Конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,77 Mb.
#6695
1   2   3   4   5   6   7   8

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

39 



 

бізді  осындай  бейбіт  өмірге  қалай  алып  келгенін,  қандай  қиындықпен  жет-

кенімізді біле-білмейді. Көптеген кітаптар оқып, өткенге біраз көз жүгіртсек, 

халқымыздың қайтпас қайсар екеніне тағыда көз жеткіземіз. Осындай бейбіт 

халықты бір  тудың астына  жинаған  Н.А.Назарбаев атамыздың  арқасы! Мен 

өз еліммен мақтанамын! Менде өз еліме қызмет жасап еңбек сіңіргім келеді. 

«Болашақ  –  жастардың  қолында»  демекші,  туған  жерімізді  қастерлей 

білейік!!!  

 

 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

40 



 

Естай Айсулу 

2 сынып, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп- гимназия 

Ақсу ауданы, 

Жетекшісі: Данабатырова Н.И  



 

Бізге келген жеңіс 

 

Ұлы  Отан  соғысының Жеңісіне  9-шы мамырда  71  жыл  толады. Жылдар 



өткен  сайын  бізге  Ұлы  Жеңіс  сыйлаған  ардагерлеріміздің  саны  азайып 

барады.  Сондықтан,  біздің  басты  борышымыз,  сол  майдангерлерімізді 

сыйлау,  құрметтеу,  оларға  қамқорлық  көрсету.  Соғыс  1941  жылы  басталып 

1945  жылы  аяқталды.  Қазақ  елінің  азаматтары  да  соғысқа  бірінші  күннен 

бастап  қатысты.  Отанымызды  қорғау  үшін  жастар  да,  кәрілер  де  қатысты. 

Сол соғыста қаншама адам қазақ тауып, қаншамасы мүгедек болып қайтты, 

қаншама ана жесір қалып, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерлік 

көрсеткен,  ерекше  сый-құрметке  ие  болған  майдангерлердің  ішінде  біздің 

қазақ  аталарымыз  бен  апаларымыз  бар.  Біз  батырларымызды  ешқашан 

ұмытпаймыз.  Біздің  елімізде  көптеген  көшелерге,  ғимараттарға,  оқу 

орындарына осы соғыста ерлік көрсеткен қазақ батырларының есімі берілген. 

Биылғы  жеңістің  71  жылдығына  орай  әр-түрлі  қалаларда  мерекелік  іс-

шаралар  өткізіледі.  Ардагерлерге  құрмет  көрсетіледі.  Осы  кісілердің 

арқасында біз бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз. Көп – көп рақмет сіздерге, 

құрметті ардагерлер!  

 

 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

41 



 

Жүнісова Зарина 

10 сынып, М.Арын атындағы № 24 арнаулы лицей 

Талдықорған қаласы 

Жетекшісі:Нұркожаева Б. 



 

Ер есімі ел есінде 

 

Ел үшін аянба-ерлігіңе сын, 

Жұрт үшін аянба-жігіттігіңе сын. 

Б.Момышұлы 

 

Әрбір  ұлттың  өз  өткені,тарихы  болады.  Сондай  қайғысы  мен  қуанышы 



қатар  жүретін  қазақ  тарихындағы  естен  кетпес  күндердің  бірі-22 

маусым.КСРО-ға 

Фашистік 

Германия 

шабуылы,жан-жақтан 

соғыс 


басталғанын 

хабарлайтын 

дауыстар,үреніш,ананың 

жүрегіндегі 

қорқыныш,уайым.Міне,дәл осылай бұл күн есте қалды.Қайғы-қасіретке толы 

жаңа заман басталды. Отан алдындағы парызын орындау үшін ерлер әскери 

комиссариаттарға барып,енді шегінерге жол жоқ деген оймен жасы да, кәрісі 

де соғысқа аттанды.Жүректегі үрейге қарсы тұрып,суық қаруды қолға алып, 

соғыс шебінде ерлікпен шайқасты. . Бес жыл ішінде қанша мың қазақ баласы 

отанына  оралмады,бірақ  қасық  қаны  қалғанша  шайқасып,  біздерге  жеңіс 

әкелді.Көптеген неміс шабуылдарына бірлесіп төтеп беріп,майданда өз ерік-

жігерін  көрсетіп,  Кеңес  Одағының  Батырлары  атанды.  Сондай  ер-

азаматтарымыздың 

бірі-Бауыржан 

Момышұлы.Ол 

ержүрек 


қазақ 

қаһарманы,Кеңес  Одағының  Батыры 

316  атқыштар  дивизиясының 

құрамында  майданға  аттанды.Сол  бес  жыл  ішінде  27  рет  қолына  қару 

асынып,  ұрысқа  шықты.Басқа  да  жауынгерлермен  бірге  Мәскеуді 

қорғады.Соғыстан ерлікпен оралып, кейінгі жылдары жазушы ретінде соғыс 

атты  өмір  мектебіне  байланысты  “Генерал  Панфилов”,  “Майдандағы 

кездесулер”  шығармаларын  жазды.Сол  кітаптардан  алынған  мынадай 

қанатты сөзі бар: “

 Соғыс-халықтың күш-қуаты, ерік- жігерін сынайтын ұлы 

емтихан”.  Әрине,  ол  ел  тарихындағы  үлкен  сынақ,бірақ  біздің  ерлер  бір  ту 

астына бірігіп,оған төтеп берді. 

Соғыс  жылдары  майдан  шебінде  тек  ерлер  ғана  емес,  әйелдер  де 

шайқасты.  Олар  да  ерлерден  кем  түспейтін  армияға  үлкен  көмек  болды.  Ел 

намысын  қорғап,кейбір  жігіттер  жасай  алмайтын  қадамдарға  барды.Оған 

дәлел  қазақ  қыздары  Мәншүк  пен  Әлия  ерліктері.  Мәншүк  Мәметова 

жастайынан жетім қалып, менің жақыным жоқ деп,соғысқа пулеметші болып 

аттанады.

  Невель  қаласы  үшін  болған  ұрыста  Мәншүк  ақтық  демі  біткенше 

пулеметтен  оқ  боратып,  қаһармандықпен  қаза  табады.Әлия  да  соғыста 

мерген  болып,ақтық  демі  қалғанша  шайқасып,ерлікпен  қаза  табады.  Ерлік 

білекте емес,жүректе демекші мен осындай қазақ қыздарымен мақтанамын. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

42 



 

Қазақ  жазушылары  да  соғыс  белсенділері.  Халық  үмітін  үзген  сәтте 

олардың жүрегіне сенім ұялатып,берілмеуге шақырды,жеңістің алда екеніне 

сендірді.  Мысалы,  жыр  алыбы  Жамбыл  атамыз  немістерге  қара  қаламмен 

қарсы тұрды. Оның“Ленинградтық өренім”өлеңі кеңес жауынгерлеріне жігер 

берді,тек алға жетеледі. 

“Ел  үмітін  ер  ақтар,ер  атағын  ел  сақтар”  деп  ,қорытындылай  келе,қазақ 

жауынгерлері ел,бүкіл жұрт үмітін ақтады.Ел намысын таптатпады,жерімізді 

жау  қолынан  азат  етті.Сол  ерлікті  жадымызда  мәңгілікке  сақтап,біздер 

әрдайым мақтан тұтатын боламыз.

 

 

 



 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

43 



 

Исаева Құралай 

7сынып,Үшқоңыр қазақ орта мектебі 

Қарасай ауд.Үшқоңыр ауылы 

Жетекшісі:Бихожаева Г.Н. 



 

Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат! 

 

Сендердікі-өмір, қоғам,заманда, 



Сән түзеген қалаң менен далаңда. 

Бейбітшілік мұра болмақ әманда, 

Болашақ деп аталатын адамға. 

 

Осыдан  71  жыл  бұрын,  адамзат  тарихындағы  ең  сұрапыл  да  жойқын 



соғыс аяқталды. Елім деп еңіреп жерім деп жанын аямай шайқасқан кешегі 

аға-апкелеріміздің  арқасында  біз  бүгін  адам  айтса  нанғысыз  бейбіт  ғұмыр 

кешудеміз. 

Ұлы  жеңіс-  сан  мыңдаған  ұрпақ  үшін  ортақ  мереке,  ол  біздің  ата-

бабаларымыздың қаны мен терін төгіп, білектің күшімен найзаның ұшымен 

келген  дүние.  Қаншама  ата-  бабаларымыз  ерлік  көрсетіп,  жерлерін,  елдерін 

ешкімге  бермей  фашистермен  айқасқан  бабаларымыз  үшін  қарыздармыз. 

Осыдан  75  жыл  бұрын,  сұрапыл  соғысқа  аға-апкелеріміз  аттанған  болатын. 

Егерде  бізде  мұндай  жаужүрек,  қайсар,  батыр  бабаларымыз  болмаса  біз 

бейбіт, жарқын өмір сүруші ме едік кім біледі.....  

Германдықтардың  қол  астында  жұмыс  істеп,  егемендігімізді  алмай 

армандайтын ба едік.... 

 Әлде  жер  бетінен  жойылып  мұндай  ел  барын  ешкімде  білмей  қаларма 

еді... 


Тәуба қаны қазақ жаны қазақ батыр бабаларымыздың баға жетпес ерлігі, 

асыл  аналарымыздың  күндіз  түні  төккен  тері  бүгінгі  күні  өз  жемісін  беріп 

Тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің  ұланғайыр  жерінде  бейбіт  өмір  сүріп 

келеміз!  Болашаққа  нық  сеніммен  қарайтын,  тарихының  тамырынан  сыр 

шертетін бабалар армандаған білімді жастар бой түзеуде. 

 Соғысқа  қатысқан  қаншама  боздақтар  Әлия  Молдағұлова,  Мәншүк 

Маметова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов,Төлеген Тоқтарав,Сайн 

Аманжолов  сияқты  батырларым  өздерінің  өшпейтін  ерліктерін  бізге  өнеге 

ретінде қалдырды .Ол кісілер біздің жүрегімізде...Шын мәнінде біздің абзал 

жанды  ардагер  қарияларымыз  үлкен  ерлік  жасады.Ел  үшін,  болашақ  үшін 

жалын атқан жастығын, жанын берді. 

Екінші  дүниежүзілік  соғыс  1939жылы  Германияның  Польшаға 

шабуылымен  басталған  болатын.1941жылы  22маусымда  таңғы  сағат 

4шамасында  Герман  әскері  КСРО-ның  батыс  шекараларына  шабуыл  жасай 

бастады.  Сол  уақытта  бүкіл  халыққа  қаралы  хабар  келіп  жетті.  Гитлердің 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

44 



 

соғысқа  арналған  жоспары  «Барбаросса»  деп  аталды.Ол  жоспар  бойынша 

Гитлер  КСРО-ны  3-4  айда  жаулап  аламын  деп  ойлаған  болатын.  Соғыс 

жылдарында  Кеңес  Армиясының  қатарына  шамамен  1  млн-нан  аса 

Қазақстандықтар шақырылған болатын. 

Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600мыңнан астам 

қазақстандық  қаза  тапты.  Соғыста  қаза  тапқандардың  саны  туралы  мәлімет 

бүкіл  әлемді  дүр  сілкіндірді.  Жекелеген  мәліметтер  бойынша,  адамзат 

тарихындағы  бұл  ең  жаман  соғыс  20  млн-нан  астам  кеңес  азаматтарының 

өмірін  қиды,40мыңдай  аурухана  немесе  басқа  де  емдеу  мекемелері,  74  мың 

мектеп,  техникум,  жоғары  оқу  орны,  ғылыми-зерттеу  институттары,42мың 

кітапхана  және  басқа  да  нысандар  жойып  жіберілген  ,  тоналған  деп  сыр 

шертеді тарих. 

Ұлы  Отан  соғысы...  Бұл  сол  кездегі  кеңес  халқының  ержүректілігі  мен 

төзімділіктерін  паш  етеді.  Соғыстың  алғы  шептерінде  қайсарылықпен 

шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін  көрсеткен  ардагерлер  азда  болса 

армызда  жүр.  Сол  кісілерді  көзі  тірісінде  ұлықтап  төрден  орын  беріп 

құрметтейік,қадірлейік!!! 

 Соғыстан  аман  оралған  ақсақалдарымыздың  қарасы  жыл  санап  азайып 

барады  емес  пе?!  Солардың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен, 

күшімен,  ісімен,ерлігімен,атаның  туын  жықпай,ананың  намысы  үшін  туған 

жердің топырағын жауға таптатпай,жылап жүріп жауды жеңіп,тауын шағып, 

туын  жағап,жеңістің  таңбасын  басқан  күн-Жеңіс  күні.  Бұл  күннің  толғағы 

ашшы  болса  да,  туғаны  бар  халқы  үшін  қуаныш  болған  күн.Сондықтан  да 

бұл  Ұлы  мереке.  Оққа  ұшқан  қарулас  жолдастарының  аманатын 

арқалап,аман  оралған  ардагер  аталарымыздың  өздері  қорғап,қорған  қамқор 

болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін,біз ұмытсақ 

та тарих ұмытпайды.Ол-өмір заңы. 

Біз  Ұлы  Отан  соғысындағы  Ұлы  Жеңіске  ештеңеге  теңеспейтін  ғажап 

күшпен  жеттік.  Ол  күш  –  әрине,  бірлік.  Қаншама  халық  бір  тудың  астына 

бірігіп  күштерін  бір  арнаға  салды.  Ұлы  Жеңіс  он  бес  одақтас  болған 

мемлекеттердің ортақ мерейтойы болып жыл сайын тойлануда. 

Сол  кездегі  Кеңес  Одағының  басқа  халқымен  бірге  жауды  талқандап  , 

жеңіске  жету  ісіне  Қазақ  халқы  да  өзінің  лайықты  үлесін  қосты. 

Қазақстандық  жауынгерлер  Брест  қамалынан  бастап  Берлинге  дейін  барды. 

Олар  Сталинград  түбіндегі  шайқаста,  Днепр  өткелінде,  Москва  мен 

Ленинград  үшін  болған  ұрыстарда  ерен  ерліктер  көрсетті.Қазақ  елі  басына 

күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының 

қатпарлы  парақтарына  үңіліп  қарасақ,қазақтардың  қанды  қырғынға 

қаймықпай  соғысқанына  ашық  көзіміз  жетеді.  Оған  мысал  айқас 

алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры 

атағын алғанын айтсақ та жетеді. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

45 



 

Торқалы  тойдың  қуанышы  өзі  сүйген  халқы  үщін  ерекше  болмақ. 

Найзағадай  жарқылдаған  отты  ойы  бар  қаһарлы  сөйлесе  де  қайырымы  мол, 

өз  мүддесін,  ұрпақ  мүддесін  ойлаған,  қара  қылды  қақ  жаратын  әділдіктен 

жаралған  ойы  тұңғиық,  қимылы  қылыш  Бауыржан  Момышұлы  есімі,ерлігі 

жадымызда  мәңгі  қалып,  өнегесі  болашаққа  күш,  қайрат,  рух  береді.  «Ер 

есімі- ел есінде»,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған 

бабалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. 

Бұл  қазақ  даласы  не  көрмеді  кешегі  ашаршылық  жойқын  соғыс 

зұлматтардың бәрін арқаға тастап бүгін тәуелсіз елміздің ұланғайыр жерінде 

еркін  өмір  сүрудеміз.Ата-бабам  армандаған  ұлы  жеңіс  болашақ  жастарға 

мына біздерге ұлы аманат! 

 

«Арыстандай айбатты 



Жолбарыстай қайратты 

Қырандай күшті қанатты, 

Мен жастарға сенемін!» 

 

Көздерінде от ойнар, 



Сөздерінде жалын бар

Жаннан қымбат оларға ар 

Мен жастарғат сенемін! 

 

М.  Жұмабаев  атамыздың  осы  бір  өлеңі  өрелі  жастарға,  өнегелі  ұрпаққа 



ұлы жеңісті аманаттап тұрған тәрізді. 

Ұлы  жеңіске-ұлы  аманатты  арқалаған  ел  басымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев сындарлы саясатымен елімізді, жерімізді « қанаттыға қақтырмай, 

тұмсықтыға шоқтырмай» дамытып, көркейтуде. 

9  мамыр-бұл  мереке  ғана  емес,бұл  ауыр  еңбек,бұл  халықтың 

батырлығы.Біздің парызымыз,  азаматтық  міндетіміз  Отанымыздың,еліміздің 

жеріміздің нағыз патриоты болу,келер буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу. 

Осы  шығармамды  қорыта  келе  өзіммен  қатар  құрбы-құрдастарыма 

Егеменді  еліміздің  еңсесін  биік  ұстап,бабалар  өсиетін  орындайық  дегім 

келеді.Ол үшін Б. Момышұлының «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас 

жауы»  деген  нақыл  сөзін  естен  шығармағанымыз  жөн.Сонымен  қатар 

Саққұлақ  би:  «Адамның  басшысы  –ақыл,  жетекшісі-талап,  шолушысы-ой, 

жолдасы-кәсіп,  қорғаны-сабыр,  қорғаушысы-мінез,  сынаушысы-халық»,-деп 

бірнеше сөзбен-ақ тәрбиенің жүйесін белгілеп берген.Қазіргі қоғамда болып 

жатқан  келеңсіз  жағдайлардың  алдын  алу  үші  тәрбиеге  аса  көңіл  бөлу 

керектігін мойындаймыз.Кешегі сұрапыл соғыстарда болашақ үшін яғни біз 

үшін  жанын  құрбан  етіп  бейбіт  өмір  сыйлаған  батыр  бабаларымыз  қаны 

текке  кетпесе  екен!Қыздарымыз  болашақ  ана,ұрпақтың  ұйытқысы,  ер 

жігіттеріміз еліміздің,жеріміздің қорғаны екенін ұмытпаса екен. 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

46 



 

 

Сен қазақсың! Қазақ едің туғанда 



Онда дүние тағлымынан үлгі алда 

Ата-жұрттан ана тілден айырлма 

Төбеңде күн,төменде жер тұрғанда! 

 

 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

47 



 

Қайдарова Жансая 

Алматы облысы, Талдықорған қаласы  

№ 24 лицейдің 10 сынып  

Жетекшісі: Нұрғожаева  Б. Д. 



                      

                             Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес    

                                                  

Ұлы Отан соғысы талай адамның қаны төгілген майдан алаңы. Соғыс  - 

жер үшін, кейінгі ұрпақ келешегі үшін, елдің намысы үшін жауапты майдан. 

Бірі  атасынан,  бірі  әкесінен,  бауыр  –  қарындастарынан  айырылса,  бірі 

ұлынан  айырылған  сұрапыл  жылдар.  Бірақ  азапқа  толы  сол  жылдардың  өз 

нәтижесі,  тарихы,  маңызы  бар.Жеңіске  жеткен  сол  күнді  одақтас  он  бес  ел, 

соның ішінде қазақ елі де 71 жыл бойы тойлап келеді. Ол ешнәрсе де, ешкім 

де тарих беттерінен өшпейтінінің, халықтың жүрегінен де, жадынан да мәңгі 

орын алатынының белгісі.                                                                                                                                                                                               

Бұл  соғысқа  қазақ  елінің  тікелей  қатысы  жоқ  деушілер  де  бар  шығар. 

Бірақ  бұл  оймен  мен  мүлдем  келіспеймін.  Кеңес  Одағының  құрамында 

болған Қазақстан үшін де бұл соғыстың маңызы зор. Қызыл армиядағы қазақ 

жауынгерлері  алдыңғы  шепті  басқарып,  Брест  қамалынан  Берлинге  дейін 

барды.  Қазақ  жауынгерлерінің  ержүрек,  өжет  мінезі  мен  жауынгерлік 

шеберлігіне барлық өзге ұлт өкілдері тәнті болған. Оған дәлел бес жүз қазақ 

жауынгері  Кеңкс  Одағының  батыры  атағын  алған.  Осындай  мақтануға 

тұрарлық  деректерді  тарих,  әдебиет  беттерінен  кездестіргенде  бір  ерекше 

сезім пайда болады.  

Ал  Жеңіс  күнінде  қуаныш,  мақтанышқа  толы  айрықша  көңіл  –  күй 

жүрегіңді  баурайды.  Дегенмен,  қарттар  мен  ересек  жандардың  көңілдері 

босап,  көздеріне  жас  толады.  Қуанышты  күні  жас  алуларының  себебі:  бір 

мезет  көз  алдарына  сол  соғыс  уақытын  елестетіп,  оққа  ұшқан  талай  қазақ 

бауырларын естеріне алады. Бұл соғыстың қуанышы мен азабы ел жадында 

қатар 


жүреді.                                                                                                                                                                                                           

Соғыс кезінде көзге түскен, ешқашан халқы ұмытпаған ержүрек батырымыз - 

Бауыржан  Момышұлы  былай  деп  жазыпты:  «Нағыз  жауынгер  тәрбиелеуде 

дәстүрдің алатын орны зор». Барлық елге танылған батырымыз өзінің ерлігін 

халқының  дәстүрінің  арқасында  деп  жазса.  Демек,  біздің,  кейінгі 

ұрпақтардың  басты міндеті – халқымыздың тарихы, ержүрек батырларымен 

қатар дәстүрін де құрметтеу. Салт-дәстүріміз -  ұлт болуымыз үшін, дініміз – 

адам  болуымыз  үшін,  тіліміз  –  қазақ  болуымыз  үшін  қажет  екендігін 

ұмытпауымыз керек. 

 

 



 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

48 



 

Қазан Нарбол 

2 сынып, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп- гимназия 

Ақсу ауданы 

Жетекшісі: Данабатырова Н.И 

 

Ерліктері ешқашан өлмейтін аталарымыз 

 

Мен  Қазан  Нарбол,  2014  жылы  Қытай  жерінен  өзімнің  Отаныма,  ата-



бабамыздың  кіндік  тамған  жеріне  көшіп  келдім.  Ол  кезде  мен  небәрі  төрт 

жастан  бес  жасқа  қараған  шағым  еді.  Жасым  бестен  асқан  кезде  мен  аудан 

орталығындағы  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  орта-мектеп  гимназиясының 

мектепалды  даярлық  сыныбына  қабылданып,  қазір  осы  мектептің  2  «Б» 

сыныбында  оқып  жүрмін.  Сол  кезден  бастап  ұстазым  Нурхия 

Иембергенқызының әр айтқан сөздерін құлағыма құйып,бойыма сіңіріп өсіп 

келемін.  Қазақ  елі,  жері  туралы,  тарихы  мен  ұлы  тұлғалары  жайында  көп 

мағлұмат алдым. 

Елімізден  шыққан  қаһармандарымыз  жайлы  жүректен  шыққан 

сөздерімді,өз ойымды ақ қағаз бетіне былайша түсірдім. 

Биыл  Ұлы  Жеңіске  71  жыл  толып  отыр.  Кеңес  Одағының  батырлары  – 

Мәншүк  Мәметова,  Әлия  Молдағұлова,  Бауыржан  Момышұлы,  Қасым 

Қайсенов  және  жерлестеріміз  Есмұрат  Сиқымов  пен  Нұрсұлтан  Есеболатов 

сияқты көптеген аталар Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бұл кісілер өз өмірін 

қия  отырып,  біздің  Отанымызға  азаттық  алуына  көмектесті.  Сөйтіп,  қазақ 

елінің мақтанышына айналды. Біз батыр аталарымыздың ерліктерін ешқашан 

ұмытпаймыз.  Олардың  рухы  өлмейді.  Қазақстанның  біз  сияқты  жас 

жеткіншектері  Отанымыздың  тұтастығын,  елбасы  айтқан  «мәңгілік  ел» 

идеясына берік болып, Отанымызды қорғаймыз. Кеңес Одағының батырлары 

сияқты  қайтпас  жүрек,  жоғары  рухты,  батыр ұл  мен  қыз болып  ер  жетуіміз 

керек. 

 

 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

49 



 

Капсалямов Ерасыл 

4 сынып, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп- гимназия 

Ақсу ауданы 

Жетекшісі: Кусаинова Г.А 

 

Жеңіс... арман болған, Жеңіс! 

 

Осыдан  75  жыл  бұрын,  таң  ата  бере  фашистік  Германия  Кеңестік 



Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.  

Соғыс  кенеттен  басталғанымен,  Қазақстан,  бүкіл  Кеңес  Одағы  сияқты 

алғашқы  күннен  бастап,  жұдырықтай  жұмылды.  Республиканың  түкпір-

түкпірінде әскери комиссариаттар ағылды. Кеше мектеп партасында отырған 

бозбалалар  мен  бойжеткендер  соғысқа  сұранды,  аталар  мен  әжелер  зар 

қақсады.  Барлық  жастар  майданға,  Отанын  қорғауға  ағылып,  асықты. 

Ешкімнің  сағы  сынбады,  жігері  жасымады.  Олардың  Отаншылдық, 

патриоттық  сезімі  қолына  қару  алып,  сапта  тұрған  көптеген  солдаттардың, 

ұлт  өкілдерінің  тізе  қосқан  бірлігі  мен ерлігі, рухы  мен  қайсарлығы  жеңісті 

бір  табан  жақындата  түсті.  Сұрқия  соғыс  біздің  Қазақстанда  аттап  өтпегені 

баршамызға  мәлім.  Сан  миллиондаған  адамдар  минуттап,  сағаттап  жеңісті 

сарыла  күтті.  Әйтеуір  жеңіс  келді.  Үміттері  мен  сенімдері,  армандары 

орындалды. Осы жеңіс жолында Отан үшін от кешіп, миллиондаған адамдар, 

асыл  азаматтар,  батыр  аналар  мерт  болды.  Жауларымен  жан  аямай  күресіп, 

ерліктің ерен үлгілерін көрсете білді.  

Әйгілі  қолбасшы,  соғыс  батыры,  жазушы  Б.Момышұлы  «Соғыс  қазақ 

халқының  тарихын  күрт  өзгерткен,  бұрылыс  әкелген.  Миллиондаған 

отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды», - деп өз 

ойын айтқан.  

Ұлы  Отан  соғысы  халық  өмірі  мен  тағдырымен  тығыз  байланысты.  Бұл 

оқиғаны біз ешқашан жадымыздан өшіре де, сыза да алмаймыз.  

Соғыс!  Тау  мен  тасты  қопаратын  алапат  күш!  Барды  жоқ  ететін,  тауды 

жер ететін, тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. 

Майдан алабындағы бозбалалар мен бойжеткендер қолдарына қару алып, 

елін қорғауда, он бес-он алтыға толған жасөспірімдер тыл майданында еңбек 

етуде, майданда оққа ұшқан солдаттар мен офицерлер, жарынан айырылған 

әйел, зар еңіреп майданға асығып, көмек көрсеткен, белін жазбай еңбек еткен 

ана, үйіне қара хат келген, қайғыдан қан жылаған отбасы, баласының өліміне 

сенбеген, келер деп үміт артып, үмітін үзбей, алысқа сағына сарғая қараған 

ана,  соғыстан  оралса  да  қолынан,  не  аяғынан  айырылған  жігіттер, 

жастайынан әкесінен, яки шешесінен айырылған балалар, қақаған қыста отын 

таппай,  бүрсеңдеп  пешке  тығылған,  көздері  жәутеңдеген  бір  топ  балалар,  - 

міне осы нағыз соғыс келбеті. Осындай жағдайды ойласам, көңіл күйім түсіп, 

көзімнен  еріксіз  ыстық  жас  тамады.  Мұндай  соғысты  кім  қалайды?  Мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет