Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет26/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85
2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурс - энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде жылқы шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және көбейту технологияларын жасау» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған
11 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурс - энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде жылқы шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және көбейту технологияларын жасау

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Ғылыми негізделген ұйымдық-технологиялық нормативтер негізінде биелердің өнімділігін 10-15% арттыруға мүмкіндік беретін жайылымдық ұстаудын, азықтандыруының, биелерді сауудың технологиясы жетілдірілген, биелерді сауу және қымызды дайындаудың механикаландырылған процестерімен қамтылған қымыз өндірісіне арналған сүт-тауарлы ферманың типтік жобасын (шағын және орта фермалар мен сауынды биелерінің малдары үшін) әзірлеу керек.
2.1.1.2. Жылқы етін өндірудегі саласындағы шаруащылықтардың (кем дегенде 10 ферма) мысалында Қазақстанның әр аймақтарында өнімділік жылқы шаруашылығының ғылыми негізделген ұйымдастырушылық және технологиялық нормативтерін әзірлеу керек.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Ғылыми негізделген ұйымдық-технологиялық нормативтер негізінде биелердің өнімділігін 10-15% арттыруға мүмкіндік беретін жайылымдық ұстаудын, азықтандыруының, биелерді сауудың технологиясы жетілдірілген, биелерді сауу және қымызды дайындаудың механикаландырылған процестерімен қамтылған қымыз өндірісіне арналған сүт-тауарлы ферманың типтік жобасын (шағын және орта фермалар мен сауынды биелері үшін) әзірлеу керек.
4.1.1.2. Жылқының етін өндірудегі нақты шаруашылықтардың (кем дегенде 10 ферма) мысалында Қазақстанның әр аймақтарында өнімділік жылқы шаруашылығының ғылыми негізделген ұйымдастырушылық және технологиялық нормативтерін әзірлеу керек.
Әзірлеу және жариялау керек:
- жылқы шаруашылығындағы сүт фермасының ғылыми негізделген ұйымдастырушылық-технологиялық нормативтері бойынша әдістемелік ұсыныс;
- жылқы етін өндіру кезіндегі ғылыми негізделген ұйымдастырушылық-технологиялық нормативтер бойынша әдістемелік ұсыныс;
- жылқы етін өндіру үшін Қазақстанның түрлі аймақтарындағы жайылымдарда жылқыларды өсіру бойынша әдістемелік ұсыныс.
Экологиялық жылқы өнімі (жылқы еті) бойынша 1 қорғау құжатын алу керек.
Ғылыми негізделген ұйымдастырушылық-технологиялық нормативтерімен сүт фермасының типтік жобасын әзірлеу керек.
Жас мамандарды тарту керек, оның ішінде кем дегенде 2 PhD докторант және 5 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар  шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда кем дегенде Q3 дәрежедегі 2 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарында кемінде 8 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік әсер.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жылқы шаруашылығындағы генетикалық әлеуетті арттыру арқылы маңызды экономикалық нәтиже беруге ықпал етуі керек.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері өнімді жылқы өсіру өндірісінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл әлеуметтік әсер етеді.
Қоршаған ортаға әсер ету.
Жылқы шаруашылығында ресурстарды үнемдейтін жаңа технологияларды пайдалану экологиялық таза технологияларын қолдануға бағытталады, бұл өз кезегінде жылқы шаруашылығының экологиялық таза өнімдерін (жылқы еті, бие сүті) өндіруді шешуге ықпал етеді).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет