Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



бет76/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85
Күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділік
Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы, органикалық өнімдердің экспорты мәселелерін шешеді, бұл әлеуметтік-экономикалық тиімділік көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді:
- республиканың ауыл шаруашылығы өндірісін қарқындату; Қазақстанның түрлі агроэкологиялық аймақтары жерлерінің құнарлылығын арттыру, Органикалық өнім өндірумен байланысты ресурстарды ұтымды пайдалану, табиғи ресурстарды сақтау және молықтыру;
- сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі өндірісімен салыстырғанда өндірістік қаражатты үнемдеуді, органикалық өнім өндіру жөніндегі тиісті стандарттар мен нормативтерге жауап беретін экологиялық таза өнім алуды қамтамасыз етеді.
Органикалық өнім өндіру мәселелерін зерделеу ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экологиялық таза өнім мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Нысаналы бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік салдары-ауылдық жерлерде халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру.
Экологиялық таза тамақ өнімдері нарығын құру ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу көлемін кеңейтуге және халықтың экологиялық таза өнімдерге қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Нормативтік базаны жетілдіру нарыққа қатысушылардың экологиялық егіншілік және экологиялық тамақ өнімдерін өндіру саласындағы өндіру мен өткізу жөніндегі қатынастарын регламенттеуге мүмкіндік береді.



2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде «өндірістің ұйымдық-экономикалық жағдайларын негіздеу және органикалық өнімнің экспортқа бағдарланған нарығын қалыптастыру» ғылыми-зерттеу жұмысына арналған № 4 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама үшін мамандандырылған бағыттың атауы (бұдан әрі – бағдарлама): Органикалық ауыл шаруашылығы.

2. Бағдарлама мақсаты мен міндеттері:
2.1. Бағдарлама мақсаты: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің органикалық өндірісін технологиялық дамытуды ғылыми қамтамасыз ету.

2.1.1. Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалуы тиіс:
2.1.1.1. Органикалық өнім өндірудің және экспортқа бағдарланған нарықты қалыптастырудың ұйымдық-экономикалық жағдайларының негіздемесін әзірлеу
2.1.1.2. Қазақстанда экологиялық таза (органикалық) өнімді өндіру, өткізу, экспорттау және импорттау туралы статистикалық есептілікті қалыптастыру жөніндегі әдістемені әзірлеу.
2.1.1.3. Органикалық өнім бойынша отандық ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру мәселелерін әзірлеу
2.1.1.4. Қазақстан Республикасында нарықтық мүмкіндіктердің әлеуетін іске асыру үшін органикалық өндірісті дамыту үшін институционалдық ортаны жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу
2.1.1.5. Органикалық өндірістің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің салалық модельдерінің экономикалық негіздемесін әзірлеу;
2.1.1.6. Қазақстан Республикасының органикалық ауыл шаруашылығын дамытудың жол картасы және Qazaq ORGANIC FOOD шатырлы бренд форматын өзектендіру.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтарын шешеді:
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы.
«Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» 2030 жылға қарай суармалы жер көлемін 3 млн.гектарға дейін ұлғайту және ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің 4,5 есе өсуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы біз елімізде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін айтарлықтай әлеуетке иеміз.
Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Стратегия» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Жолдауы (экономиканы «көгалдандыру», қоршаған ортаны қорғау).
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
ҚР АӨК дамытудың 2017– 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен қағидаттары: органикалық өнім өндірісін дамытуды қамтамасыз ету.
2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Суармалы егіншілікті дамытудың 2028 жылға дейінгі жоспары.
«Органикалық өнім өндіру туралы» ҚР Заңы (2015 жылғы 27 қарашадағы №423-V ҚРЗ).

4. Күтілетін нәтижелер
4.1. Тікелей нәтижелер:
4.1.1.1. Әзірленуі тиіс: елде технологиялардың озық түрлерін, агроөнімдерді химиядан "тазарту" жөніндегі стандарттарды енгізуді мемлекеттік қолдау және органикалық өнімнің түрлері бойынша экспорты жөнінде ұсынымдар;
4.1.1.2. Қазақстанда экологиялық таза (органикалық) өнімді өндіру, өткізу, экспорттау және импорттау туралы статистикалық есептілікті қалыптастыру жөніндегі әдістемені енгізу жөніндегі ұсынымдар әзірленуі тиіс.
4.1.1.3. Органикалық өнім жөніндегі отандық ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру мәселелері зерделенуге тиіс.
4.1.1.4. Нарықтық мүмкіндіктер әлеуетін іске асыру үшін Қазақстан Республикасында органикалық өндірісті дамыту үшін институционалдық ортаны жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірленуі тиіс.
4.1.1.5. Органикалық өнім өндірудің және экспортқа бағдарланған нарықты қалыптастырудың ұйымдық-экономикалық жағдайларының негіздемесі және органикалық өндірістің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің салалық модельдерінің экономикалық негіздемесі берілуі тиіс.
Қазақстан мен әлемдегі органикалық өнімді өндіру мен іске асырудың жай-күйіне (үрдістер, проблемалар, перспективалар) талдау жасалынуы тиіс
БҒССҚК ұсынған журналдарда 4 мақала және 2 Scopus (Q3) пәнаралық журналдарында нөлдік емес импакт-фактормен жарыққа шығады
Жас мамандар, оның ішінде 1 PhD докторант, 2 магистрант және 5 бакалавр тартылуы тиіс.

4.2. Соңғы нәтиже:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет