Конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,77 Mb.
#6695
1   2   3   4   5   6   7   8

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

10 



 

Қәзір біздің Неміс халқымен қарым-қатынасымыз жақсы. 

 

 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

11 



 

 Алмас Үкілай 

 8 сынып, М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп 

Қарасай ауд, Абай ауылы 

 Жетекшісі: Мансурова А.А. 

  

  

Менің елімнің жеңісі 



 

Міне,


 

Ұлы Отан  соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Осы 

жеңіске жету үшін қаншама аға-әпкелеріміз соғыста ерлік көрсетті, қан төкті. 

Өздерінің  ұрпақтарының  еркіндікте,  бейбітшілікте  өмір  сүруі  үшін  жанын 

салды.  Қан  майданда  жан  аямай  соғысты.  Қаншама  қиыншылықтарды 

бастарынан  өткерді.  Сондықтан,  біз  оларға  үлкен  құрметпен  қарауымыз 

керек.  Біздің  осындай  бейбітшілікте  өмір  сүріп  жатқанымыз,  еш  соғыссыз 

өтіп жатқан күніміз, бәрі-бәрі қазақтың батыр ұлдарының арқасы.  

Ұлы  Отан  соғысының  басталғанына  да  75  жыл  да  болды.  22  маусым- 

барлық посткеңестік елдердің тарихындағы ең қайғылы күннің бірі. Осыдан 

75  жыл  бұрын,  22  маусым  күні  таң  ата  бастағанда  фашистік 

Германия Кеңестік Социалистік Республикалар  Одағына  шабуыл  жасады. 

Соғысты  бірінші  болып  қарсы  алғандардың  қатарында  Кеңес  Одағының 

батыс  шебін  күзеткен  ондаған  мың  қазақстандық  шекарашылар  болды. 

Атақты  Брест  гарнизонының  өзінде  1941  жылдың  көктемінде  біздің  3 

мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден 

елге  қайтулары  керек  болған.  Бірақ  жаудың  шабуылы  олардың  осы 

жоспарларын  күл-талқан  етті.  Соғыс  өрті  ішке  қарай  тез  еніп,  Брест 

қамалының 

тірі 


қалған 

қорғаушылары 

партизандар 

қозғалысына 

қосылды. Олардың  қатарында  190  қазақстандық  болған  және  олардың 

көбісінің  сүйегі  беларусь  жерінде  қалған.  Соғыс  кенеттен  басталғанымен, 

Қазақстан,  бүкіл  Кеңес  Одағы  сияқты,  алғашқы  күннен  бастап  жұдырықтай 

жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінен соғысқа қатысуға ерікті жандар 

алынды. Кеше  ғана  мектеп  партасында  отырған  бозбалалар  мен 

бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. 

Ұлы  Отан  соғысы  4  жылға  созылды.  Майдан  даласында  600  мыңнан 

астам  қазақстандық  қаза  тапты. Соғыста  қаза  тапқандардың  саны  туралы 

мәлімет  бүкіл  әлемді  дүр  сілкіндірді.  Жекелеген  мәліметтер  бойынша, 

адамзат  тарихындағы  бұл  ең  үлкен  соғыс  20  миллионнан  астам  кеңес 

азаматтарының өмірін қиды. 

Елімізде  Ұлы  Отан  соғысында  аса  ерлік  көрсеткен  адамдардың,  және 

қатысқан  қазақ  ерлерінің  ескерткіштері  қойылды.  Бүгінде  еліміздің  түрлі 

қалаларындың  орталықтарынан  батырларымыздың  ескерткіштерін  көруге 

болады.  22  маусым  күні  ескерткіштерге  гүл  шоқтары  қойылып,  осы  күнді 

еске алады. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

12 



 

 Біздің  ата-бабаларымыздың  батырлықтары  мен  жанқиярлықтары, 

олардың  өз  Отанына  деген  шексіз  сүйіспеншіліктері  Қазақстанның  бүгінгі 

жауынгерлеріүшін  мақтан  тұтарлық  үлгі  ғана  емес,  бұл  бірнеше  ұрпақты 

байланыстыратын  қоғамның  рухани  дамуы  мен  ұлттың  қайта  өрлеуінің 

жоғары адамгершілік негізі болып табылады. Жеңіс күні –біздің абыройымыз 

бен  даңқымыздың  мерекесі.  Ата-бабалармыздың  табандылығы  мен  ерлігі, 

Отанға деген сүйіспеншілігі, қатал соғыста жеңіске жеткізді. 

 Сол  бір  жылдары  қазақ халқы  өзінің  Отанына, жеріне деген  патриоттық 

сезімін, ұлттық мақтаннышын дәлелдеді. 500-ден астам жерлестеріміз, соның 

ішінде  96  қазақ  Кеңес  Одағының  батыры  атағын  алды.  Олар:  Бауыржан 

Момышұлы,  Талғат  Бигельдинов,  Мәншүк  Мәметова,  Әлия  Молдағұлова 

және тағы басқа батырлар... 

Ер-есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де,ештеңе де ұмытылмақ емес. 

Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін Отан үшін соңғы 

демі  қалғанша  күресіп,  бізге  жеңіс  сыйлады.  Бұл  жеңістің  басты  себебі, 

әрине,  халқымыздың  сүйіспеншілігі,  отаншылдық  қасиеті.  Қанша  жылдар 

өтседе,  бұл  соғыста  ерлікпен  қаза  тапқан  батырларымыздың  тарих  төрінен 

орын алатыны анық, және мәнгі жеңіс алауын сөндірмей, көк туымызды биік 

ұстап, Отан үшін от кешкендерді жүрек түкпірімізде ұстаймыз. 

Мен  өз  елімді  ерекше  мақтан  тұтамын.  Батыр,  жаужүрек  аға-

әпкелеріміздің  болғанына  қуанамын.  Елімнің  жеңісіне  ,  бейбітшілікте 

қиналмай  өмір  сүріп  жатқанымызға  мақтанышпен  қараймын.  Олар  біз  үшін 

жанын  қиды.  Сондықтан,  бұл  соғысты  ешкім  де  ұмытпауы,  ешнәрсе  де 

ұмытылмауы керек.  

 

 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

13 



 

Алтайбек Айдана 

2-сынып, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы 

Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы 

Жетекшісі: Сансызбаева К.А 

 

Жеңіс үні 

 

Біз  үшін  Жеңіс  күнінен  асқан  қымбат  мереке  жоқ  .  Әрбір  көктем  бізді 

ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта 

оралтады  .  Неге  жарты  ғасырдан  асса  да  сол  сұрапыл  соғыс  зардаптары 

халық  санасында  сақталуда?  Иә,  соғыста  қираған  қалалар  мен  ауылдар 

әлдеқашан  қалпына  келтірілді.  Бірақ  соғыс  салған  жара  әлі  жазылған  жоқ  . 

Соғыс кезінде жақын жандарынан айырылмаған жанұя жоқ шығар, сірә ! Сол 

бір қаралы жылдары 27 млн. кеңес адамы құрбан болғаны әркімге аян . 

 

Жеңіс... 



Жеңіс таңы атты бүгін, 

Тойладық біз шаттық үнін. 

9-мамыр Жеңіс күн деп, 

Лүпіл қақты жүректерім. 

5 жыл бойы еш аянбай жанын беріп соғысты, 

Әр күн үшін адамдардың қабырғасы қайысты. 

Мүгедек боп қалды қанша қыршын біздің боздақтар, 

Жеңіс үшін тағдырлары талай жолға тоғысты. 

Соғыс жалмап, аға, іні, бауырды, 

 Зар жылатты тыныш жатқан ауылды. 

 Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда, 

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды. 



 Жалғызынан айырыпты ананы, 

 Әкесінен айырыпты баланы.  

 Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,  

Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы. 

Қан майданда шығарып сап ардағын, 

Қыз – келіншек түсірмепті салмағын. 

 Көрген жоқпыз өдеріңнің арқаңда, 

 Сай-сүйектің сырқыраған зардабын . 

Әлия, Мәншүк ерліктерін қашанда, 

Әрбір адам сақтап жүр ғой жадында. 

Елі үшін ерен еңбек жасаған, 

«Ғасыр адамы» деп Бауыржанды тануда. 

Берлиндегі рейхстагтың үстінде, 

Жеңіс туын желбіретті кезінде. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

14 



 

Қаһарман жауынгерлер қанымен, 

Тыныш өмір күн кешуде бүгінде. 

Қаратүнек фашизмді аямай, 

Батырларым жанын берді аянбай. 

Жүрейікші қаза тапқан боздақтардың , 

Еңбектерін осы күні бағалай. 

Ерліктердің шежіресі ұлағат, 

Бүгінгі күн бізге болды мұрағат. 

Ей, адамзат теріс жолды таңдамай, 

Осы күнге қылайықшы қанағат. 

71 жыл толды бүгін Жеңіске, 

Тарихымды шығара алмас теріске. 

Өжет, қайсар ата-баба рухына, 

Тағзым жаса ұрпақтары тегінде. 

Мезгілсіз өлген ардагер ұлдар айбынды, 

 Желбіре тулар, толықсып тұрса май гүлі  

 Қуану керек , қуану керек десек те ...  

 Ұмыту қиын , ұмыту қиын қайғыны. 

Тәуелсіздік таңы атты бүгінде, 

Жеңіс туы желбіреші көгімде. 

Ата-баба бір өзіңе мың алғыс, 

Есімдерің сақталады төрімде. 

Қуанышқа толып жатыр кеудеміз, 

Болашаққа зор үмітпен келеміз. 

Жаратушы Алла өзің сақтай көр, 

Жақсылықтан үзілмесін еліміз. 

 

 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

15 



 

Амангелді Елнар 

9 сынып, Қ.И.Сәтбаев атындағы ОМГ 

Ақсу ауданы 

Жетекшісі: Заманова А.Б. 



 

Тарихи Ұлы Жеңіс 

 

Менің  атам  Айтбаев  Амантай  қазіргі  таңда  зейнеткерлікте,  еңбек 

ардагері,  кезінде  жас  жеткіншек  ұрпаққа  әскери  даярлық  пәнінен  ұстаздық 

еткен ұлағатты ұстаз, парасатты педагог болған. Атам маған туған жеріміздің 

тарихына  байланысты  көптеген  тарихи  әңгімелер  айтады.  Кей  кездері 

Қазақстан  тарихына  байланысты  да  сұрақтар  қойғанымда,  терең  ойлана 

отырып,  пайымдап  жауап  береді.  Міне,  биыл  да  тарихымызда  болып  өткен 

Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл, аяқталғанына 71 жыл толыпты. 

Менің  шығарма  жазуыма  себеп  болған  атамның  әңгімесі  осылай  басталған 

еді: 


«Тыңдаңыздар,  тыңдаңыздар!  Сөйлеп  тұрған  Москва!  Диктордың  үні 

салмақты,  әрі  сұсты  шықты.  Күллі  әлем  құлақ  түріп,  қалт  тына  қалды.  Сәл 

үнсіздіктен соң диктор сөзін қайта жалғады. 

Соғыс  басталды.  Неміс  фашистері  Кеңес  Одағының  шекарасына 

опасыздықпен  басып  кірді.  Бұл  1941  жылғы  маусым  айының  22-сі  еді. 

Еуропаның  тең  жарымнан  астам  елін  қанды  табанмен  таптап,  дандайсып, 

қаруланған неміс фашистер армиясы біздің елімізге тұтқиылдан баса-көктеп, 

кіріп  кетті.  Сол  бойда  олар  таңғы  тәтті  ұйқы  құшағынан  оянып  үлгермеген 

шекаралық  елді  мекендерді  бомбалап,оқтың  астына  алды.  Фашистер 

шабуылдың  алғашқы  сәтінде-ақ  қалалар  мен  селоларды  аяусыз  қиратып, 

өртеп,  бүлдіріп,  жазықсыз  адамдарды  қатыгездікпен  азаптап,  ішке  қарай 

сұғынып кіре берді. 

Дүние  жүзінде  тұңғыш  Социалистік  ел  атанып,  бостандық  алған 

Отанымыздың  тағдыры  қыл  үстінде  тұрды.  Ер  азаматтарымыз  амалсыз 

қолдарына  қару  алып,  туған  елін  қасық  қаны  қалғанша  жаудан  қорғауға 

бекем  бел  буды.  Өйткені,  елдің  –  елдігін,  жарқын  болашақтың  тағдырын 

шешер сындарлы шақ туған еді. Қаһарланған халқымыз айбаттанып, опырып 

- жапырып келген озбыр жаудың аяусыз қылығынан сасқан жоқ. Қайта етек-

жеңін  тез  жинап,  жұдырықтай  жұмылып,  ынтымақтастықпен  бірігіп,  туған 

елдің туын көтеріп, сапқа тұрды. Әскери комиссариатқа халық ағылып, келіп 

жатты.  Алғашқы  күннің  өзінде  өз  еріктерімен  майданға  баруға  тілек 

білдірушілердің  ішінде  біздің  Ақсу  ауданының  көптеген  ұландары  болды. 

1941 жылы Алматыда Генерал майор Панфиловтың басшылығымен 316 –шы 

атқыштар  дивизиясы  құрылды.  Осы  дивизия  құрамындағы  біздің 

жерлестеріміз  Отанымыздың  тарихына  асқан  ерлікпен  батырлықтың 

қайталанбас  даңқын  жазып  қалдырды.  Дубасеков  разъезі  түбінде  неміс 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

16 



 

басқыншылары біздің қорғаныс шебімізді басып өтті. Осы разъездің түбінде 

тұрған  Клочков  бастаған  28  –  Панфиловшы  жауынгер  қаптап  келе  жатқан 

жау танкісін күтіп тұрды. Сол кезде политрук Клочков қарулас достарына : 

«Россия  ұлан  –  байтақ,  бірақ  шегінерге  жер  жоқ,  артымызда  Москва. 

Атыңдар!»  -  деп  ұран  тастады.  Мұздай  қаруланған  фашистердің  арам  ойы 

іске аспай, ажал оғын құшты. Ерлікпен, жауға деген өшпенділік кегін оқпен 

отқып атқан 22 батырымыз қаза тауып, бесеуі қатты жараланды. Клочковтың 

өзі де ерлікпен қаза тапты. Осы 28 – дің ішінде біздің жерлесіміз Нұрсұлтан 

Есеболатов та бар еді. 

 Біз  әрқашан  да  батыр  атамыздың  рухына  бата  жасап,  батырлығын  үлгі 

тұтамыз.  Отқа  оранған  1941  –  1945  жылдарда  кең  байтақ  қазақ  жерінен 

желкілдеген  жас  ұлан,  қолына  қару  ұстай  алатын  азаматтар  Отанға  төнген 

қауіпті  сейілтуге,  керек  десе  өмірін,  елі  –  жұрты  үшін  жанын  қиюға  даяр 

боздақтар  майданға  аттанды.  Солардың  ішінде  Ақсу  ауданынанда  талай 

жастар бар еді. Осы боздақтардың қатарында болған өзіме өмірі өнеге жан  - 

атамның әкесі Айтбай, бауыры Жұмағали, қазіргі таңда көзі тірі Мейірманов 

Қапыш,  Байдилдинов  Базарбай,  Рысбеков  Ермұхан  аталарымызды  мақтан 

тұтамыз» – деп атам өз сөзін аяқтады. 

Ия,  Ұлы  Отан  соғысында  Отаны  үшін  қасық  қаны  қалғанша  туған  елін, 

жерін  қорғаған  жауынгерлерді  ұмыту  мүмкін  емес.  Оларды  ұмытуға 

болмайды.  Біздің  болашағымыз  үшін  жастығын  сарп  еткен.  Сондықтан  да 

олардың өлісін де, тірісін де қастерлеп, құрметтеуіміз керек. 

Арадагерлеріміз  бен  аға  ұрпақ  өкілдерінің  еңбегін  айтып  жеткізу  өте 

қиын.  Олардың  жастық  шақтары  Ұлы  Отан  соғысының  сұрапыл  кезеңімен 

қатар  келді,  олар  бүлінген  шаруашылықтарды  қалпына  келтіруде  өздерінің 

күш  жігерін  салды.  Иықтарына  түскен  ауыртпалықтардың  бәрін  аянбай 

абыроймен жеңе білді.  

Ұлы  Отан  соғысының,  кешегі  естен  шықпастай  болған  сол  бір  кез,  күн 

демей,  түн  демей  жаумен  жағаласқан  бір  мың  елу  бір  тәулік  ешқашан 

ұмытылмақ емес. 

Халқымыздың  ашық  аспан  астында  бейбіт  еңбек  етіп,  бақытты,  алаңсыз 

өмір  құрғанына  да  71  жыл,  тәуелсіз  ел  атанғанымызға  да  25  жыл.  Осы 

бақытты өміріміз үшін өз үлесін қосып Отан үшін жастығын, өмірін құрбан 

еткен, аталарымыз бен апаларымызға, сын сағатында сүрінбей өткен біздерді 

осындай  бақытты  заманға  жеткізгендері  үшін  мыңда  бір  алғысымызды 

айтамыз. Аманатқа қиянат етпей келер ұрпаққа ерліктерін кірлетпей жеткізу 

біздің  парызымыз.  Еліміздің  әр  сүйем  жері  үшін  жанын  сала  жаумен 

майдандасқан жандарға деген сүйіспеншілігім одан арта түсті. 

 

Өмірде адам сан жылайды, сан күліп, 



Жақсылығы, асылдығы танылып. 

Ардақты жар, асыл әке, әз баба 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

17 



 

Ойымызда тұлғаң тұрар мәңгілік  

 

–  деп  шығармамды  аяқтаймын.  Тарихта  болған  Ұлы  Жеңістің  75 



жылдығы құтты болсын! 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

18 



 

Әбіл Эльмира  

 8 сынып, Қ.Шорманов орта мектебі 

 Райымбек ауданы, Текес ауылы 

 Жетекшісі: Какымбекова Л.Т. 

  

Ұлы Отан Соғысының басталуына 75 жыл 

 

 1941 жыл ақпандатқан, 

 Сыртта аяз. 

 Ауылымызды ақ қар жапқан 

 Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін, 

 Алапат- аспан, жерді аттандатқан. 

 Мұқағали Мақатаев 

 

 1941жылдың  жазы!  Дүниенің  ажары  кіріп,  әлемнің  құлпырған  кезі. 



22маусым  күні  неміс  басқыншыларының  КСРО  жеріне  басып  кіруі  жайлы 

суыт  хабар  осы  мамыражай  уақыттың  шырқын  бұзды.  Табиғатқа  да  , 

адамзатқа да бұл хабар ауыр соққы болып тиді. 

  Германия  тағылық  таңбасын  жасыра  алмайтын  зорлық-  зомбылықтың 

еліне айналды. 

 КСРО халықтары "өлсек өлерміз, бірақ жерімізді неміс басқыншыларына 

бере  алмаспыз",-деп  Отанды  қорғауға  аттанды.  Қазақстандық  ұл-қыздар 

соғыстың  алғашқы  күндерінен-ақ  қолдарына  қару  алып,  Отан  алдындағы 

парыздарын  өтеуге  өтініш  білдіріп,  өз  еркімен  майдан  даласына  аттанды. 

Қазақстанда  құрылған  әскери  бөлімдер  Ұлы  Отан  Соғысының  алғашқы 

күндерінен 

бастап-ақ 

Кеңес 

әскерлерінің 



құрамында 

мыңдаған 

қазақстандықтар  Мәскеу,  Ленинград,  Сталинград,  Брест  қамалдарын 

қорғауға  қатысты.  Ұлы  Отан  соғысындағы  біздің  қазақ  халқының, 

қазақстандықтардың  ерлігі  ғаламат.  Жас  берендеріміз ата-  бабаларымыздың 

ерлік  дәстүрлерін  жалғастырды.  Ұлы  Отан  Соғысында  қазақ  халқының 

жауынгерлік,  Отаншылдық  рухы  әлемге  танылды.  Қазақ  халқының 

жауынгерлік рухын көтеруде Алатаудың ақиық ақыны Жамбыл Жабаев : 

 

 Шегінгенің - өлгенің, 



 Ерлер, енді соны ойла. 

 Елді жауға бергеннен, 

 Өлген артық одан да,- деп саңқылдай жар салды. 

 

Ұлы Отан Соғысының алғашқы күндерінен бастап кеңес жауынгерлерінің 



қатарындағы  қазақстандықтар  шайқасқан  барлық  майдан  далаларында 

фашистік басқыншыларға қарсы кесілескен ұрыс жүргізілді. Мәскеу түбінде 

генерал-  майор  И.В.Панфилов  қолбасшылық  еткен  даңқты  316-  атқыштар 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

19 



 

дивизиясының  өшпес  ерлігі  әлемге  таралды.  Өшпес  ерліктің  мәңгі  алауы 

Алматы  қаласының  орталығында  "28  Панфиловшылар"  атындағы  паркте 

алаулап  тұр.  Бұл  алау  Қазақстандықтардың  Ұлы  Отан  соғысындағы  Отанға 

деген  сүйіспеншілігінің  алауы.  Сталинград  қаласы  үшін  ұрыстарда 

полковник  Ғани  Сафиуллин  басқарған  73  гвардиялық  дивизиялар  ерекше 

ерлік үлгілерін көрсетсе, 

 

 Жанды- жансыз бар табиғат түнерген, 



 Әр кеудеде бір шер барын білем мен. 

 Қан майданда ерлік етсе біреулер, 

 Қарсы жауға біз де шықтық түренмен, 

 

-  деп  Мұқағали  Мақатаев  Ұлы  Отан  Соғысына  тыл  еңбеккерлерінің 



қосқан  үлесін  көрсетті.  Тыл  еңбеккерлерінің  соғысқа  қосқан  үлесі  ұшан- 

теңіз.  Тыл  еңбеккерлерінің  Отанға  сүйіспеншілігін  еңбегімен  көрсетті.  Ұлы 

Отан  соғысы  басталған  кезде  9-10  жастағы  балалардың  өзі  үлкендермен 

қатар  жеңіске өз үлестерін  қосты.  Сол қыслтаң  кезде жас баланың  қолынан 

не  келеді  ?-  деп  ойлайсың.  Ал  сол  уақыттағы  жас  жеткіншектер  астық 

бастыруға,  масақ  теруге,  малдардың  көші-  қоңына  көмектесіп,  жеңісті 

жақындата  түсті.  Менің  атам  Қоқымбеков  Мүшірбек:  Соғыс  жылдары 

небары 10 жастағы бозбала болдым, бірақ- та үлкендерден қалыспай жылқы 

бақтым. Қыста жылқыларды ит-құс жеп кетпесін деп, артынан қалмай бағып 

отырдық.  Атам  үнемі  балалардың  бір  ғана  тілегі  бар  болды:  Отанымыз 

соғыста  жеңіске  жетсе!  КСРО  халықтарының  армандары  осы  болды.  Жеңіс 

жалауы желбірегендегі ауылдағы халықтың қуаныш көз жасын мен ешқашан 

ұмытпаймын!  Біздің  балалық  шағымыз  осылай  өтті,-  деп  күрсінуші  еді. 

Еңбегі еленіп, бірнеше орден, медалдармен марапатталған.  

Изенбаева  Қанбала  соғыс  басталған  кезде  небары  10-11  жастағы  қыз 

болған.  Қанбала  апа  соғыс  кезінде  жазда  шалғы  шауып,  шалғышыларға 

сусын  тасып,  мая  салды,  ал  күзде  қырманға  ат  арбамен  астық  тасып,  жел 

соққанда  қырманға  барып,  бидай  ұшырды.  Қыс  мезгілінде  малды  жайып, 

түнде шұлық тоқып соғысқа өз үлесін қосты. Бұл еңбегі еленбей қалған жоқ. 

Бірнеше еңбегі үшін арнайы төсбелгілермен марапатталған. "60 лет Победы в 

Великой Отечественной Войне 1941-1945г.г"т.б 

  Әшімбаев  Бөденбай  :  Кездесудегі  сөзінен  үзінді:  Соғыс  басталғанда  біз 

де сендердей бала едік. Бірақ біздің балалық шағымызды соғыстың жеңіспен 

аяқталуына  бағыттадық.  Сол  сұрапыл  жылдары  соқаны  өгізге  жегіп,  жерге 

дән септік, егіннің бітік шығуы үшін күні- түні егістік басына түнеп, арықтар 

қазып, егінді суардық. Егініміз бітік шығып, қырманға астық тасып, астықты 

ұяға салғанша мен ғана емес бар бала тыным таппадық. Ал қыста қой бағып, 

үлкендермен  қатар  жұмыс  істедік.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы 

еңбегіміз еленіп, бірнеше орден, медалдармен марапатталдық. 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

20 



 

 Сол  уақыттағы  бар  бала  соғысқа  осылай  өз  үлестерін  қосты. 

Ауылымызда тыл ардагерлерімен үнемі кездесулер ұйымдастырылады. Ата-

апаларымыздың  арасы  сиреп  барады.  Ауылымызда  тыл  ардагерлеріне 

арналған " Ана мен бала" ескерткіші бой көтерген. Әрдайым оқушылар "Ана 

мен  бала"  және  "Ұлы  Отан  соғысына  қатысушыларға"  арналған  тақта 

ескерткіштер ауласын тазартып, көгалдандырып, гүл шоқтарын қойып, үнемі 

еске алып отырады. 

Жүздеген мың оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдары масақ терді, металл 

сынықтарын  жинады.  Олар  өздері  тапқан  қаржыларын  "Қазақстан  пионері" 

қорына  аударып,  "Қазақстан  пионері"  танк  колоннасы  жауды  талқандауға 

қатысты. 

 

 Аңыздардан тере жүріп масақты, 



 Рас, рас көзімізден жас ақты 

 Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар 

 Бәрімізден бір- бір батыр жасапты. 

 Батыр жұртым, сол жылдарды өткердің, 

 Сонда да сен жақсы көрдің, жек көрдің 

 Қара ешкідей қатып қалған әжеңді, 

 Кейінгі ұрпақ, батыр емес деп көргін! 

 

Соғыс  Қазақстан  халқына  да  үлкен  сын  болды.  Соғыстың  сұрапыл 



сындары  да,  жанға  батар  шығындар  мен  жеңіс  қуанышы  да,  кескілескен 

шайқастардағы  ерлік  те,  еңбекпен  өткен  күнделікті  өмірдің  қарапайым 

ұлылығы да өз көрінісін тапты. 

 

Ер есімі- ел есінде мәңгі сақталады! 



Әлемді отпен ораған, Ана мен бала жылаған. 

Ауаны оқпен бораған Болмасын, соғыс, болмасын, 

Айырып әкені баладан, Әлемде тыныштық орнасын! 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет