Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет31/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   85
2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Қазақстанның әр түрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурстық-энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде ара шаруашылығында өсіру және көбейту технологияларын әзірлеу» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған № 16 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның әр түрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурстық-энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде ара шаруашылығында өсіру және көбейту технологияларын әзірлеу

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Практикалық әдістер және экономикалық тиімділікті есептеуді дамыта отырып, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердегі егістіктерде аралар ұяларының ашық және жабық топырақта тозаңдандыру технологиясын әзірлеу.
2.1.1.2. Цифрлық технологияларға негізделген инновациялық диагностикалық қағидаларды қолдана отырып, Қазақстанның әртүрлі омарташылық аймақтарындағы ара шаруашылығы өнімдерінің табиғилығы мен сапасын бақылау.
2.1.1.3. Әртүрлі климаттық аймақтардағы аралар ұясы тіршілік етуінен максималды экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін омарта өсіру (өсіру, тозаңдандыру және бал өндіру бағыты) бойынша ұсынымдар әзірлеу.
2.1.1.4. Өнеркәсіптік түрде аралар ұяларын өндіру үшін отандық селекцияның ерте ұялайтын аналық аралары мен еркек баларалары алудың тиімді әдістерін әзірлеу.
2.1.1.5. Ашық және жабық топырақтағы ара ұяларының тозаңдандыруы бойынша технологияны әзірлеу.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Практикалық әдістер және экономикалық тиімділікті есептеуді дамыта отырып, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердегі егістіктерде аралар ұяларының ашық және жабық топырақта тозаңдандыру технологияларын әзірлеу керек.
4.1.1.2. Цифрлық технологияларға негізделген инновациялық диагностикалық қағидаларды қолдана отырып, Қазақстанның әртүрлі омарташылық аймақтарындағы ара шаруашылығы өнімдерінің табиғилығы мен сапасын бақылау керек.
4.1.1.3. Әртүрлі климаттық аймақтардағы аралар ұясы тіршілік етуінен максималды экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін омарта өсіру (өсіру, тозаңдандыру және бал өндіру бағыты) бойынша ұсынымдар әзірлеу.
4.1.1.4. Өнеркәсіптік түрде аралар ұяларын өндіру үшін отандық селекцияның ерте ұялайтын аналық аралары мен еркек баларалары алудың тиімді әдістерін әзірлеу керек.
4.1.1.5. Ашық және жабық топырақтағы ара ұяларының тозаңдандыруы бойынша технологияға Еуразиялық патенттік мекемесінің 1 патентің алу керек.
Әзірлеу және жариялау керек:
- ашық және жабық топырақтағы ара ұяларының тозаңдануы бойынша технологиялар бойынша әдістемелік нұсқаулық;
- Қазақстанның әр түрлі омарташылық аймақтарының омарта шаруашылығы өнімдерінің табиғилығы мен сапасының мониторингі бойынша ақпараттық бюллетені;
- барынша экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін омарталарды рналастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық (өсіру, тозаңдандыру және бал өндіру бағыты);
- ара ұяларын өнеркәсіптік өндіру үшін ерте ұялайтын отандық бал ара селекциясының аналық аралар мен аталықтарын алудын тиімді әдістері бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Жас мамандарды тарту керек, оның ішінде кем дегенде 1 PhD докторант және 5 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар  шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда кем дегенде Q3 дәрежедегі 2 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарында кемінде 12 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік әсер.
Бағдарламаны іске асыру тұрғындарды ара шаруашылығы өнімдерімен (бал, прополис, тозаң, бал өнімі) қамтамасыз етуге ықпал етуі керек, бұл тамақтану мен адамның денсаулығында, оның ішінде диеталық тамақтануда және емдік мақсаттарда маңызды рөл атқарады (олар тиімділік пен төзімділікті арттырады) иммундық жүйені нығайтады).
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері ел тұрғындарының денсаулық деңгейін жақсартады, бұл сәйкесінше әлеуметтік әсер етеді.
Қоршаған ортаға әсер ету.
Жаңа технологияларды омарта шаруашылығына енгізу республикада экологиялық таза өнім өндірісін шешуге ықпал ететін омарта өнімдерін өндіру үшін экологиялық таза технологияларды қолдануға бағытталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет