Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
31
оқу орындары, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың
есімдерімен талады. Мен М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп оқушысымын.
М.Ғабдуллин Кеңес Одағының батыры ғана емес, профессор, жазушы,
филология ғылымдарының докторы болған. Мен Мәлік атамды мақтан
тұтамын., есімі берілген мектептің намысын көтеру мен үшін үлкен міндет.
Жеңіс күні - адамзаттың аңсап күткен күні. Жеңістің туын тіккен 1945
жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
32
Болат Балғын
10 сынып оқушысы, №1 гимназия
Сарқан қ.
Жетекшісі: Қажиева А.М.
Ұлы Жеңіске 71 жыл
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен
төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн.
Ұлы Отан соғысының
басталғанына міне, 75 жыл. Осыдан 75 жыл бұрын, 22 маусым күні таң қылаң
бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына
шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында
Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-
шекарашылар болды. Соғыс кенеттен басталғанымен, бүкіл Кеңес Одағы
алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-
түкпірінен әскери қатарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында
отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да
соғысқа сұранды. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және
резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары
әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал
Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны 16
мыңдай офицер дайындап шығарған.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік
ерліктері
үшін
жүздеген
мың
қазақстандық
медаль-ордендермен
марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам -
Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес
Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский,
Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында
қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк
Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті
Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да
қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал
қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың
ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.
Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім.
Фашистер КСРО-ның батыс аудандарын басып алғаннан кейін, Сібір мен
Қазақстанның ел экономикасындағы маңызы күрт артқан. Жаудың қолына
бермеу үшін соғыстың алғашқы айларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың
барлығы тылға көшіріле бастады.
Жеңіске ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты. Атап айтқанда, еліміз
майданға астық, картоп және көкөніс, ет, сүт, жүн беріп отырды. Көптеген
кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. Ер азаматтардың бәрі
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
33
армия
қатарында
болғандықтан,
зауыттарда
әйелдер,
қариялар,
жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты
ұзартылды. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген
ұранмен еңбек етті.
Соғыс жылдары Қазақстанға балқар, қарашай, ингуш, шешен халқы,
немістер мен поляктар, түрік-месхетиндер, қырым татарлары күшпен жер
аударылды. Оған қоса, күн сайын Қазақстанға жаралы жауынгерлер мен
офицерлер тиелген пойыздар ағылып жатты. Мұның бәрі қазақ халқы үшін
өте ауыр кезең болды. Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан
даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Адамзат тарихындағы
бұл ең зұлым соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды.
Көптеген қалалар мен ауылдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, темір жол,
теміржол стансасы, пошта-телеграф мекемесі, телефон стансасы және басқа
да байланыс бекеттері жермен-жексен болған немесе жартылай қираған.
Аурухана немесе басқа да емдеу мекемелері, мектеп, техникум, жоғары оқу
орны, ғылыми-зерттеу институттары, кітапхана және басқа да көптеген
нысандар жойып жіберілген, тоналған.
Алайда халықтың төзімділігінің, күш-қуаты мен ерік-жігерінің арқасында
жеңістің туы желбіреді. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ
мереке. Бұл мереке – біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің
әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Осы соғыста қаншама адам қаза
тауып, қаншамасы мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды.
Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие
болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен
апаларымыз да көп. Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де
ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп,
қасиеттейді. Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін
Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Бұл
жеңістің басты себебі, әрине, халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі,
қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. Екіншіден, ортақ
жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен
достығы еді.
Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір
жеңнен бас шығарып отанын қорғады. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел
сақтар» - дей келе Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай ата-
бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан,
біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте
сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе, бұл соғыста ерлікпен
қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және
ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді
әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз. Қазір Қазақстанның көптеген
қалалары мен ауылдарында көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындарына
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
34
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың есімдері беріліп жатыр.
Биыл жеңістің 71 жылдығына орай еліміздің әрбір жерінде әртүрлі іс-
шаралар, мерекелік кештер өткізілуде. Соғыс ардагерлеріне құрмет
көрсетіліп, қошемет жасалуда. Әрине, олардың орасан зор еңбегін еш
уақытта өтеу мүмкін емес. Соғыс ардагерлеріне тағзым ете отырып, келешек
еліміздің ертеңі жақсы болса екен деп тілеймін. Әрбір қазақ баласы өз
Отанын анасындай сүюі қажет. Тәуелсіз еліміз өркендеп, өсе берсін.
Еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің, азаттықтың туы
әрқашан желбірей берсін!
Жеңіс үшін жетім қалды жас балалар,
Жеңіс үшін жесір қалды жас аналар.
Күлкі кетті адамдарда ұйқы кетті,
Жеңіс үшін күресті жас ағалар.
Қаншама адам кеудесін оққа тосты,
Қаншама адам осынша отты басты .
XX ғасырда болған соғыс –
Сондағы көргендері ұлы соғыс.
Соғыстан кім қасірет шекпеген,
Соғыстан кім көз жасын төкпеген.
Сонда да кеудесінде үміт оты алаулап,
Жеңіске деген құштарлықпен, еппенен.
Жеңіс, жеңіс, ал міне жеңіс деген,
Көшелерді тоғытқан тегіс өлең.
Би толқиды дүниенің алаңында
Мол күлкі, мол қуаныш бөліспеген.
Мұны естіп тере жүріп масақты,
Көздерінен тамшылап бір жас ақты.
Батыр халық сол жылдарды өткерді,
Оларда қолдан келгенді жасапты.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
35
Диас Ақерке
9 сынып, Балтабай орта мектебі
Еңбекшіқазақ ауданы
Жетекшісі: Омаржанова А.У.
Біз бірге жеңдік!
Мен – патриотпын! Ал «патриот» дегеніміз не? «Патриот» - дегеніміз кең
мағыналы, көп сатылы ұғым. Патриоттық сезімді бір сөзбен немесе бір оймен
жеткізе алмаймын. Еліме деген сүйіспеншілік, адалдық, тіліме, дініме деген
сүйіспеншілік. Бұлардың бәрін сөзбен жеткізу мүмкін емес. «Патриотизм»-
көне грек тілінен «патрис» сөзінен шыққан. Қазақ тіліне аударғанда «Отан»,
«Атамекен» - деген мағынаны білдіреді. Патриот болу - өзіңнің тіліңмен,
еліңмен, туған жеріңмен мақтансаң міне сол патриоттық сезім. Патриот –
болу тек қана ұлттық киім киіп, халық әнін тыңдаумен ғана шектелмейді,
сонымен қатар халық дәстүрін дәріптеп, оны құрметтей білумен жалғасады.
Қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов өзінің патриоттық
сезімін былай жеткізген – « Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай,
мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң
ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір
орыстарын, Ресей жұртын қадірлеймін », - деп өз патриоттық сезімін
білдірген. Бұл сөзден - патриотизм отбасынан бастау алып, әулетіне,
туыстарына деген сүйіспеншіліктен барып халқына одан кейін сол кездегі
алдыңғы қатарлы ел Ресейді атап айтуыда патриотизмнің халқыаралық
мәдени қатынастардығ негізі екенін көрсетіп тұр.
Қазақтың барлық ақындары десекте болады, өздерінің алғашқы өлең-
шумақтарын өз еліне арнайды. Өздерінің «еліне, жеріне - деген
сүйіспеншіліктерін»- өлең шумақтарымен жеткізген. Менде өзімнің еліме,
туған жеріме деген махаббатымды өлең шумақтарымен білдіргім келеді:
Отаным бар менің ол – Қазақстан!
Ата-бабам жан беріп, жан алысқан.
Дамытамын, қорғаймын Отанымды.
Кетпес үшін бабамның қаны босқа!
Мен өткенге көз жүгіртіп ата-бабамыздың осы кең байтақ жерін қалай
қорғағанын айтқым келеді. Ұлы Отан соғысының басталуынан бастасам –
бұл соғыс халқына, барша жұртқа үлкен, алапат жаңалық ашты: Германияда
өкімет
басына
фашистердің
келуі
және
олардың
Еуропадағы
агрессияшылдық іс-әрекеттері Кеңес Одағы мен гитлерлік Гермнияның
арасында соғыстың болмай қоймайтындығын айқын көрсетті. 1941жылы
22маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес-
герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына
баса-көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал,
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
36
әрі ауыр соғыс басталды. КСРО-ға қарсы соғысқа Германияның одақтастары
–
Румыния,
Венгрия,
Италия,
Словакия,
Финляндия
қатысты.
Гитлершілдердің жағында соғысқа кіруге Жапония, Балгария, Түркия,
Испания дайын тұрды. Бұл жағдай Қызыл Армияны Қиыр Шығыс пен
Закавназьеде ірі әскери құрамаларын ұстап тұруға мәжбүр етті. Ұлы Отан
соғысы Екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор кеңістікте жүргізілгенімен
соғыс қимылдары кеңес елдерінің аумағында өтті. Кеңес Одағы Ұлы Отан
соғысына дайындықсыз кірісті. 1930жылдардағы әскерилерді қуалау
соғыстың алғашқы күндерінде сәтсіздіктерге ұшыратты.
И.В.Сталин халыққа 1941жылдың 3шілдесінде радио арқылы үндеу
жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады.Қазақстан халқы соғыстың алғашқы
күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп майдандағы армияның
қатарын толықтырды. Әскери міндеттілерді әскерге алу өте қысқа мерзімде
жүзеге асырылды. Тарихи әдебиеттерде бұл соғыс « Ұлы Отан соғысы» деген
атқа ие болды. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды.
Алғашқы күндердің өзінде ақын В.Лебедев-Кумач пен компазитор
А.Александров жауға қарсы күресте көпке ортақ ән ұранға айналған
«Қасиетті соғыс» әнін шығарды.
Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда
фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі жүргізді. 1942 жылдың
1қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде
1млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен
бөлімдер құрыла бастады. 20-дан астам атқыштар дивизиясымен басқа да
құрамалар құрылды. Фашистермен шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші,314-
ші,316-шы,387-ші,391-ші,8-ші,29-шы,102-ші,405-ші атқыштар дивисиясы,
100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші,105-ші,106-шы атты әскер дивизиялары,
74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадалары, 29-Зайсан, 219-Микоменттік,
85-ші Зениттік, 662-ші, 991-ші, 992-ші авиациялық полктар даңққа бөленеді.
Көрсеткен ерліктері үшін 316-дивизия 8-гвардиялық дивизия болып қайта
құрылды. Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автокөлік, 1,5 мың шынжыр
табан трактор, 110,4 мың жылқы мен 16,2 мың арба жіберілді. Мәскеу
түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты.
Олардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары – Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан
Момышұлы, Рашид Жанғазин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев,
Төлеуғали Елебековтер бар. Мәскеу үшін болған шайқаста полковник Г.П.
Коротков
басқарған
238-атқыштар
дивизиясындағы
қазақстандық
жауынгерлер өздерін даңққа бөледі. Дивизия жауынгерлік Қызыл Ту
орденмен марапатталып, табандылығы, ержүректігі мен батырлығы үшін 30-
шы гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Алексин қаласы үшін
шайқастарға қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Амангелді
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
37
Имановтың ұлы, қатардағы автоматшы – Рамазан Амангелдиев қатысты.
Қазақстандықтар тек майдандарда ғана емес, жау тылында да шайқасты.
Елдің басқа халықтарымен бірге олар жау уақытша басып алған аумақтар-
дағы партизандық қозғалысқа қатысты. Украинаның партизандық құрама-
лары менотриядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ
шайқасты. Смоленск облысындағы 15 партизан бригадалары мен
отрядтарында 270 қазақстандық ұрыстарға қатысты. Белоруссияның әр түрлі
аймақтарында әрекет еткен 65 партизан бригадалары мен отрядтарының
құрамында 1500-ден аса қазақстандық болды. Соғыс жылдары партизан
қозғалысына қатынасқан қазақстандықтардың саны 3,5 мыңға жетті. Парти-
зандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов,
Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдин
батырларымыздың есімі көпке танылды. Халық кекшілдерінің қатарында
қазақстандық әйелдер – Нұрғаным Байсейітова, тұрғаш Жұмабаева, жамал
Ақәділова аянбай шайқасты. Еуропа елдерінде Қарсыласу қозғалысына
қатысушы қазақстандықтар фашистерге қарсы күресте қайсарлықтары мен
ерліктерін көрсетті. Поляк партизандық жасақтарында Жамбыл облысынан
Омар Тойымбетов тағы басқалары шайқасты. Словакиядағы Турея өзені
бойында қазақстандық Петр Величконың басшылығымен партизандық құ-
рама жасақталды. Қазақстандық 23 жауынгер итальяндық қарсыласу қозға-
лысы құрамында – Қарағандыдан Тәкіш Әлпейісов, Қалданбек Дүйсенбеков,
Ақтөбеден Жаймақ Келшіков, Целиноград облысынан Николай Дрожаков
және Топай Сәдуақасов жаумен қасық қаны қалғанша шайқасты.
Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12
қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі – бір
орденмен, төртеуі – екі орденмен, екеуі – үш орденмен марапатталды. 5
дивизия гвардиялық дивизияларға айналды. Әскери ерліктері үшін жүздеген
мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497
қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ
иеленеді, олардың ішінде қазақ қыздары - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк
Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш – Талғат Бигелдинов, Леонид Беда,
Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте
ие болды. 1990 жылы 11 желтоқсанда көрнекті қолбасшы Бауыржан
Момышұлына да осы құрметті атақ берілді. 1941 Бауыржан Момышұлы аға
лейтенант шенінде батальонды басқарып, Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз
құрамасын жау қоршауынан үш рет алып шықты. Соғысты Б. Момышұлы
полковник шенінде аяқтады. Әділеттілік тек 45 жылдан соң, қазақтың ұлттық
батыры өмірден қайтқаннан кейін ғана қалпына келтірілді. « Даңқ орденінің
толық иегері » атағына 110 қазақстандық ие болды. 1941 жылы 26маусымда
әуеде от-жалынға оранып бара жатқан бомбалаушы ұшағын жау танкісі ко-
лоннасы үстіне шүйілтіп, жандарын пида еткен қазақтың баһадүр ұшқышы
Бақтыораз Бейсенбаев пен ұшақ экипажына 1996жылы 2мамырда Ресей
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
38
Федерациясының Батыры атағы берілді. Рейхстагқа тікелей шабуыл жасап,
оған Жеңіс туын тіккендердің қатарында қазақстандықтар Р.Қошқарбаев,
капитан Б.В.Чупрета, минаметшы А.Бақтыгереев, пулеметші А.Е.Вешко
байланысшы К.М.Волочаевтар болды.
1945жылы 8мамырда Патсдамда гитлерлік Германияның сөзсіз тізе бүгу
Актісіне қол қойылды. Сол жылдың 2қыркүйегіндегі американдық
«Миссури» линкорының бортында мелитаристік Жапонияның сөзсіз тізе
бүгуі жөніндегі актіге қол қойылды. Бұл оқиғаның жедел өткізілуіне:
біріншіден, Кеңес Армиясының Қиыр шығыста Жапондық Квантун
армиясын қысқа мерзімде талқандауы, екіншіден, американдықтардың жапон
қалалары Хиросима мен Нагасакиге екі атом бомбасын тастауы себепші
болды. Жапонияның тізе бүгуімен екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
Ұлы Отан соғысының сол бір отты жылдардағы оқиғалар қазақ музыка
өнерінің барлық жанрында – халықтық өлеңдер, дәстүрлі аспаптық
музыкадағы авторлық шығармалар, камералық аспаптың музыкадан жан-
жақты суреттеліп, кеңінен орын алды. Көптеген әнші апаларымыз соңыс
кезінде күш берген, қайрат берген өлеңдер шығарып майдан жауынгерлерге
демеу берген. Отан соғысына қатысып елін қорғауда от кешкен жауынгер-
лердің арасында Әли Базанов, Қасым Аманжолов, Рамазан Елебаев, Мәлік
Жаппасбаев, Смағұл Көшекбаев секілді ақын, сазгерлер болды. Олар-дың
шығармашылығындағы бірқатар әндер сол уақытта отан сүйгіштік рухта
шығып, жауынгерлер арасында айтылып жүрсе, нәзік лирикалық әндерінің
бір бөлігі елге жетіп, танымал болды. Мәскеу мемлекеттік консерваториясы-
ның студенті композитор Р.Елебаев (1910-1943) қазақ атты полкінің әскери
қызметінде жүргенде, осы полк маршына айналған «Жолдастар» әнін, май-
дандағы солдаттарды ерлікке жігерлендіретін «Талғар полкінің маршы»,
«28батыр», «23-полк маршы» атты әндер шығарды. Р.Елебаев көптеген
шығармаларын майдандастарына арнап оларға күш, жігер берді.
Қорытындылай келе өз халқым жайлы жазғым келед:менің халқым өте
қонақжай халық. Көптеген ауыр кезеңдерге мойынсынбай осындай бейбіт,
тәуелсіз елге айналып отырмыз. Қазақ болып бәріміз жұмылып осы күнге
жеттік. Мен өзімнің қазақ екеніме мақтанамын! Мен өз халқымның көнбеске
көніп, шыдамасқа шыдап, барлық жағайды ақылмен ойлап шешкеніне қайран
қаламын. Қазақтар талай жерде қырылып кете жаздады. Бірақ, өмірге деген
құштарлық, азаттыққа құштарлық халықтың еңсесін көтеріп, алға жетеледі.
Мен өз жерімді, халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен парасаттылық –
қа, сабырлыққа, мейірімділікке баулығанына мақтанамын. Бейбіт тәсілдерге
ғана жүгініп, кикілжіңді жүрекпен шешетіндігім сондықтан шығар. Қаншама
қиындық көрсе де, абзалдығы мен сабырлығын сақтай білген халықты, XXI
ғасырда тыныш, бейбіт өмір сүріп, көптеген белестерден көрінген еліммен,
бейбіт халқыммен – мен қалайша мақтанбаймын! Өз халқымның алдында бас
иемін! Қазіргі таңда жастарымыз, өткенге көз жүгіртпейді. Ата-бабамыздың
|