  болуын 

талап етіп отыр. 

 Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, 

логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму 

мен  оны  іске  асыру  құралы  ретінде  пайдалану  дағдыларын  қалыптастырып,  ақпараттық 

қоғамға  бейімдеу.  Демек,  ақпараттық  бірліктердің  білімге  айналуы  әлемнің  жүйелік  – 

ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын 

дамыту  арқылы  қалыптастыруды  көздейтін,  адамның  дүниетанымының  құрамдас  бөлігі 

болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. 

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай жаңа 

оқыту  технологиясын  енгізу  оқыту  процесінде  толыққанды  дамуына  мүмкіндік 

жасайды.Жаңа  технологиялардың  дамуы  жаңа  әдіс-тәсілдердің  пайда  болуына  көмектеседі 

және  сонымен  бірге  оның  сапасын  жоғарылатады.  Бұл  технологияның  өзектілігі  қоғамның 

ақпараттандыру  жылдамдығының  артуымен  сипатталады.  Әр  түрлі  пән  сабақтарында  жаңа 

 технологияны 

пайдалану 

білім 


мазмұнын 

жаңартумен, 

ақпараттық 

ортаны 


қалыптастыруымен,  сондай-ақ  сапалы  білім  беру  мүмкіндігінің  жоғары  болуымен 

ерекшеленеді. 

Қазіргі  оқыту  үрдісіне  жаңа  педагогикалық  технологиялар  кеңінен  енуде.Осы  нақты 

бағыттарда  жұмыс  жасaй  oтыpып,  біз  білім  беру  жүйесінің  жаңа  мазмұнға  ие  болуына  қол 

жеткізбекпіз,  яғни  қазіргі  мектеп  бәсекеге  қабілетті  және  құзыретті  тұлғаны  қалыптастыру 

мен  дамыту  үшін  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыру  ордасы  болуы  қажeт.  Бір  сөзбен 

айтқанда біз білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруіміз керек 

Пайдаланған әдебиеттер 

1.Асқарбек Құсайынов.  Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы.- Алматы, 2013

2. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2007 ж.

3. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика  /білім беруді

ақпараттандыру. –Алматы, 2007. 

4. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006



ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК 

ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ 

Төлеген Өмірбек Шаймұратұлы

Ақмола облысының білім басқармасы 

 жанындағы Көкшетау қаласы

(қазақ тілінде оқытылатын) Ж.Мусин 

 атындағы педагогикалық колледжінің 

 оқытушысы,  педагогика ғылымдарының магистрі 

Жас  ұрпақты  ойлы  да  іскер,  жігерлі  де  батыл,  өз  Отанын  шын  сүйетін,  өз  ұлтының 

салты  мен  дәстүрін  құрметтеп  сақтайтын,  өзіне-өзі  сенімді,  интеллектуалдық  даму  деңгейі 

биік,  дүниетанымы  дұрыс  қалыптасқан  азамат  етіп  тәрбиелеуде  мектептің  алатын  орны 


175 

айрықша.  Мектепте  берілетін  білім  мазмұны,  өткізілетін  тәрбиелік  іс-шаралардың  мақсаты 

қазіргі  қоғамның  тыныс-тіршілігімен,  экономикалық-әлеуметтік  жағдайымен  тығыз 

байланысты болуы керек. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып, рухани дүниесінің 

қалыптасуына негіз салады[1]. 

Тәрбиенің  сан  салалы,  күрделі  мәселелеріне  терең  бойлауға  бастайтын,  күнделікті 

тұрмыста  кездесетін  дағдылар  арқылы  баланың  жан  дүниесіне  әсер  ететін,  білім  мен 

тәрбиенің  алғашқы  баспалдағы  –  бастауыш  мектеп. Бастауыш  саты  –  білім,  іскерлік, 

дағдының,  баланың  психофизиологиялық,  дене  бітімі  жағынан  және  ақыл-ойының 

қалыптасуының бастамасы болып табылады. 

Алдағы  уақытта  іргелі  ғылыми  білім  алу  мен  кез  келген  мамандыққа  талпынудың 

іргетасы  осы  бастауышта  қаланбақ.  Сондықтан,  бастауышта  берілетін  білімнің  сапасы  мен 

мазмұны,  оқытудың  әдістері  мен  формалары  қазіргі  ХХІ  ғасыр  талабына  сай  болуы  қажет. 

Өйткені,  баланың  негізгі  жеке  бас  қасиеттері,  оның  адамгершілігінің,  белсенділігінің 

қалыптасуы алдымен балабақша мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Бастауыш мектеп 

жасы  баланың  рухани  күш-қуаты  мен  ерік-жігерінің,  шығармашылық  қабілетінің,  жалпы 

мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, 

оның  алғашқы  қалыптасуын  қамтамасыз  ету,  білімге  деген  сенімін  нығайту,  іскерлігі  мен 

дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып 

табылады.  

Жастарға  жалпы  орта  білім  беруді  жүзеге  асыруда  негізгі  және  орта  мектептер-  мен 

қатар,  бастауыш  мектептердің,  оның  ішінде  шағын  жинақты  бастауыш  мектептердің 

атқаратын рөлі орасан зор. 

Республикада шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан  пайда болған құбылыс емес. 

Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин 

жасаған оқыту әдістемесінде жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың 

тұңғыш  педагогы  Ы.Алтынсариннің    есімімен  және  педа-  гогикалық  қызметімен  тікелей 

байланысты.  Содан  бері  қанша  уақыт  өтсе  де  шағын  жинақты  мектептер  қызметі  әлі  де 

жалғасуда. 

Жалпы,  осы  уақытқа  дейін  шағын  жинақты  мектептерде  оқу-тәрбие  жұмысының 

мамзмұнын  жақсарту,  оқушылардың  білім  деңгейін  мемлекеттік  стандарт  талаптарының 

дәрежесіне  көтеру  сияқты  мәселелер  бірқатар  ғалымдарымыз  бен  әдіскерлеріміздің  зерттеу 

нысанына  айналды.  Олардың  еңбектерінде  бірнеше  сыныпты  бір  мезгілде  қатар  оқытудың 

тиімді  жолдарын  іздестіру  (Ж.Аймауытов,  Ғ.Бегалиев,  Ж.Қаржасбаев,  М.Бүрлібаев, 

Ғ.Сүлейменов,  А.Асқарбаева),  сабақты  ұйымдастырудың  өзіндік  ерекшеліктері  мен  әдіс-

тәсілдерін  анықтау  (Б.Құлмағамбетова,  А.Асқарбаева,  Г.М.Храпченков,  Қ.Аймағамбетова); 

«Қазақ  тілі»,  «Ана  тілі»,  «Математика»,  «Айналамен  таныстыру»  пәндерін  оқытудың 

мазмұны 


мен 

практикалық 

бағытын 

белгілеу 

(Ш.Әуелбаев, 

А.Асқарбаева, 

Б.Құлмағамбетова);  бір  пәндік,  бір  тақырыптық  сабақтардың  тиімділігін  дәлелдеу 

(М.Сайпин,  З.Бейсенбаева,  Е.Шапаева,  О.Сатқанов,  Б.Катембаева),  осы  үлгідегі  мектептер 

үшін  болашақ  мұғалімдерді  дайындау  мәселелері  (З.Әділғазинов)  еңбектерінде 

қарастырылады. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  шағын  жинақты  мектепке 

мынадай анықтама беріледі: «Шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас 

және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны  аз жалпы білім 

беретін мектеп»[1].  

Шағын жинақты мектеп өзі орналасқан елді мекенде оқитын білім алушылардың білім 

сапасының деңгейіне тікелей жауапты болып есептеледі. Ендеше, шағын жинақты мектептің 

оқу-тәрбие процесі заман талабына және ғылыми-педагогикалық, әдістемелік талаптарға сай 

құрылуы, ұйымдастырылуы тиіс. 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  мәліметтеріне  қарағанда 

Республика  мектептерінің  44,1  пайызы,  ал  ауыл  мектептерінің  70  пайызға  жуығы  шағын 

жинақталған  мектептер.  Шағын  жинақты  мектепте  бір  сынып  бөлмесінде,  бір  мұғалімнің 


176 

басшылығымен,  екі  немесе  бірнеше  сыныптар  қатар  оқитын  болғандықтан,  мұндай 

мектептерде  сабақты  ұйымдастыру  мен  өткізудің  өзіндік  ерекшеліктерінің  болуы  заңды. 

Шағын  жинақты  мектепте  кемінде  екі  сынып  бір  мұғалімнің  басшылығымен  сабақ 

оқитындықтан, оқушылардың сабақтағы негізгі іс-әрекеті – оқушылардың өздік жұмыстары 

болуы тиіс[2].  

Оқытудың кез келген әдісін қолдану оқушылардың өздік жұмыстарымен жалғасатыны 

белгілі.  Кезінде  неміс  педагогы  А.Дистервег:  «Ойды  ешнәрсемен  толтыруға  болмайды.  Ол 

барлығын өзі меңгеріп, қорытуы керек» - деп айтқан болатын.  

Оқушының  өздік  жұмысы  деп  –  мұғалім  басшылығымен,  бірақ  мұғалімнің  тікелей 

қатысуынсыз,  белгіленген  уақыт  аралығында  орындалатын  белсенді  танымдық  іс-әрекетті 

айтады.  

Дидактикалық  мақсатына  қарай    өздік  жұмысты  жаңа  сабақты  меңгеру  үшін  қажетті 

дайындыққа  арналған,  жаңа  материалды  меңгеруге,  жаңа  сабақты  бекітуге,      қайталап 

пысықтауға      және  оқушылардың  білім,  білік  дағдыларын  тексеруге,    бақылауға  және 

бағалауға арналған деп бөлуге болады. 

Дайындық  мақсатында  берілетін  өздік  жұмыс  жаңа  сабақты  сапалы  меңгеруге,  жаңа 

дағдыны  қалыптастыруға  қажетті  бұрын  өтіп  кеткен  материалдарды  қайталау  мақсатында 

қолданылады. Бұған есептерді шешу, жаттығуларды орындау, ережелерді, амал қасиеттерін 

қолдануға байланысты  оқу материалын таңдап алу жатады[3]. 

Жаңа  білімді  меңгеру  мақсатында  берілетін  өздік  жұмыстар  жоғарғы  сыныптарда 

кеңінен қолданылады.  

Сондай-ақ  өздік  жұмыстарды  жалпы  сыныптық  және  жеке  дара  деп  екі  түрге 

бөлуге  болады.  Жеке  тапсырмаларды  әр  оқушы  өз  бетінше  орындайды.  Ал  жалпы 

сыныптық  тапсырмаларды  шағын  топтар  бойынша  орындатқан  дұрыс.    Көбінесе  шағын 

жинақты  мектепте  өздік  жұмыстың  жеке  түрлері  қолданылады.  Сонымен  бірге  өз  бетімен 

жұмысты ұйымдастырудың ұжымдық түрі де қолданылады.  

Оқушылардың  өз  бетінше  жұмысының  педагогикалық  тиімділігі  мұғалімнің  өздік 

жұмысқа жасаған басшылығының сапасына байланысты. Ол өзбетінше жұмыстың мақсатын 

анықтап  оқушыларды  ой  еңбегін  орындауға  үйретіп,  сыныптың  өздік  жұмысты  орындау 

барысын  бақылап,  оқушылардың  қате  жібермеуіне  көмектеседі.  Сөйтіп,  орындалған  өздік 

жұмысты  тексеріп,  қорытынды  жасап,  әрбір  жұмыстың  нәтижесін  бағалайды.  Шағын 

жинақты  мектепте  өздік  жұмысты    орындауда  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  көңіл 

бөлінуі тиіс [4] . 

Оқушының  өзбетінше  жұмысының  негізгі  ерекшелігі  –  оқушының 

берілген  міндетті  мұғалімнің  көмегінсіз  өзінің  шешуі.  Тапсырманы    орындауда  жақсы 

нәтижеге  жету  үшін,  оқушының  біліміне,  іскерлік  дағдысына  сүйене  отырып,  оның 

байқағыштығын,  қырағылығын,  ойлауын,  есепті  шешудің  тиімді  жолын  таңдауын 

бақылап  көру  керек.  Есепті  шығаруда  бір  қате  екінші  қатеге  жалғасып,  нәтижесінде  қате 

жауап  алынуы  мүмкін.  Шығарған  есебі  қате  болып,  оқушы  қиыншылыққа  кездескенде 

мұғалім  оны  тоқтатып,  қателерін  жөндеу  керек  пе?  Ондағы  қиыншылықтарды  жойып, 

оқушының ойлауын,  ісін  дұрыс жолға бағыттау керек пе? Жоқ, әлде, оқушының шығарған 

есебінің  қате  екендігіне  көзін  жеткізіп,  қателерін  өзіне  тапқызып,  өздеріне  жөндете  ме? 

Өзбетінше  жұмыстарды  ұйымдастыру  әдістерін  белгілейтін  мұндай  сұрақтар  әр  мұғалімнің 

алдынан шығады[5]. 

Сондықтан  шағын  жинақты  мектеп  мұғалімінен  оқушылардың  өзіндік 

жұмыстарын  дұрыс  ұйымдастыра  білу  талап  етіледі.  Шағын  комплектілі  мектептің  оқу 

тәрбие  жұмысында  уақытты  дұрыс  пайдалана  білуге  көп  көңіл  бөленеді.  Уақытты 

дұрыс пайдалана  білу үшін және өздік жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында мұғалім 

өздік  жұмыстардың  түрлерін,  ұйымдастыру  формаларын,  оқушыға  жұмысты  орындауға 

қажетті  бағыт  беретін  сұрақтарды,  схемаларды,  көрнекіліктерді  алдын-ала  дайындап  алуы 

керек.   

 Балаларды  өздігінен  жұмыс  істеуге  үйретудің  аса  қажет  екендігін,  техниканың, 

технологияның,  ғылымның  алға  басып  өркендеуі,  жаңадан  пайда  болған  проблемаларды 



177 

ойланып  шеше  білудің  қажеттігі  адамның  өздігінен  үйреніп,  білімін  өздігінен  толықтырып 

отыруын  талап  ететіндігін,  келешек  ұрпақты  өздігінен  жұмыс  істеуге  үйрете  білуіміз 

керектігін бүгінгі күні заман талап етеді. 

Мектеп  оқушыларының  өз  бетінше  жұмыстарын  ұйымдастырудың  басты  формасы  – 

жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей 

тиісті талаптарды орындауға тура келеді:  

1. Өз  бетінше  орындалатын  жұмыстың  нақты  мақсаты  болуы  керек.  Әрбір  оқушы

жұмыстың орындалу тәртібін жетік білуі керек; 

2. Өз  бетінше  жұмыс  оқушылардың  бойындағы  танымдық  қабілетін,  шығармашылық

ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беруі тиіс; 

3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі  тиіс. Яғни оның

тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек; 

4. Өз  бетінше  жұмысты  оқушылар  еңбек  дағдылары  мен  әдістерін  жетік  игеріп

түсінетіндей етіп ұйымдастырылуы қажет[6].      

 Қорыта  келгенде,  оқушылардың  өз  бетімен  орындайтын  жұмыстары  оқушының 

дербестігін дамытып, оқуға деген танымдық қызығушылығын тудыруы қажет деп ойлаймыз. 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы: – Алматы, 1999.



2.

ҚР  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттары.  Жалпы

бастауыш білім. – Алматы, РОНД, 2002. 

3.

ҚР  бастауыш білімнің мемлекеттік стандарттары. – Алматы, 1998.



4.

Бастауыш  мектепте  бірнеше  сыныпты  бір  уақытта  оқыту  туралы:  мақалалар  жинағы

(ред. басқарған Ғ.Бегалиев). – А., 1950. 

5.

Сайпин  М.  Шағын  комплектілі  мектептерде  математиканы  оқыту.  –  Алматы,



«Мектеп», 1984. 

6.

Начальная однокомплектная школа (математика, трудовое обучение, изобразительное



искусство, музыка, физкультура). – М., «Просвещение», 1980. 

7.

Малокомплектные  школы:  из  опыта  работы  учителей  однокомплектных  и



двухкомплектных школ. – М., АПН  РСФСР, 1956. 

8.

Однокомплектная школа /под ред. Т.И.Шамовой, И.В.Прокопофич / . -  М.,1977.



9.

Савченко А.Я. Организация учебнего процесса в малокомплектной школе. -   М., 1970.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет