Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет24/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85
2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурс - энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде етті ірі қара мал шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және көбейту технологияларын жасау» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған
9 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: «Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурс - энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде етті ірі қара мал шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және көбейту технологияларын жасау».

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Республиканың әртүрлі өңірлерінде орналасқан, сиыр етінің өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік беретін, нақты шаруашылықтардың (кемінде 10 шаруашылық) мысалы негізінде, етті малдарды жайылымда және қорада күтіп-бағудың, азықтандырудың ғылыми негізделген ұйымдастырушылық-технологиялық нормативтерін әзірленуі.
2.1.1.2. Өсімдік шикізатының (жүгері мен жоңышқаны қоспағанда) түр алуандығын ескере отырып, микробиологиялық ашытқыларды қолдана отырып, шырынды азықты дайындаудың тиімді технологиялары әзірленуі.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Республиканың әртүрлі өңірлерінде орналасқан, сиыр етінің өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік беретін, нақты шаруашылықтардың (кемінде 10 шаруашылық) мысалы негізінде, етті малдарды жайылымда және қорада күтіп-бағудың, азықтандырудың ғылыми негізделген ұйымдастырушылық-технологиялық нормативтері әзірленуі тиіс.
4.1.1.2. Өсімдік шикізатының (жүгері мен жоңышқаны қоспағанда) түр алуандығын ескере отырып, микробиологиялық ашытқыларды қолдана отырып, шырынды азықты дайындаудың тиімді технологиялары әзірленуі тиіс.
Әзірленуі және шығарылуы тиіс:
- жайылымда және қорада ұстау кезеңдерінде етті малды күтіп-бағу мен азықтандырудың ресурсүнемдеуші технологиялары бойынша ұсыным;
- шырынды азықтарды дайындау технологиясы бойынша ұсыным.
Жайылымда және қорада ұстау кезеңдерінде етті малды күтіп-бағу мен азықтандырудың ресурсүнемдеуші технологиялары және шырынды азықтарды дайындау технологиясы бойынша 3 патент алынуы тиіс.
Жас мамандардың тартылуы тиіс, оның ішінде кем дегенде 2 PhD докторант және 5 магистрант.
Нөлдік емес импакт-фактормен шетелдік ғылыми басылымдарда рецензияланатын және Q3 төмен емес кемінде 2 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 10 жарияланым жариялануы тиіс.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік әсер.
Бағдарламаны іске асыру етті ірі қара малдың (сиыр еті) өндірісін ұлғайтуға, жан басына шаққандағы сиыр етін тұтынудың артуына, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, әр түрлі формадағы ауылшаруашылық құрылымдарындағы мамандар мен персоналдың құзыреттілігінің артуына ықпал етеді. меншік құқығы.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері етті бағыттағы мал өнімдерін өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл әлеуметтік әсер етеді.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері етті бағыттағы мал өнімдерін өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл әлеуметтік әсер етеді.
Қоршаған ортаға әсер ету.
Жаңа технологияларды әзірлеу экологиялық таза өнім өндірісін ұлғайтуға бағытталатын болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет